Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық


Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық

Өзгерістер, жаңалықтар, жаңарулар 2015 дайындық

Бүгін біз сіздерге сайттағы өзгерістер мен жаңалықтарды айта кетеміз. Соңғы кездері біздің ұжымның жұмысы қыза түсті. Себебі біз сайтқа жаңа дизайн жаңа мүмкіндіктер қосып жатырмыз. Олардың барлығын келесі жылға дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Айта кететін бір жағдай, кейбір ашық сабақтар, презентациялар, мақалалар кешігіп жарияланып жатыр. Оның барлығы уақытша қиындықтар. Егер сіздің материалыңыз жарияланбай жатса, еш уайымдаудың немесе қайта жариялаудың қажеті жоқ. Біздің редакторлардың уақыттары жетпей жатыр. Жаңа өзгерістер мен 10 000 мыңнан астам қолданушыға қызмет көрсету көп уақытты талап етеді. Бізге жіберілген барлық материалдардың 100%-ы жарияланады.

Ал, енді өзгерістер туралы қысқаша айтып өтейік. Ең алдымен жаңа дизайн.

Жаңа дизайн жаңа үй секілді. Ол сайттың басты құралы. Кез-келген қолданушы ең алғаш дизайнға қарайды. Сондықтан біз барлығын жаңартуға бел будық. Сайттың жаңа нұсқасын жақын арады көре аласыз.

Жеке кабинет.

Біз кез-келген қолданушыға жеке кабинет тегін береміз. Ол жерде сіз өзіңіз туралы мәліметті, жариялаған материалдарды, өзіңіздің пікірлеріңізді, ұстаздар форумында жариялаған жазбаларыңызды көре аласыз. Егер сіздің әлі жеке кабинетіңіз болмаса оны дереу ашыңыз. Ол үшін сайтқа тіркелу керек

Біз жеке кабинетті толық өзгертеміз. Оны қазіргі заманға лайықтап, сіздерге ыңғайлы етуге тырысамыз. Сондықтан жеке кабинетіңізге жиі кіріп тұрыңыз. Ол кез-келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. (әрине жақсы жағына)

Сайтқа тіркелу.

Қолданушылардың көбісі сайтқа тіркеле алмай бізге көптеген сұрақтар қоюда. Сондықтан біз тіркелу туралы толық үлгісін ұсынуға кірістік. Ол үлгіде жазбаша және видео нұсқасы болады.

Жеке портфолио

Жақын арада ұстаздарға арналған жеке портфолио ашылмақшы. Өйткені жеке портфолио кез-келген ұстазға керек. Ал, біз ұстаздарға керектінің барлығын қамтамасыз етеміз.

Және көптеген мүмкіндіктер мен өзгерістер сайтымызға енгізіледі. Олар хабарландырулар, видеолар, тестер, сұрақ-жауап, суреттер, сайттар жинағы және тағы басқа. Хорошие проститутки Пензы тут

Осы өзгерістер салдарынан кейбір материалдар кеш жарияланып, сертификаттар кеш берілуі мүмкін. Барлық сертификаттар енді 1-7 күн аралығында беріледі. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет.

 

Егер сіз жобаны дамыту мақсатында өз ұсынысыңыз немесе досыңыздың ұсынысы болса астында комментариға жазуға болады. Ұсыныс ұстаздарға ұнаған жағдайда 5 000-10 000тг көлемінде сыйақы беріледі. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Ізгі ниетпен ұстаздар сайтының бас редакторы Сембиев Н.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаздар сайтында материал қалай жариялауға болады?
Сертификат алу ережесі
Ашық сабақ жариялау
Жоба туралы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости | Көрсетілім: 14080 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 5 декабря 2014 19:51
Саламатсыздар ма" сЕРТИФИКАТ АЛУ ЕРЕЖЕСИНДЕ ЖАЗЫЛҒАН.

Сертификатқа тапсырыс беру
Қазақстандық ұстаздар сайтында сертификат алу ережелері:

Сертификат кез-келген әдістемелік ақпарат үшін беріледі. Олар ашық сабақтар, презентациялар, сценарилер, тренинг сабақтар және тағы басқа.
Жарияланған материалдар бұрын еш жерде жарияланбауы қажет немесе 80% бірегей (уникальный) болуы шарт. (тексеру үшін text.ru сайты бойынша)
Сертификат екі түрде, яғни электронды түрде және қағаз түрінде (қазпочта арқылы) беріледі. Бұл тапсырыс берушінің өз еркінде.
Сертификатты тегін және ақылы түрде ала-аласыз.
Тақырыптың мазмұны ашылмаған, толық емес, дұрыс жарияланбаған және ҚР заңнамасына сай келмейтін материалдарға сертификат берілмейді және ескертусіз жойылады.

