Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?


Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Конкурстар туралы сіздің ойыңыз?

Құрметті сайт қолданушылары Ұстаздар сайты конкурстардың басталатынын хабарлайды. Жақын арада барлық конкурстардың тізімі сайтта жарияланады. Конкурстар қазақ және орыс тілінде өткізіледі. Ең алғашқы конкурс ең үздік шығарма деп аталады. Ұстаздар сайтының алғашқы конкурсы болғандықтан қызықты етіп өткізуге тырысамыз. Конкурсқа қатысу тегін және қатысушыларға ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақыны банктік шотына аударылады.Конкурс туралы толық мәлімет сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз. 


Ең үздік шығарма конкурсы туралы

1) Конкурсқа қатысу тегін.

2) Конкурсқа барлық сайт қолданушылары қатыса алады. Жасына, қызметіне, тіліне, және тағы басқа талаптар қойылмайды.

3) Конкурсқа ұстаздар, студенттер, оқушылар, бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары, кез-келген қолданушы қатыса алады.

4) Жүлде қоры 100 000теңге

Толық мәліметті жақын арада сайт жаңалықтарынан хабарлаймыз.


Бүгінгі жаңалықта біз сіздердің ойларыңызды білгіміз келеді. Қазақстанда ұстаздарға, жастарға арналған қандай конкурстар ұйымдастыруға болады?

Үздік ұсыныстарға ақшалай сыйақы тағайындалған.

Сіз өз ұсынысыңыз арқылы сайттың дамуына үлкен үлес қосқан болып есептелесіз. Ұсынысыңыз ұнаса сайт ұстазы құрамына тегін және бірден ауыстырыласыз.

Ұсыныстар қызықты, тәрбиелі, түсінікті болуы шарт. Ұсынысты мына беттен>> немесе кері байланыс арқылы жіберуге болады. Біз үшін сіздің пікіріңіз маңызды.

Өз ойыңды бізге жібер>>



Алдағы жоспарларда тұрақты түрде әр ай сайын

1) Ең үздік ашық сабақ

2) Ең үздік презентация

3) Ең үздік мақала және тағы бірнеше конкурстар өткізу көзделіп отыр.



Сондықтан біз белсенді, тәжірибесі бар қолданушыларды әділ қазы алқасының құрамына шақырамыз.

Әділ қазы алқасының құрамына әр облыстан 1-2 ұстаз қабылданады. Әділ қазы мүшелеріне сертификаттар мен сыйлықтар беріліп отырады. Олардың міндеті конкурсқа қатысқан қолданушылардың материалдарына өздерінің пікірін беріп, жеңімпазды анықтау.

Егер сіз жюри құрамына қосыламын десеңіз бізге өзіңіз туралы, жеткен жетістіктеріңіз бен ойыңызды кері байланыс арқылы жіберуге болады. Ескерту әр облыстан 2 ұстаздан артық жюри құрамына қабылданбайлы.

