Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?


Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Құрметті сайт қолданушылары Ұстаздар сайты конкурстардың басталатынын хабарлайды. Жақын арада барлық конкурстардың тізімі сайтта жарияланады. Конкурстар қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығарма деп аталады. Ұстаздар сайтының алғашқы конкурсы болғандықтан қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Конкурсқа қатысу тегін және қатысушыларға ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақыны банктік шотына аударылады.Конкурс туралы толық мәлімет сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз. 


Ең үздік шығарма конкурсы туралы

1) Конкурсқа қатысу тегін.

2) Конкурсқа барлық сайт қолданушылары қатыса алады. Жасына, қызметіне, тіліне, және тағы басқа талаптар қойылмайды.

3) Конкурсқа ұстаздар, студенттер, оқушылар, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары, кез-келген қолданушы қатыса алады.

4) Жүлде қоры 100 000теңге

Толық мәліметті жақын арада сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз.


Бүгінгі жаңалықта біз сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді. Қазақстанда ұстаздарға, жастарға арналған қандай конкурстар ұйымдастыруға болады?

Үздік ұсыныстарға ақшалай сыйақы тағайындалған.

Сіз өз ұсынысыңыз арқылы сайттың дамуына үлкен үлес қосқан болып есептелесіз. Ұсынысыңыз ұнаса сайт ұстазы құрамына тегін және бірден ауыстырыласыз.

Ұсыныстар қызықты, тәрбиелі, түсінікті болуы шарт. Ұсынысты мына беттен>> немесе кері байланыс арқылы жіберуге болады. Біз үшін сіздің пікіріңіз маңызды.

Өз ойыңды бізге жібер>>



Алдағы жоспарларда тұрақты түрде әр ай сайын

1) Ең үздік ашық сабақ

2) Ең үздік презентация

3) Ең үздік мақала және тағы бірнеше конкурстар өткізу көзделіп отыр.



Сондықтан біз белсенді, тәжірибесі бар қолданушыларды әділ қазы алқасының құрамына шақырамыз.

Әділ қазы алқасының құрамына әр облыстан 1-2 ұстаз қабылданады. Әділ қазы мүшелеріне сертификаттар мен сыйлықтар беріліп отырады. Олардың міндеті конкурсқа қатысқан қолданушылардың материалдарына өздерінің пікірін беріп, жеңімпазды анықтау.

Егер сіз жюри құрамына қосыламын десеңіз бізге өзіңіз туралы, жеткен жетістіктеріңіз бен ойыңызды кері байланыс арқылы жіберуге болады. Ескерту әр облыстан 2 ұстаздан артық жюри құрамына қабылданбайлы.

