Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық


Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық

Өзгерістер, жаңалықтар, жаңарулар 2015 дайындық

Бүгін біз сіздерге сайттағы өзгерістер мен жаңалықтарды айта кетеміз. Соңғы кездері біздің ұжымның жұмысы қыза түсті. Себебі біз сайтқа жаңа дизайн жаңа мүмкіндіктер қосып жатырмыз. Олардың барлығын келесі жылға дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Айта кететін бір жағдай, кейбір ашық сабақтар, презентациялар, мақалалар кешігіп жарияланып жатыр. Оның барлығы уақытша қиындықтар. Егер сіздің материалыңыз жарияланбай жатса, еш уайымдаудың немесе қайта жариялаудың қажеті жоқ. Біздің редакторлардың уақыттары жетпей жатыр. Жаңа өзгерістер мен 10 000 мыңнан астам қолданушыға қызмет көрсету көп уақытты талап етеді. Бізге жіберілген барлық материалдардың 100%-ы жарияланады.

Ал, енді өзгерістер туралы қысқаша айтып өтейік. Ең алдымен жаңа дизайн.

Жаңа дизайн жаңа үй секілді. Ол сайттың басты құралы. Кез-келген қолданушы ең алғаш дизайнға қарайды. Сондықтан біз барлығын жаңартуға бел будық. Сайттың жаңа нұсқасын жақын арады көре аласыз.

Жеке кабинет.

Біз кез-келген қолданушыға жеке кабинет тегін береміз. Ол жерде сіз өзіңіз туралы мәліметті, жариялаған материалдарды, өзіңіздің пікірлеріңізді, ұстаздар форумында жариялаған жазбаларыңызды көре аласыз. Егер сіздің әлі жеке кабинетіңіз болмаса оны дереу ашыңыз. Ол үшін сайтқа тіркелу керек

Біз жеке кабинетті толық өзгертеміз. Оны қазіргі заманға лайықтап, сіздерге ыңғайлы етуге тырысамыз. Сондықтан жеке кабинетіңізге жиі кіріп тұрыңыз. Ол кез-келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. (әрине жақсы жағына)

Сайтқа тіркелу.

Қолданушылардың көбісі сайтқа тіркеле алмай бізге көптеген сұрақтар қоюда. Сондықтан біз тіркелу туралы толық үлгісін ұсынуға кірістік. Ол үлгіде жазбаша және видео нұсқасы болады.

Жеке портфолио

Жақын арада ұстаздарға арналған жеке портфолио ашылмақшы. Өйткені жеке портфолио кез-келген ұстазға керек. Ал, біз ұстаздарға керектінің барлығын қамтамасыз етеміз.

Және көптеген мүмкіндіктер мен өзгерістер сайтымызға енгізіледі. Олар хабарландырулар, видеолар, тестер, сұрақ-жауап, суреттер, сайттар жинағы және тағы басқа. Хорошие проститутки Пензы тут

Осы өзгерістер салдарынан кейбір материалдар кеш жарияланып, сертификаттар кеш берілуі мүмкін. Барлық сертификаттар енді 1-7 күн аралығында беріледі. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет.

 