Жюри құрамына қосыл>>

Біз үшін сіздің ойыңыз маңызды. Барлығы ұстаздар үшін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Конкурстар туралы ұсыныстар
Сертификат алу ережесі
Кері байланыс
Біріккен сөзді тап
Біліктілігі туралы мәліметтер
Ұстаз құрамына қосыл сайт ұстазы дәрежесін ал
Өзгерістер, жаңалықтар 2015-ке дайындық
Сайтқа ұстаздар іздеп жатырмыз
Сертификатқа тыпсырыс беру
Ашық сабақтар сайты ашылды. Құтты болсын!
Бөлім: Новости / Сайт жаңалықтары | Көрсетілім: 30946 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
avatar
• 1 февраля 2015 18:40
Құрметті ұйымдастыру алқасы оң бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Бұл барша ұстаздар үшін үлкен мүмкіндік болар еді. Мен жас маман ретінде қатысуға толық дайынмын.
avatar
• 2 февраля 2015 04:39
Сәлеметсіздер ме? Сайт  маған   қатты ұнайды,  сіздерге  табыс  тілеймін. Сіздерге  қояр  сұрағым:Сертификатқа  ақша  аударайын  десем, кошелектің  номері  күнде  озгереді. Соны түсіндірсеңіздер екен?
avatar
• 2 февраля 2015 10:02
Сәлеметсізбе. Киви әмиянда сайттың атынан 3 номер тіркелген. Сондықтан олар апта сайын ауыстырылып отырады. Сайтта көрсетілген 3 номерге ақша аударуға болады. Тек квитанцияны жіберсеңіздер болғаны
avatar
• 2 февраля 2015 12:45
Сәлеметсіңіздер ме? Мен міне бүгін алғаш рет сіздерге қосылып отырмын. Өте қуаныштымын. Һзімізде осындай сайд болғанына өте разымын.Денсаулық, сәттілік тілеймін
avatar
• 9 февраля 2015 18:01
Деңгейлік курстан өткен ұстаздардың әр сыныпқа немесе әр модульге  ҚМЖ мен ОМЖ үлгісін жариялап,оны республика көлемінде таратылып,сол сабақ жоспарына авторлық құқығы беріліп,жинақ ретінде  біріктірілсе,нұр үстіне нұр болар еді.Шалғай аудандарда үнемі ғаламтор мүмкіндігін   қарауға  сет ұстамайды әрі сабақтар сынып бойынша жүйеленсе,ұстаздар  көп уақытын жоғалтпай керегін тез табар еді.Бұл сабақ топтамалары өзгелерге де көп көмегін берері сөзсіз.Оны жариялаған ұстаз тәжірибесі де тарала берер еді
avatar
• 9 февраля 2015 18:11
Ауылдық жердегі жақсы оқитын оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектептері оқушылары мүмкіндіктерімен салыстыра да алмаймыз.Оларға нағыз мамандар сабақ береді емес пе? Ауылдағы оқушы  әлеуетін көтеруге  арнайы жоғары санатты ұстаздар ақылы  видеодәріс неге ұйымдастырмасқа?! Мен ұлымның мүмкіндігі зор екенін білемін,әттең онымен жүйелі айналысатын маман жетіспейді.Қалаға сүйрелеуге уақыт жоқ.Көп оқушының ,ата -ананың алғысын алар едіңіздер
avatar
• 10 февраля 2015 17:33
Сіздердің  бастамаларыңыз ұстаздардың рухын бір көтеріп тастады.Игі бастамаларыңызға алдын ала алғыс айтқым келеді.Жаңаша ойлап,жаңаша қызықтарға кеңеле берейік! Бұл бір үлкен іске апаратын сара жолдың басы деп,ойлаймын
avatar
• 15 февраля 2015 05:02
Ұйымдастырылғалы жатқан конкурс түрлері,әрине, көңілден шығады. Дегенмен де ұстаздарымыз авторлық бағдарлама жазу үшін жолын білмей қиналып жатады. Менің ұсынысым - "ЕҢ ҮЗДІК АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА" конкурсын ұйымдастырсаңыздар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын көптеген ұстаздарымызға сара жол салар едіңіздер.
avatar
• 15 февраля 2015 16:54
Әріптесім Шынар,сіздің пікіріңізді құптаймын.Өте орынды әрі қажетті пікір қостыңыз.Жаңа форматтағы сабақтар жоспарын жинақтап,сыныптар және пәндер бойынша реттесе жақсы болар еді.
avatar
• 15 февраля 2015 16:56
Сіздің ұсынысыңызды қолдаймын.
avatar
• 17 февраля 2015 05:12
Сәлеметсіздер ме! Мен бүгін сайтқа тіркелдім. Сайт жақсы. Сіздердің жұмыстарыңызға табыс, сәттілік тілеймін.
avatar
• 17 февраля 2015 14:42
СІЗГЕ ҮЛКЕН РАХМЕТ. Ұжымыңызға толағай табыс тілеймін. Бізді бір марқайтып жатырсыздар. Сайтқа тіркеліп сонау алыстан поштамыз арқылы тез арада сертификат алып жатырмыз.Бұл сіздің еңбектеріңіздің арқасында. Шаршап, шалдықпаңыз. Дендеріңізге саулық тілеймін.
avatar
• 17 февраля 2015 14:44
Әріптесіме де сіздің сертификатты алып бердім. Үлкен рахметін айтып, табыс тілеп жатыр.
avatar
• 20 февраля 2015 12:09
