Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?


Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Құрметті сайт қолданушылары Ұстаздар сайты конкурстардың басталатынын хабарлайды. Жақын арада барлық конкурстардың тізімі сайтта жарияланады. Конкурстар қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығарма деп аталады. Ұстаздар сайтының алғашқы конкурсы болғандықтан қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Конкурсқа қатысу тегін және қатысушыларға ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақыны банктік шотына аударылады.Конкурс туралы толық мәлімет сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз. 


Ең үздік шығарма конкурсы туралы

1) Конкурсқа қатысу тегін.

2) Конкурсқа барлық сайт қолданушылары қатыса алады. Жасына, қызметіне, тіліне, және тағы басқа талаптар қойылмайды.

3) Конкурсқа ұстаздар, студенттер, оқушылар, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары, кез-келген қолданушы қатыса алады.

4) Жүлде қоры 100 000теңге

Толық мәліметті жақын арада сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз.


Бүгінгі жаңалықта біз сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді. Қазақстанда ұстаздарға, жастарға арналған қандай конкурстар ұйымдастыруға болады?

Үздік ұсыныстарға ақшалай сыйақы тағайындалған.

Сіз өз ұсынысыңыз арқылы сайттың дамуына үлкен үлес қосқан болып есептелесіз. Ұсынысыңыз ұнаса сайт ұстазы құрамына тегін және бірден ауыстырыласыз.

Ұсыныстар қызықты, тәрбиелі, түсінікті болуы шарт. Ұсынысты мына беттен>> немесе кері байланыс арқылы жіберуге болады. Біз үшін сіздің пікіріңіз маңызды.

Өз ойыңды бізге жібер>>



Алдағы жоспарларда тұрақты түрде әр ай сайын

1) Ең үздік ашық сабақ

2) Ең үздік презентация

3) Ең үздік мақала және тағы бірнеше конкурстар өткізу көзделіп отыр.



Сондықтан біз белсенді, тәжірибесі бар қолданушыларды әділ қазы алқасының құрамына шақырамыз.

Әділ қазы алқасының құрамына әр облыстан 1-2 ұстаз қабылданады. Әділ қазы мүшелеріне сертификаттар мен сыйлықтар беріліп отырады. Олардың міндеті конкурсқа қатысқан қолданушылардың материалдарына өздерінің пікірін беріп, жеңімпазды анықтау.

Егер сіз жюри құрамына қосыламын десеңіз бізге өзіңіз туралы, жеткен жетістіктеріңіз бен ойыңызды кері байланыс арқылы жіберуге болады. Ескерту әр облыстан 2 ұстаздан артық жюри құрамына қабылданбайлы.