Егер сіз жобаны дамыту мақсатында өз ұсынысыңыз немесе досыңыздың ұсынысы болса астында комментариға жазуға болады. Ұсыныс ұстаздарға ұнаған жағдайда 5 000-10 000тг көлемінде сыйақы беріледі. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Ізгі ниетпен ұстаздар сайтының бас редакторы Сембиев Н.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаздар сайтында материал қалай жариялауға болады?
Сертификат алу ережесі
Ашық сабақ жариялау
Жоба туралы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости | Көрсетілім: 13995 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 22 ноября 2014 03:02
Білім саласын дамытуға  қосып жатқан үлкен  іс шараларыңызға шын жүректен алғыс айтам!
Қазақша мұндай ілгері басқан сайттың ашылғанына қуаныштымын. Жұмыс  барысында, Рессейдің фестиваль открытых уроков сайтының материалдарын аударып, көп уақтымды алушы едім, алдағы уақытта бұл проблемамның шешімін сіздердің сайт арқылы шешермін деген үміттемін. форумнан кейбір әріптестерімнің пікірін оқып, ойланып қалдым кейбіреуі қалам ақы сұраса, біреулері материал жариалаудың қандай падасы бар деп жатыр. Әріптестер!!!!!!!!!!!!  Бәріміздің мақсатымыз біреу, ұрпағымызға жоғары деңгейде тәрбие білім берсек еліміздң, халқымыздың болашағының жарқын болғаны емес пе. Бұл тұста жұмыла көтерген жүк жеңіл демейме, ал оған осы сайттың пайдасы көп болары анық. Жекелеген тақырыптарда форумда педогогтар қоғамдастығы аясында сіздермен тәжірибе бөлісуге әр кез дайынмын.
avatar
• 22 ноября 2014 03:20
Ашық сабақтар тізіміне экономика пәнін қосаңыздар. Бұл пән көп мектептерде оқытылмайтын болғандықтан ұстаздарға жариаланған материалдардың көмегі болар еді
avatar
• 22 ноября 2014 11:25
Пікіріңізге рахмет. Жақын арада экономика пәнін қосамыз.
avatar
• 23 ноября 2014 09:33
Сайтқа онлайн сабақтар, тест сұрақтары еңгізілсе және әр жұмада ұстаздарға арналған сайыстар жүргізіліп отырса.
avatar
• 23 ноября 2014 11:02
Пікіріңізге рахмет. Онлайн тесттер келер жылдан бастап жарияланады
avatar
• 23 ноября 2014 19:10
Ұстаздар  сайытының   ұжымына  өз  ризашылығымды   білдіремін.  Сіздердің   өзгеріс- жаңалықтарыңыз,   ойларыңыз,  идеяларыңыз  мұғалімдер   үшін  пайдалы.   Ғаламтор  желісіндегі  тәжірибе  алмасудың    бір әдісі. Мұғалімдер  есіне ,сапасын түсіріп  алмайық.  Не  жазсақ та  әріптесімізге  көмегі  болатындай ,  оқып  үйренетіндей   ,әсері  болатындай  етіп  жазайық .  Ал   жоба ұжымы   жекелеген  тақырыптағы  мұғалімдер  пікірін  ай  сайын   қорытындылап  отырса  деген ұсыныс айтқым келеді.
avatar
• 24 ноября 2014 05:23
Ұсынысыңыз бізге ұнады. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет.
avatar
• 25 ноября 2014 12:35
Ғаламторда қазақша ұстаздар сайтының көбейіп жатқандығы бәрімізді қуантады. Сайт ұжымына мол табыстар тілей отырып, алғыс білдіремін! Сайтта курстық жұмыстар, ғылыми жұмыстар, реферат, баяндамаларға арналған арнайы бөлім болса және түрлі іс-шараларға арналған сценарийлер болса деген ұсыныс айтқым келеді.
avatar
• 25 ноября 2014 14:35
Сайтта жас мұғалімдерге арналған қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен диктанттар бөлімі және оқушыларды бағалау шкаласы болса деген ұсынысым бар.
avatar
• 25 ноября 2014 16:39
Диктантар бөлімі жақын арада қосылады. Біз материалдарды жинап жатырмыз. Оқушыларды бағалау шкаласы туралы сіздің ойыңызды білгіміз келеді. Қалай бағалау керек, ұстаздарға қандай көмегі бар?
avatar
• 26 ноября 2014 03:51
