Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?


Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Құрметті сайт қолданушылары Ұстаздар сайты конкурстардың басталатынын хабарлайды. Жақын арада барлық конкурстардың тізімі сайтта жарияланады. Конкурстар қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығарма деп аталады. Ұстаздар сайтының алғашқы конкурсы болғандықтан қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Конкурсқа қатысу тегін және қатысушыларға ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақыны банктік шотына аударылады.Конкурс туралы толық мәлімет сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз. 


Ең үздік шығарма конкурсы туралы

1) Конкурсқа қатысу тегін.

2) Конкурсқа барлық сайт қолданушылары қатыса алады. Жасына, қызметіне, тіліне, және тағы басқа талаптар қойылмайды.

3) Конкурсқа ұстаздар, студенттер, оқушылар, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары, кез-келген қолданушы қатыса алады.

4) Жүлде қоры 100 000теңге

Толық мәліметті жақын арада сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз.


Бүгінгі жаңалықта біз сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді. Қазақстанда ұстаздарға, жастарға арналған қандай конкурстар ұйымдастыруға болады?

Үздік ұсыныстарға ақшалай сыйақы тағайындалған.

Сіз өз ұсынысыңыз арқылы сайттың дамуына үлкен үлес қосқан болып есептелесіз. Ұсынысыңыз ұнаса сайт ұстазы құрамына тегін және бірден ауыстырыласыз.

Ұсыныстар қызықты, тәрбиелі, түсінікті болуы шарт. Ұсынысты мына беттен>> немесе кері байланыс арқылы жіберуге болады. Біз үшін сіздің пікіріңіз маңызды.

Өз ойыңды бізге жібер>>



Алдағы жоспарларда тұрақты түрде әр ай сайын

1) Ең үздік ашық сабақ

2) Ең үздік презентация

3) Ең үздік мақала және тағы бірнеше конкурстар өткізу көзделіп отыр.



Сондықтан біз белсенді, тәжірибесі бар қолданушыларды әділ қазы алқасының құрамына шақырамыз.

Әділ қазы алқасының құрамына әр облыстан 1-2 ұстаз қабылданады. Әділ қазы мүшелеріне сертификаттар мен сыйлықтар беріліп отырады. Олардың міндеті конкурсқа қатысқан қолданушылардың материалдарына өздерінің пікірін беріп, жеңімпазды анықтау.

Егер сіз жюри құрамына қосыламын десеңіз бізге өзіңіз туралы, жеткен жетістіктеріңіз бен ойыңызды кері байланыс арқылы жіберуге болады. Ескерту әр облыстан 2 ұстаздан артық жюри құрамына қабылданбайлы.