Жюри құрамына қосыл>>

Біз үшін сіздің ойыңыз маңызды. Барлығы ұстаздар үшін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Конкурстар туралы ұсыныстар
Сертификат алу ережесі
Кері байланыс
Біріккен сөзді тап
Біліктілігі туралы мәліметтер
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости / Сайт жаңалықтары | Көрсетілім: 30212 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 12 января 2015 14:10
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Жаңа жыл табыстарға толы болсын,жіберген сабақтарым жарияланды, сертификат келді.Сіздердің жауапкершілікпен атқарып жатқан игілікті істеріңіз үшін рахмет айтамын.
Назгүл Тұрғанбайқызы
avatar
• 12 января 2015 16:56
Құрметті ұстаздар! Баршаңызға шығармашылық табыс тілеймін, бастамаларыңызды мен де қолдаймын. Мен ауылды жерде жұмыс істеуші едім, Бізде оқушылардың аздығына байланысты сыныптар біріктірілген, мысалы: 2-3-4, 5-6, 7-8 сыныптар.
Сіздерден сұрайын дегенім біріктірілген сыныптардын сабақ жоспарлары конкурсқа қатыса аладыма?
avatar
• 12 января 2015 17:35
Құрметті сайт ұйымдастырушылары сіздерге көп рахмет осындай конкурстар көп болып тұрса деймін рахмет!
avatar
• 13 января 2015 10:49
Сәметсіздер ме. Мен бұндай конкурс өткізілетініне қуаныштымын. Сіздерге тек табыс  тілеймін! Конкурс қай уақытта басталады?
avatar
• 13 января 2015 10:54
Қымбатты сайт ұйымдастырушылары бұл бастамаларыңыз керемет екен тек тоқтамай жалғастыра беріңіздер!
avatar
• 14 января 2015 07:42
Құрметті сайт ұйымдастырушылары келген жаңа жылда сіздерге тек шығармашылық табыс әкелсін. Жұмыстарыңыз жандана берсін
avatar
• 14 января 2015 07:44
Құрметті сайт ұйымдастырушылары  төмендегі 
1) Ең үздік ашық сабақ
2) Ең үздік презентация
3) Ең үздік мақала конкурстарды өткізуді қай уақытқа жоспарлап отырсыздар.
avatar
• 15 января 2015 14:02
Құрметті сайт ұйымдастырушылар! Өтетін конкурстарыңыз ұнап отыр және мен осы конкурстарға қатысамын. Алдағы уақытта үздік оқушылар портфолиосы атты конкурс ұйымдастырсаңыздар тіптен жақсы болар дегім келеді. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
avatar
• 15 января 2015 16:36
Саламатсыздарма ? Мен мұғалім болмасам да қатысып сертификат алуыма бола ма? Мерекелік шаралардың сценарийлерін жарияласам бола ма?
avatar
• 15 января 2015 18:16
сәлеметсіздер, бұл конкурстарыңыз оте жақсы екен
avatar
• 15 января 2015 20:13
Құрметті сайтты ұйымдастырушылар сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.Ізденген жетер мұратқа,жетістікке жетулеріңізге тілектеспін.
avatar
• 16 января 2015 06:52
жақсы сайт!
avatar
• 16 января 2015 08:23
Құрметті сайт ұйымдастырушылары, ұсыныстарыңызды,ұймдастырып жатқан конкурстарыңызды қолдай отырып менде мынадай конкурстар ұйымдастыруға ұсыныс білдірігім келеді. Жеке бағдарламалар бойынша "Үздік факультатив жоспарлар", "Үздік бейіналды дайындық курс жоспарлары". Еңбектеріңізге сәттілік!!!
avatar
• 16 января 2015 14:55
Құрметті сайт ұйымдастырушылары!Сіздерді  Жаңа Жылмен құттықтаймын, шығармашылық табыс тілеймін.Қазақстанда ұстаздарға арналған,әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әр пән бойынша тоқсан сайын өткізілетін тесттік жинақ жасап,сол тест жинақтары бойынша жарыс ұйымдастырылса деп ойлаймын.Тест жұмыстары әр тарау бойынша құрастырылса,бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмысын аздап болса да жеңілдетуге көмегі тиетін  шығар. Себебі, 2 нұсқамен дүниетану, әдебиеттік оқу,математика пәндерінен тест құрастырып отыру көп уақытты қажет етеді.
avatar
• 16 января 2015 15:00
Құрметті сайтты  ұйымдастырушылар! сіздерге творчествалық табыс тілеймін, істеріңіз оңға бассын!