Сертификат алу қанша тұрады?

Ұстаздар сайтында сертификатты электронды түрде алу бағасы - 1000 теңге (сіздің почтаңызға сертификат жіберіледі. Сізге бар болғаны қатты қағазға басып шығару ғана қалады)
Қағаз түріндегі сертификат 2500 теңге. Біз сертификатты қатты қағазға шығарып мөр басып бас редактордың қолын қойып, ламинаттап қазпочта арқылы сізге жібереміз.​

Сертификатты тегін алу үшін сайтқа 5 авторлық мақала жариялауыз шарт.
АЛДЕ мЕН ДҰРЫС ТҮСІНБЕЙ ЖҮРМІН БЕ"
avatar
• 6 декабря 2014 11:39
Сабағыңыз жарияланған соң өз кабинетіңізде көре аласыз. Және редакторлар сіздің почтаңызға хабар береді.
avatar
• 6 декабря 2014 11:43
Сәлеметсізбе. Сізден кешірім сұраймыз. Бұл сайттың ашылған кезіндегі жазбалар болатын. Бұл уақытша өткізілген іс-шара. Қазіргі таңда жоба жетекшісі бұл ережелерді өзгертті. Сертификатты тегін алу үшін конкурсқа қатысу керек. Сізден бұл қателіктер үшін кешірім сұраймыз.
avatar
• 19 декабря 2014 16:04
Сайт ұжымына толағай табыстар тілей отырып шығармашыл ұстаздарыңыз көп болсын демекпін!  Ал әріптестеріме айтарым,  жіберген сабақтарымыз тек жаңа форматтағы сабақтар болса,  бір -бірімізбен тәжірибе алмасуымызға және оқушыларымызға  сапалы білім беруге көп септігін  тигізері сөзсіз. Сондықтан,  сайттың  жұмысын жандандыруға атсалысыйық!
avatar
• 19 декабря 2014 18:57
Рахмет Сертификатыңызды алдым Үлкен рахмет Оқырмандарыңыз көбейе берсін
avatar
• 19 декабря 2014 19:01
Егер, сайыстар өткізетін болсаңыз қатысар едік.
avatar
• 25 декабря 2014 15:03
Сайттан жұмыстарды жүктеп алу тегін бе?
avatar
• 26 декабря 2014 12:04
Сәлеметсіздер ме ! Сертификат алуға енді ақша аударуға бола ма?
Бес сабақ үшін қанша аударамын. Соған жауап берсеңіздер екен.
avatar
• 26 декабря 2014 13:56
Сәлеметсізбе. Барлық сабақтарды word қа көшіріп алуға болады.
avatar
• 26 декабря 2014 14:05
Сәлеметсізбе. Әр сертификатқа бөлек ақша аудару қажет. Өйткені барлық жұмыстар авторлық болып есептеледі. Жеңілдіктер 20 сертификаттан артық тапсырыс берушілерге қарастырылған. Толығырақ кері байланыс арқылы білсеңіз болады.
avatar
• 26 декабря 2014 16:42
Сайтқа қалай тіркелуге болады? Қалай жазсамда регистрация жасалынбайдыго.
avatar
• 27 декабря 2014 09:37
Сәлеметсізбе. Кері байланыс арқылы бізге өзіңіз туралы толық мәліметті жіберсеңіз сайт редакторлары сізді сайтқа тіркеп толық мәлімет жібереді.
avatar
• 6 января 2015 06:29
Салеметсіздерме! Маған сіздердің сайттарыңыз ұнады. Жоба ұжымына алғысымды білдіремін. Менің ұсынысым: пәндерден мұғалімдер арасында олимпиадалар мен көптеген конкурстар болып тұрса, қуана-қуана қатысар едік. Бұл көптеген аттестациядан өтетін мұғалімдерге көптен-көп көмек болар еді. Бізде осындай конкурстарға қатысамын дейтін ұстаздар көп, бірақ бізде интернет желісі жоқ болса да, мүмкіндігінше әріптестеріме көмектесіп отырамын. Сіздердің сайттарыңызда жарияланған материалдар ұстаздарымызға көп көмек болды. Сіздерге ризашылығымызды айтып, үлкен табыстар тілейміз.