Жюри құрамына қосыл>>

Біз үшін сіздің ойыңыз маңызды. Барлығы ұстаздар үшін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Конкурстар туралы ұсыныстар
Сертификат алу ережесі
Кері байланыс
Біріккен сөзді тап
Біліктілігі туралы мәліметтер
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости / Сайт жаңалықтары | Көрсетілім: 29998 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 2 января 2015 16:39
Қымбатты сайт ұйымдастырушылары сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.Еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тилеймін.Ұсыныстарыңызды қызу қолдаймын.Рахмет сіздерге
avatar
• 4 января 2015 13:18
Құрметті сайт ұйымдастырушылар бұл конкурсты дұрыс ұйымдастырдыңыздар, сіздерді қолдаймын ары қарайда жалғастыра беріңіздер.
avatar
• 4 января 2015 13:53
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Сіздердің алдағы уақытта өтетін конкурстарыңыз маған ұнап отыр. Және қолдау табады деген ойдамын. Қатысушыларыңыз көп болсын және осындай конкурстарыңыз көп бола берсін, Мен де ат салысуға дайынмын.
avatar
• 4 января 2015 18:03
Сәлеметсіздерме, құрметті сайт ұйымдастырушылары. Сіздерді келген қой жылымен құттықтай отырып, шығармашылықтарыңызға толағай табыстар тілеймін! Сіздердің ұйымдастырып жатқан конкурстарыңыз маған да қатты ұнады. Ай сайын болып отырғаны да мұғалімдер үшін өте пайдалы әрі маңызды. Сонымен қатар бізде мектептерде оқу жылының аяғы мамыр айы болып табылатынын өздеріңіз де білесіздер. сол кезде жыл бойы сайтта жұмыс жасап, сабақтар, презентациялар және тағы да басқа материалдар қосып, атсалысқан ұстаздар рейтингісі құрылып, марапатталып отырса нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.
avatar
Сәлеметсіздер ме, құрметті сайт ұйымдастырушылар? Енді ғана еніп отырған жаңа Қой жылымен құттықтаймын! Сіздер ұйымдастырғалы отырған конкурсқа менің де қатысқым келеді. Мен тарих пәнінің мұғалімімін. Бірінші мамандығым журналист. Одан кейінгі мамандығым мұғалім. Сіздерден жауап күтемін.
avatar
• 5 января 2015 10:11
Құрметті сайт ұйымдастырушылары сіздерді жаңа жылда жаңа бастамаларыңызбен құттықтаймын! Шығармашылық зор табыстар тілеймін. Информатика пәнінен конкрустар ұйымдастырсаңыздар жаксы болар еді. Рахмет.
avatar
• 5 января 2015 10:27
Сіздің ұсынысыңыз бізге ұнады. Егер мұғалімдер қолдап жатса жақына арада ұйымдастырамыз.
avatar
• 5 января 2015 10:30
Сәлеметсізбе. Қызығушылық танытқаныңызға рахмет. Қазіргі таңда жюри мүшелерін жинап жатырмыз. Егер жюри мүшелері толық жиналса конкурстар басталады. Нақты қандай тақырыптар туралы болатынын да солар шешеді.
avatar
• 5 января 2015 10:31
Жақын арада ұйымдастырамыз. Қазіргі таңда жюри мүшелерін жинап жатырмыз.
avatar
• 5 января 2015 11:44
Гаухар  Қымбатты сайт ұйымдастырушылар маған конкрустарыңыз өте ұнады сәттілік
avatar
• 5 января 2015 17:12
Құрметті Отандастар! Сіздерді жаңа 2015 жыл мен құттықтаймын. Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа ниеттер, жаңа көңілкүйлер, жаңа табыстар, жаңа сәттіліктер тілеймін. Денсаулығыңдар мықты болып, жаңа иднялар шығаруыңызға тілектеспін.
avatar
• 5 января 2015 17:24
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Маған бұл конкурстың ұйымдастырылуы өте ұнады, осындай конкурстарды болуын және қатысуды көптен бері армандар едім. Алла тағала бұйырса мен де ат салысуға дайынмын. Сіздердің құнды пікірлеріңізге сәттілік тілеймін, сіздерге көп-көп рахмет.
avatar
• 5 января 2015 19:57
Ұңғыл - шұңғылы мол ой еңбегінің бейнетінзейнет санайтын абзал жандар!Сіздерді  Жаңа 2015 жылмен құттықтаймын.  Баршаңыздың отбасыларыңызға құт - береке, қызметтеріңізде өрлеу тілеймін.Барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін. Сайттарыңызда  материалдар қосып, атсалысқан ұстаздар рейтингісі құрылып, «Үздік ашық сабақ»,«Үздік тәрбие сағаты»,«Үздік видио