сіздерден қалай сертификат алуға болады? және бұл конкурсқа қалай қатысуға болады?
avatar
• 16 января 2015 17:11
Құрметті сайт әкімшісі. Сайттың жұмысы алға басуына мен де тілектеспін.  Жарияланған материалымда орфографиялық қателер кетіп қалыпты, сол қателерді қалай жөндеуге болады. Сайтқа жарияланған материалдың қатесін "өңдеу" мүмкіндігін  қоссаңыздар дұрыс болар еді.
avatar
• 16 января 2015 18:41
Құрметті ұйымдастырушылар сіздерді шын жүректен құттықтаймын!!!Сіздердің ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
avatar
• 18 января 2015 07:58
Қымбатты ұйымдастырушылар, сіздерге ақ жол тілеймін және қолдаймын. Маған конкурстың тақырыбын жіберіңіздерші. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығармаға ат салысайын деп едім. Үн қосатын жанкүйерлеріңіз көп болсын!
avatar
• 18 января 2015 12:55
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Ұлтымыз ұлы тұлға санаған ұстаздар қауымына арнап осындай игі бастама жасап жатқандарыңыз үшін үлкен рахмет айтамын және қолдайтынымды білдіргім келеді.Ерен еңбек етіп жүрген мұғалімдер үшін бұл сайт кәсіби байланыс жасауға,өзара тәжірибе алмасуға,жас мамандардың кәсіби және рухани өсуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз! Тағы да рахмет!
avatar
• 19 января 2015 04:07
Сәлеметсіздер ме құрметті сайт ұйымдастырушылары! Сіздерге рахмет осыдай конкурс ұйымдастырып отырғандарыңызға,маған қатты ұнап отыр. Осы конкурсқа көптеген мұғалім қатысын және қолдау тапсын, конкурстар көбее берсін.Мен де ат салысуға дайынмын.
avatar
• 19 января 2015 19:03
Cәлематсыздар ма? Ең үздік шығарма конкурсының  мерзімі қашан аяқталады? Конкурс материалдарын жіберген кезде қай бөлімге деп жазып жібереміз?
avatar
• 20 января 2015 10:58
Сіздердің сайттарыңыз маған қатты ұнайды. Менің айтар ұсынысым әр пән бойынша жекелеп конкурс бола ма?
avatar
• 20 января 2015 15:44
Жақын арада толық мәліметті сайтта жариялаймыз.
avatar
• 22 января 2015 10:29
Құрметті, сайт әдіскерлері! Сіздерге ұсынысым, "Ең үздік ұстаз портфолиосы" байқауын ұйымдастырсаңыздар.
avatar
• 22 января 2015 17:03
Laura.Sadykan@mail.ru
Cайттарыңызға  көп-көп рахмет. Ауыл  ұстаздарының  көтерілуіне көптеген  көмек  жасап  жатырсыздар. Қандайда  конкурстарға қатысуға  тырысамыз. Себебі сіздерде  конкурс  әділ өтеді. Барлық  Қазақстан ұстаздарына денсаулық, дарынды оқушылар тілеймін. Ұстаздар шаршамайық, тек алға!!!
avatar
• 22 января 2015 20:23
Жас ұстаздарға арналған конкурстар ұйымдастырылса екен деймін, себебі жас ұстаздар қолдауды қажет етеді
avatar
• 22 января 2015 21:48
Керемет сайт екен. Сіздерге алғысымыз шексіз. Тек сіздерге шығармашылық табыстар, ал ұстаздарға жігер тілеймін. Ұйымдастырылатын конкурстар жан-жақты, көп әрі қызықты болса екен деп тілеймін.
Менің ұсынысым: "Ең үздік ҚМЖ", "Ең үздік ОМЖ", "Ең үздік кеңейтілген тапсырмалар", "Ең үздік маршруттық карталар" байқаулар болса, нәтижесінде әрбір жаңа форматтағы мұғалім өз тәжірибелерін ортақ бөлісе алады. Сіздерге көп-көп рахмееееееееееееет.
avatar
• 25 января 2015 17:32
Сіздерге сәттілік, шығармашылық табыс тілеймін!
avatar
• 26 января 2015 09:01
Қайырлы күн! Осындай игі істеріңізге ақ жол тілеймін. Қадамдарыңыз берік, басқан іздеріңіз анық болсын.
avatar
• 31 января 2015 20:17
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар қауымы және сайт жетекшісі?! Конкурс туралы ақпаратпен таныс болдым. Ұсыныс ретінде мынаны айтқым келеді: Конкукурсқа қатысушылардың жасына, еңбек өтіліне (стажына) тәуелсіз және дәстүрден тыс жүргізілсе. Мәселен: шығармашылыққа негізделген тапсырмалар, жеке тұлғалық ерекшелігін көрсететін жұмыстар берілсе.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.