Жюри құрамына қосыл>>

Біз үшін сіздің ойыңыз маңызды. Барлығы ұстаздар үшін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Конкурстар туралы ұсыныстар
Сертификат алу ережесі
Кері байланыс
Біріккен сөзді тап
Біліктілігі туралы мәліметтер
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости / Сайт жаңалықтары | Көрсетілім: 30946 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 26 марта 2015 10:20
Cәлеметсіздер ме? Қал-қуатты болайық! 
Менің қосқым келген пікірім: (қашықтықтан) кембридж тәсілмен жасалған слайд түріндегі сабақтар сайысы ұйымдастырылып,солардың ішінен үздік шыққан слайд түріндегі сабақтарды кітапша  түрінде шығарса,деңгейлік курс оқып келгендер үшін үлкен көмек болар еді деген ойдамын.
avatar
• 28 марта 2015 18:00
Саламатсыздар ма, әріптестер! Менің ұсынысым: "Ең үздік шығарма", "Ең үздік ашық сабақ", "Ең үздік презентация"  тағы бірнеше конкурстар өткізгелі отырғандарыңызға өте қуаныштымын. Сонымен қатар "Ең үздік бірлестік жетекшісі" және әр пән мұғалімдеріне байланысты мысалы,  "Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі" деген тақырыпта конкурстар болса керемет болар еді. Мұғалімдер сонда іс-тәжірибе алмасар еді. Конкурсқа қатысушы мұғалімдер өз жұмыстары мен жеткен жетістіктерін презентация арқылы көрсете отырып, әрі тәжірибе алмасады, әрі өздерінің жеткен жетістіктері арқылы ой бөлісетін еді.
avatar
• 1 апреля 2015 20:56
Сәлеметсіздер ме? Ұстаздар мен оқушыларға арналған пәндік олимпиадалар ұйымдастырылса жақсы болар еді. Және де 9-сыныптарға сабақ беретін математика пәні мұғалімдеріне ОЖСБ және PISA сынды сынақтарға оқушыларды қалай даярлап жатсыздар және тапсырмаларды қандай көздерден алып жүрсіздер, сол туралы ой бөліссеңіздер екен...
avatar
• 6 апреля 2015 14:51
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Менің ұсынысым "Ең үздік сабақ жоспары" атты сайыс болса, нәтижесі "Ең үздік әдістелік жинақ" болып жинақталып шығып отырса
avatar
• 6 апреля 2015 14:52
Жаксы ой екен
avatar
• 6 апреля 2015 14:57
Сәлеметсіздер ме? Мен де физика пәні мұғалімі болғандықтан пәнге байланысты олимпиадалар көбірек өткенін қалар едім
avatar
• 6 апреля 2015 14:58
Сәлеметсіздер ме? Сайт ұйымдастырушылары. сіздерге тек ғана шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін!
avatar
• 6 апреля 2015 14:59
Сайыстың басталатынын тағаттана күтудеміз.
avatar
• 6 апреля 2015 15:00
шығарма сайысы қай кезде басталады?
avatar
• 6 апреля 2015 15:31
Ашық сабақтардың видео сайысы болса
avatar
• 6 апреля 2015 15:32
Балалар арасында сурет байқаулары болса
avatar
• 6 апреля 2015 15:32
танымдық ойындар ұйымдастырылса
avatar
• 6 апреля 2015 15:34
Ұстаздарға арналған онлайн конференция, семинарлар өтіліп, қатысқандығы жөнінде сертификаттар берілсе
avatar
• 6 апреля 2015 15:35
сыныптан тыс іс-шаралар байқауы өтсе
avatar
• 6 апреля 2015 15:37
Жас мамандармен "Мен мамандығыммен мақтанамын" атты сайыс өтсе. Сайысты видео ролик түсіру арқылы өткізсе
avatar
• 6 апреля 2015 15:38
балық пәндер бойынша қашықтық олимпиадалар оқушылар мен ұстаздар арасында өтсе
avatar
• 6 апреля 2015 15:39
ҰОС-на байланысты "Ең үздік эссе" байқауы өтсе
avatar
• 6 апреля 2015 15:41
Көбінесе олимпиадалардан тыс қалып жатқан пәндерден олимпиадалар болса. Мысалы: технология, сурет, музыка, дене шынықтыру, психология және т.б
avatar
• 6 апреля 2015 15:43
Мен жас маманмын, Еңбек өтілім 5 жыл. Сондықтан сайыстарға қатыса отырып, тәжірибе жинаймыз.
avatar
• 6 апреля 2015 15:44
"Ең үздік ұстаз портфолиосы" байқауы дегеніңіз жақсы ой екен. Осындай сайыстар арқылы ұстаздардың жұмысы анық және нақты көрсетіледі деген ойдамын
avatar
• 6 апреля 2015 15:48
Сонымен қатар осы сайыстардан іріктеліп шыққан ұстаздардың жұмысы жинақталып, қандайда бәр жинақ болып шықса
avatar
• 6 апреля 2015 15:52
Қашықтық олимпиадалар болып жатса менде қатыстырар едім. Өйткені қашықтық олимпиадалар өте тиімді
avatar
• 6 апреля 2015 15:56
"ЕҢ ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА" конкурсын ұйымдастыру да жақсы ой екен, біз сияқты авторлық бағдарлама жазу жолын білмей жүрген  жас мамандарға өте қажет
avatar
• 6 апреля 2015 15:59
мағанда сайт өте ұнады. Осындай сайттар көбейе берсін!
avatar
• 6 апреля 2015 16:02
шығарма сайысы қашан басталады екен?
avatar
• 6 апреля 2015 20:48
Шынар, меніңше сен аздап асығыс айтып тұрған сияқтысың.НЗМ мектебіндегі мұғалімдер де ауыл мектептерінен шыққан емес пе? Сен айтып тұрған нағыз мамандар ауылда да баршылық қой. Рас, ауылдағы оқушылардың мүмкіндіктері мөмендеу дегеніңе келісемін, өйткені бізде материалдық база жетіспейді. Мысалы, интер.тақта т.б. деген сияқты.Сол себепті біз уақыт жеткізе алмай қаламыз. Әйтпесе, ауыл мұғалімдерінің де ішінде кәсіби шеберлер көп қой
avatar
• 7 апреля 2015 14:13
Сәлеметсіздер ме?! Сіздерге көптен бері көкейімде жүрген ойды жеткізейн деп едім. Әр түрлі конкурс (сайыс) өткізесіздер, ол әрине орынды, алайда, оған ақшалай сыйлық тігудің қажеті жоқ. "Ең үздік шығармаға" 100 мың теңге, бұл деген сіздердің сайттарыңыз үшін қыруар ақша ғой. Олай жасаудың қажеті жоқ. Онсыз да қазақ сайттарындағы сертификаттарға (Ресей елдерімен салыстырғанда ) көп тапсырыстар бермейді ғой. Одан да басқа жолдарымен ұтуға болады. Ұстаздар: 1 материал жарияласа- сертификат; 3-материал - грамота; 5-материал жарияласа құрмет грамотасы берілсін. Әрине ақылы түрде. Үш айда бір - мұғалімдердің белсенділігін сараптап, ең бірінші ондыққа сайт атынан алғыс хат берсеңіздер жетіп артылады. Алдын-ала кешірерсіздер, артықтау ой айтсам.
avatar
• 8 апреля 2015 18:37
Жақсы ой екен. Мен бұл  ұсынысыңызға  қосыламын.
avatar
• 8 апреля 2015 18:42
Олда  жақсы ұсыныс. Меніңде бір ұсынысым бар еді, ол "Зиякерлік  ойындар" ұйымдастырылса екен.
avatar
• 8 апреля 2015 18:43
Бұл  ойыңызды  құптаймын, бірақ  белгілі бір  тақырыпта  болса.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.