avatar
• 6 января 2015 09:23
Құрметті ұстаздар сайтының ұжымы сіздерге үлкен рахмет! Бұл кез келген мұғалімге ең қажет сайт деп айтар едім, себебі бұрын қажет материяалды орыс тілді сайттардан алып оны аударып әуре болатынбыз, презентациялар мен сабақ жоспарлары, қмж ,омж жоспарлар көбірек болса деген тілек әр мұғалімде бар дер едім.Себебі барлық мұғалімдер ізденеді және олар оны өз идеяларымен толықтыра түседі .Сайт бетіне қызықты сабақ үзінділерінің фото, видео конкустары жарияяяланса деймін
avatar
• 6 января 2015 10:37
жақсы
avatar
• 6 января 2015 10:43
Сәлеметсіздер ме, маған ұстаздар сайты ұнайды, дегенмен қазақ тілі мұғалімдеріне олимпиада немесе сайыстар ұсынылса деймін.
avatar
• 6 января 2015 12:07
Сәлеметсізбе. Жақын арада барлық пәндерден сайыстар ұйымдастырылады. Қазіргі таңда жюри мүшелерін жинап жатырмыз.
avatar
• 8 января 2015 19:45
стаздар сайтының ашылғанына өте қуаныштымын! Істеріңізге сәттілік тілеймін! Көптеген материалдарды Ресейдің сайттарынан алып, аударма жасаушы едім. Бұл бір игі іс болды. Сайт ұжымы болашақта оқушылар мен ұстаздарға арнап пәндік олимпиадалар ұйымдастырса, нұр үстіне нұр болар еді.
avatar
• 9 января 2015 12:38
сәлеметсіздер ме? Сайттарыңызға енген өзгерістерге қуаныштымын. материал жариялағым келіп еді. Қалай жүзеге асыруға болады?
avatar
• 10 января 2015 17:55
Құрметті ұстаз сайтының ұжымы жаңа жылдарыңызбен! Сайттарыңыз ұнады ,ұстаздар үшін жасап жатқан жақсылықтарыңызға рахмет
avatar
• 14 января 2015 09:27
Жа4а форматты сабақтарды тек деңгейлік курстарға барған ұстаздар беріп жүр емес пе,курстан өтпеген мұғалімге қиындау болар
avatar
• 14 января 2015 09:30
Музыка пәнінің ұстаздарына онлайн конкурстар болса өте жақсы болар еді,эстетикалық бағытта!
avatar
• 14 января 2015 15:21
Қазіргі  таңда заман талабына сай жаңа форматтағы сабақтар өткізу әрбір ұстаздың абыройлы міндеті деп ойлаймын. Курсқа бармаған ұстаздар мектептердегі тәлімгерлермен бірлесе жұмыс істеуі шарт. Біздің мектебімізде жақсы жолға қойылған.
avatar
• 15 января 2015 10:26
Әр пәннен оқушыларға арналған олимпиадалар болса, жақсы болар еді.
avatar
• 15 января 2015 11:40
Бастауыш сынып оқушыларына арналған, әр пәннен  қашықтықтан тапсыратын қазақ тілінде олимпиадалар болса жақсы болатын еді.
avatar
• 16 января 2015 15:56
Куаныш.
Cәлеметсіздерме! бүгін мен де сіздердің сайттарыңызға қосылғаныма қуаныштымын. Сіздерге жаңа жылда жақсылық тілеймін,жұмыстарыңыз жемісті болсын.
avatar
• 5 февраля 2015 08:23
Сәлеметсіздер ме?  Бұл сайтқа мен де жаңа қосылып жатырмын. Ұнап жатыр. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! Көп рахмет!
avatar
• 7 февраля 2015 08:43
wink
avatar
• 7 февраля 2015 08:45
Мен де енді тіркеліп отырмын. Сіздерге үлкен алғыс айтамын.
avatar
• 7 февраля 2015 08:46
Ұстаздар сайтының ұжымына ажарлы ғұмыр, сұңқар құсқа тән тұғыр тілеймін.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.