Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық


Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық

Өзгерістер, жаңалықтар, жаңарулар 2015 дайындық

Бүгін біз сіздерге сайттағы өзгерістер мен жаңалықтарды айта кетеміз. Соңғы кездері біздің ұжымның жұмысы қыза түсті. Себебі біз сайтқа жаңа дизайн жаңа мүмкіндіктер қосып жатырмыз. Олардың барлығын келесі жылға дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Айта кететін бір жағдай, кейбір ашық сабақтар, презентациялар, мақалалар кешігіп жарияланып жатыр. Оның барлығы уақытша қиындықтар. Егер сіздің материалыңыз жарияланбай жатса, еш уайымдаудың немесе қайта жариялаудың қажеті жоқ. Біздің редакторлардың уақыттары жетпей жатыр. Жаңа өзгерістер мен 10 000 мыңнан астам қолданушыға қызмет көрсету көп уақытты талап етеді. Бізге жіберілген барлық материалдардың 100%-ы жарияланады.

Ал, енді өзгерістер туралы қысқаша айтып өтейік. Ең алдымен жаңа дизайн.

Жаңа дизайн жаңа үй секілді. Ол сайттың басты құралы. Кез-келген қолданушы ең алғаш дизайнға қарайды. Сондықтан біз барлығын жаңартуға бел будық. Сайттың жаңа нұсқасын жақын арады көре аласыз.

Жеке кабинет.

Біз кез-келген қолданушыға жеке кабинет тегін береміз. Ол жерде сіз өзіңіз туралы мәліметті, жариялаған материалдарды, өзіңіздің пікірлеріңізді, ұстаздар форумында жариялаған жазбаларыңызды көре аласыз. Егер сіздің әлі жеке кабинетіңіз болмаса оны дереу ашыңыз. Ол үшін сайтқа тіркелу керек

Біз жеке кабинетті толық өзгертеміз. Оны қазіргі заманға лайықтап, сіздерге ыңғайлы етуге тырысамыз. Сондықтан жеке кабинетіңізге жиі кіріп тұрыңыз. Ол кез-келген уақытта өзгеріп кетуі мүмкін. (әрине жақсы жағына)

Сайтқа тіркелу.

Қолданушылардың көбісі сайтқа тіркеле алмай бізге көптеген сұрақтар қоюда. Сондықтан біз тіркелу туралы толық үлгісін ұсынуға кірістік. Ол үлгіде жазбаша және видео нұсқасы болады.

Жеке портфолио

Жақын арада ұстаздарға арналған жеке портфолио ашылмақшы. Өйткені жеке портфолио кез-келген ұстазға керек. Ал, біз ұстаздарға керектінің барлығын қамтамасыз етеміз.

Және көптеген мүмкіндіктер мен өзгерістер сайтымызға енгізіледі. Олар хабарландырулар, видеолар, тестер, сұрақ-жауап, суреттер, сайттар жинағы және тағы басқа. Хорошие проститутки Пензы тут

Осы өзгерістер салдарынан кейбір материалдар кеш жарияланып, сертификаттар кеш берілуі мүмкін. Барлық сертификаттар енді 1-7 күн аралығында беріледі. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет.

 

Егер сіз жобаны дамыту мақсатында өз ұсынысыңыз немесе досыңыздың ұсынысы болса астында комментариға жазуға болады. Ұсыныс ұстаздарға ұнаған жағдайда 5 000-10 000тг көлемінде сыйақы беріледі. Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды.