сабақтар», «Үздік презентациялар» т.б.бойынша үлес қосқан  ұстаздар марапатталып отырса деп ойлаймын.
avatar
• 7 января 2015 07:46
Қайырлы күн, Ұстаздар сайты! Бастаған игі істеріңіз жалғасын тауып, жыл сайын өркендей беріңіз!
avatar
• 7 января 2015 09:40
Армысыздар, қазақ жұрты! Ұстаздық жолында аянбай еңбек етіп жүрген барлық әріптестеріме шығармашылық шабыт, шәкірт алғысын тілеймін! Сайысқа қатысуға ниет білдіре отырып, сәттілік тілеймін.
avatar
• 7 января 2015 16:29
Сәлеметсіздерм  құрметті сайт ұйымдастырушылары, сіздерді жаңа қой жылымен құттықтаймын.Еңбектеріңізге табыс,отбастарыңызға береке ,бірлік тілеймін.Әрқашан халықтың алғысына бөленіп жүре беріңіздер.Ұсыныстарыңызды қолдаймын.меніңде осы конкурсқа қатысқым келеді.Рахмет сіздерге!
avatar
• 7 января 2015 19:13
Құрметті сайт ұйымдастырушылары сіздердің жариялап жатқан конкурстарыңызға өте қуаныштымын.Еңбектеріңізге шығармашылық табыс тілеймін.Өз мектебімнің әріптестеріммени бірге ұйымдастырып жатқан конкурстарыңызға ат салысуға әзірмін.Еңбектеріңіз жансын!
avatar
• 8 января 2015 04:39
Құрметті ұстаздар! Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, бастамаларыңызды мен де қолдаймын. Химия пәнінен де конкурс ұйымдастылыса жақсы болар еді.
avatar
• 8 января 2015 11:52
Құрметті сайт ұйымдастырушылары сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Сідердің сайттарыңыз маған қатты ұнайды.Шығармашылық табыс тілеймін!
avatar
• 8 января 2015 12:56
Құрметті сайт ұйымдастырушылар,құрметті әріптестер жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Ұйымдастырылған конкурс қолдау табуына тілектеспін.Бұған бәрінің мүмкіндіктері жете бермейді,себебі АКТ-ны жеткілікті деңгейде қолдана алмайтынымыз жасырын емес.Қолдануға көмектескендерді де марапаттап отырса екен дейміз
avatar
• 8 января 2015 13:21
Салеметсиздерме! Егерде ұсынылған жумыс өтпесе , қатысқан үшін сертификат беріледіме?
avatar
• 8 января 2015 15:38
Сәлеметсізбе. Сіздің ұсынысыңыз бізге ұнады. Егер жюри мұшелеріне ұнаса марапаттауға дайынбыз.
avatar
• 8 января 2015 15:40
Сәлеметсізбе. Ол жағын жюри мүшелері айтады. Қазіргі таңда жюри мүшелерін жинап жатармыз.
avatar
• 8 января 2015 15:52
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Жіберілген жұмыс екі күнде келмесе, өтпегені ме?
avatar
• 8 января 2015 16:00
Сәлеметсізбе. Егер жұмыс екі күн ішінде жарияланбаса онда бір қателік кеткені. Егер материал авторлыққа өтпесе сіздің почтаңызға хабарлама жіберіледі. Мүмкін жіберу кезінде бір қателіктер кеткен шығар. Бізге нақты қандай материалдарыңыз жарияланбағанын айтып бере аласыз ба?
avatar
• 9 января 2015 14:05
Жәберген материалымды қайдан көре аламын?
avatar
• 9 января 2015 18:21
Кымбатты сайт ужымы! Сиздерге шыгармашылык табыстар тилеймин. Алдагы уакытта денгейлик окуга байланысты ОМЖ, КМЖ куру жане Lesson Study туралы да онирлер озгерисинен хабардар болып турсак.
avatar
• 10 января 2015 15:11
Матрериалымның жарияланғаның қайдан көруіме болады?
avatar
• 11 января 2015 18:46
Cіздерге сәттілік тілеймін
avatar
• 12 января 2015 05:09
Николай Рерих: "Мұғалімдері кедей болса, еліне ұят. Болашақ ұрпақтың мұғалімінің қамын ойламау - ол елдің надандығының белгісі. Өзі күйінішті адамға бала тәрбиесін сеніп тапсыруға бола ма? Баланы ылғи төмендетіп, ренжітіп отыратын мектептен рухы жоғары адам шыға ма? Тағы да қайталаймын, мұғалімнің хал-жағдайына қарайлауды ұмытқан халық - келешегін ұмытқан халық".
Мұғалім қамын ойлағандарыңызға бек ризамын.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.