Сәлеметсіздерме? Ұстаздар сайтына менің де айтар алғысым көп. Сайттағы жарияланған материалдарды сапалы етіп жіберуге біз, ұстаздар қауымы өте көңіл бөлуіміз керек,себебі бұл қазақ тіліндегі санаулы сайттардың бірі болғандықтан, оның әрдайым үздік сайттың қатарында болуын барлығымыз ойлауымыз шарт. Өзімнің сайтқа айтар өтінішім көбірек  әр түрлі тақырыптағы конкурстарды,жеке әр пәнге арналған сайыстарды ұйымдастырып отырса екен, Бұл өз кезегінде біздің интелектуалды өсуімізге де пайдасын қосары анық.Сіздерге сәттілік тілеймін!
avatar
• 28 ноября 2014 16:47
Сәлеметсіздерме,сертификат алу үшін 1000тг салғанда комиссия 20тг-ден көп ұстаса қайтеміз сертификат ала алмай қалмаймыз ба????Білейін дегенім 1000тг салсам сертификат аламын ба????
avatar
• 28 ноября 2014 16:48
Ақшамызды салып жіберіп сертификат ала алмай қалып жүрмейік
avatar
• 28 ноября 2014 16:51
Менде жоғарыда айтқан пікірлерге қосыламын әсіресе әр пән мұғалімдері арасында сайыстар олимпиадалар өткізіліп тұрса!
avatar
• 28 ноября 2014 16:53
Математика пәні бойынша 6-11-сыныптарға арналған сабақ жоспарларын қайдан алуға болады???
avatar
• 28 ноября 2014 18:19
Сәлеметсізбе. 1000тг салсаңыз болғаны. 20тг комиссия ұстап қалады. Артық төлеудің қажеті жоқ. Яғни, сіз 1000тг салсаңыз 20тг, 40тг, 60тг ұстаса да бәрібір, сізге сертификат жіберіледі. Тек квитанцияны бізге жіберсеңіз болғаны.
avatar
• 28 ноября 2014 18:24
Біз заңды түрде жұмыс істейміз. Сізге еш қорқудың қажеті жоқ. Біз көптеген ұстаздармен бірігіп жұмыс жасаудамыз
avatar
• 28 ноября 2014 18:27
Барлық сайыстар келер жылдан бастап өткізіледі. Қазіргі таңда біз тексеріс жұмыстарын өткізудеміз.
avatar
• 28 ноября 2014 18:30
Қазіргі таңда біз барлық сабақ жоспарларын жинап жатырмыз. Жақын арада сабақ жоспарлары сайтқа жарияланады. Жаңа үлгіде
avatar
• 29 ноября 2014 18:24
Ұстаздар сайтының ұжымына үлкен табыстар тілеймін. Сіздермен тәжірибе бөлісуге әркез дайынмын. Жаңа форматтағы мұғалімдердің іс-тәжірибесі көбірек жарияланса дейміз.
avatar
• 29 ноября 2014 18:54
Пікіріңізге рахмет. Ең сапалы сабақтар жариялауға тырысамыз.
avatar
• 30 ноября 2014 08:13
Сіздердің сайтағы ашық сабақтарыңыз маған ұнады. Осындай сайт ашылғаныға мен қуаныштымын Өзім ұйғыр тілінде сабақ берсемде қазақ тілінде сабақ жіберіп отырмын Қазақ тілін үйрену үшін бар күшімді салып үйреніп келемін қазір мен Талдықорған қаласында 2 -деңгейде оқып жатырмын. Жұмыстырыңызға табыс тілеймін
avatar
• 30 ноября 2014 17:45
Жалынды сәлем жолдап отырмын қандастарыма Ресейден!! Шамамыз келгенше сіздерден алшақ тұрсақ та,балаларға қазақ тілін ұмытпауға,оны өркендетіп -өсіруге тырысып жатырмыз. Ашық сабақтарыңыз үшін алғысымызды айтамыз.
avatar
• 1 декабря 2014 08:40
Ұстаздар  сайты  маған  қатты  ұнайды. Сіздерге  табыс тілеймін! Менің  ұсынысым: бастауыш  сынып  оқушыларына  арналған   сайыстар  ұйымдастырылса....
avatar
• 3 декабря 2014 18:59
Саламатсыздар ма! сайтқа 5 жұмысымды салдым. Енді сертификат тегин беріле ма
avatar
• 3 декабря 2014 19:04
Сәлеметсізбе. 5 материал жарияласаңыз сіз сайт ұстазы құрамына өтесіз. Сертификат тек конкурс жеңімпаздарына тегін беріледі.
avatar
• 4 декабря 2014 11:44
Саламатсыздар ма! Істеринизге саттилик тилеймин! Сиздердің сайтқа 5 жұмысымды салып едим, енди мағаг сертификат тегин беріле ме|
avatar
• 4 декабря 2014 11:46
Сертификатты тегін алу үшін сайтқа 5 авторлық мақала жариялауыз шарт. деп жазғансыздар ғой
avatar
• 4 декабря 2014 12:05
Сәлеметсізбе. Ондай еш жерде жазылмаған. 5-материал салсаңыз сізді сайт ұстазы құрамына өтесіз. Сайт ұстаздары артықшылықтарға ие
avatar
• 5 декабря 2014 17:36
Сәлеметсізбе, мен өз сабағымды жіберген оны қай жердін қай уақытта көре аламын?
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.