Ізгі ниетпен ұстаздар сайтының бас редакторы Сембиев Н.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаздар сайтында материал қалай жариялауға болады?
Сертификат алу ережесі
Ашық сабақ жариялау
Жоба туралы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПХАНА ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости | Көрсетілім: 14761 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 2 марта 2015 05:46
Ұжымдарыңызға  мол табыс тілеймін! Ұстаздардың ризашылығына бөленіп жатырсыздар,ұзағынан болсын!Менің де ұсынысым қазіргі үш деңгейлік оқып келген ұстаздардың іс-тәжірибелері  жарияланса екен.Және  бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларына   арналған түрлі конкурстар мен пәндік олимпиадалар өткізілсе екен.Қазіргі кезде оқушыларым Ресейлік интернет олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындарға ие болып жүр.Қазақстанда өз қазақ тіліміздегі олимпиадалар көп  болса нұр үстіне нұр болар еді.
avatar
• 27 марта 2015 15:11
Саламатсыздар ма, ұстаздар! Бастауыш сынып оқушыларына арналған онлайн түрінде логикалық математикалық олимпиадалар өткізілсе жақсы болар еді. Мысалы, Облыстық "Самұрық"  деген математикалық  олимпиадалар өткізіліп тұрады, бірақ бәрі кітапша түрінде мектептерге таратылып беріледі. Сол олимпиадалардың нәтижесін оқушылар да, ұстаздар да нақты біле алмаймыз. Тек қандай орындар берілгенін ғана білеміз. Егер олимпиадалар онлайн түрінде өткізілсе, оқушылар өз жауаптарының қай жерде қателескендарін, қанша ұпай жинағандарын біліп отыратын еді. Сонымен қатар ұстаздарға арналған олимпиадалар да жиі-жиі өткізіліп тұрса.. Әсіресе авторлық бағдарламалар мен авторлық электронды көрнекіліктер және орта мерзімді жылдық жоспарлар аса қажет.
avatar
• 30 марта 2015 04:30
Сәлеметсәздер ме, сайт ұйымдастырушылары? Мен сіздердің сайтты көріп бірден тіркеліп сабағымды да салып үлгердім. Лезде өз сабағымды көріп қуанып қалдым, еш қиындық туған жоқ. Мен ұсыныс жасайын деп отырмын. егер біз пәндер бойынша сабақтарды стандартқа сай, оқу жылына сәйкес жинақтасақ нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын және 3 айлық курс бойынша материалдарды бөлек жинақтаған дұрыс деп ойлаймын, себебі деңгейлік курс өткен ұстаздар әлі де болса қиналып жүр, себебі әркім әр түрлі нұсқамен сабақ жоспарын жазады. Әр тексеріс кезінде ір түрлі кемшіліктер жол алады. Бірлесіп кемшіліктерді жойып, жұмыстарын дамыта алар еді деп ойлаймын.
avatar
• 30 марта 2015 04:34
құрметті әрәптестер қандай пәннен болмасын тест жинақтарын немесе тест сұрақтарының үлгісін жібергенде жауаптарымен бірге болса дұрыс болар еді, себебі тестер құру уақытты алады, егер дайын тесттер болса оны керегін алып редакторлап сабқта қолдануға болар еді деп ойлаймын, рахмет
avatar
• 31 марта 2015 19:32
Cәлеметсіздер ме?! Сіздерге айтайын деген ұсынысым: Жаратылыстану бағытындағы (математика, физика, химия...) пәндер бойынша ұстаздар мен оқушыларға арналған түрлі шаралар өткізсеңіздер жақсы болар еді. Себебі, бұл бағыттағы пәндер күрделі болғандықтан, барлық оқушыларға дерлік алына беретін қамал емес. Мысалы, оқушылар арасында ғалымдар туралы баяндамалар жарысын, өздерінің өлең-шумақтарына арналған сайыстар т.с.с. Бәлкім  оқушылардың да пәнге деген қызығушылықтарын арттыр ма едіңіздер?!
avatar
• 1 апреля 2015 09:20
Сәлеметсіздер ме?  Бұл сайтқа мен де жаңа қосылып жатырмын. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін! 
Сертификат алу үшін қанша сабақ жіберу керек және сайт ұстазы құрамына өту үшін не істеу керек.Көп рахмет!
avatar
• 1 апреля 2015 11:59
Сәлеметсізбе. Сертификат алу үшін 1 материал жариялау жеткілікті. Сайт ұстазы құрамына өту үшін толығырақ Сайт ұстазы
avatar
• 1 апреля 2015 12:01
Сәлеметсізбе. Сіздің ұсынысыңыз ұнады.  Жарыстарды ұйымдастыруға тырысамыз
avatar
• 4 апреля 2015 05:48
Сәлеметсіздер ме? Сіздердің сайттарыңызға мен де тіркеліп жатырмын. маған ұнады. Бұл сайтқа нағыз үздік ұстаздар кіреді деген сенімдімін.Барлық ұстаздарға сәттілік тілеймін.
avatar
• 4 апреля 2015 05:51
Сайт материалдарын өзге ұстаздар пайдалана ала ма?
avatar
• 4 апреля 2015 05:52
Ұстаздарға арналған конкурстар ұйымдастырылса
avatar
• 8 апреля 2015 18:25
Әрине  пайдалана  алады, сайт  барлық  қолданушыларға  ортақ  көмекші  құрал.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.