Сәлеметсіздерме! Осы сайт туралы кеше әріптесімнен білдім. Сайтқа кіріп қайнап тұрған тіршіліктеріңізбен таныстым. Сайт ұнады, сондықтан тіркелдім. Алдағы уақытта материалдарыммен бөлісемін. Бір-бірімізбен бөліскен жөн ғой. Құптаймын идеяларыңызды.
avatar
• 21 февраля 2015 12:16
Сайтқа жіберген сабақтарым шықты , сіздерге рахмет айта отырып ,ұсыныс ретінде жас ұзтаздардың  біліктілігіне қарамай "Кембридж бағдарламасы " бойынша  оқытуға жас ұстаздарды көбірек  оқытып, 7 модулді  сабақта қолданса  сабақ беру  әдіс-тәсілдері ерте қалыптасар еді . Өз бетімен білім алуға ұмтылатын  оқушылар  саны артып, білім сапамыз жоғарылайтын еді.Әсіресе бастауыш сыныптарда осы тәсілмен  100 пайыз сабақ жүргізсе  жоғарғы сыныпқа барғанда  оқушылар өз бетімен сын тұрғыдан ойланып , қоғамда өз орнын табуға  қиналмас еді. Белсенді оқушыдан  , белсенді маман  шығады, белсенді  маманнан  жақсы ата-ана шығады ,  осындай отбасынан сапалы  бала тәрбиеленеді .
avatar
• 21 февраля 2015 16:57
Сәлеметсіздер ме? Сіздердің ұйымдастырған конкурстарыңызды оқыдым.Толықтай келісемін. Сұрайтыным: оқушылар үшін пәндер бойынша конкурс болады ма?
avatar
• 2 марта 2015 11:10
Сәлеметсіздерма сайт ұйымдастырушылары !
Қашықтық олимпиада сияқты әр түрлі пәндерден оқушыларға  конкурстар өткізсеңіздер жақсы болар еді . Әсіресе информатика пәнінен. Осы саланың мұғалімі болғандықтан оқушыларды қатыстырар едим.
avatar
• 3 марта 2015 16:57
Сәлеметсіздер ме? Мен бұл сайт туралы алғаш естіп тұрмын.Сіздерге тек табыс тілеймін!Конкурс қай уақытта басталады?
avatar
• 4 марта 2015 09:53
Гулназ. Құрметті сайт ұйымдастырушылары, сіздерге шығармашылық табыс, денсаулық тілеймін! Сайыстың басталуын аса қызығушылықпен тосудамыз.
avatar
• 5 марта 2015 08:33
маганда сиздин усынысыныз унады, менде келисемін,. Бірақ бізде қалай бірінші кезекте тәжірибелі, жоғары санаттағы ұстаздар, жастар кейін... Сендер біздің мектепте  1-2 жыл көлемінде істейсіндер, оқып алып кетіп қаласындар деп адамды кейінге қалдыра береді емес пе? мен осының куәгерімін маганда бірнеше жыл бойы айтылып келеді.....
avatar
• 11 марта 2015 13:14
ҚҰРМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін . Бұл сайтқа мен алғаш қосылуым. Алда сіздермен бірге боламын деп ойлаймын. Рахмет сіздерге.
avatar
• 12 марта 2015 02:57
Шынар7 апай, Назарбаев Зияткерлік Мектептерінде де біз сияқты қазақ мұғалімдер сабақ береді. Сонда сіз олардан өзіңізді төмен санайсыз ба? Мұғалім әр кезде де - МҰҒАЛІМ! Мен де сіз сияқты ауыл мектебінде жұмыс жасаймын бірақ менің оқушыларым НЗМ оқушыларынан төмен дегім келмейді. Себебі, БІЗДЕР сол оқушыларды оларға даярлап беріп отырмыз. Олар дайынды алып отыр. Сондықтан еңсеңізді түсірмеңіз. 
Құрметті сайт ұйымдастырушылары, сіздерге өз ұсынысым бар. әр мезгілге байланысты оқу программасын ескере отырып, оқушылар арасында олимпиадалар өткізсеңіздер дұрыс болар еді деген ойдамын.
avatar
• 13 марта 2015 18:45
Сәлеметсіздер ме? Сайт ұйымдастырушылары. сіздерге тек ғана шығармашылық табыс, зор денсаулық тілеймін. Сайыстың қашан басталатынын күтудеміз.
avatar
• 15 марта 2015 09:14
Сайт  маған  қатты ұнады,көп-көп рахмет! Осындай сайт үшін қалайша жұмыстанбасқа?
Сіздерге зор ризашылығымды білдіре отырып, әріптестерімді ұйымшылдықпен жұмыс жасауға шақырамын.
avatar
• 15 марта 2015 12:21
Сәлеметсіздер ме! Өткенде сайт ұйымдастырушыларына алғыс білдіріп, өзімнің ұсынысымды жазған едім. Сірә, менің хабарламам жетпеген сияқты. Сол  себепті қайта жазайын деп едім, жаратылыстану ғылымына (математика, физика, химия...) енетін пәндер күрделі болғандықтан, біраз ұстаздар өздері де, оқушылары да бұл пәндер бойынша олимпиадаға қатыса бермейді. Қатысқан күннің өзінде де орын иелену өте қиын. Соған байланысты жаратылыстану бағытындағы пәндерге байланысты әр түрлі сайыстар өткізсеніздер, нұр үстіне нұр болар еді. Мысалы, бірінші, оқушылардың барлығы дерлік есеп-қисапқа жақын емес, алайда пәнге деген қызығушылығын арттыру бағытында, ғалымдардың өмір-баяны, ашқан жаңалықтары немесе сол бағытта өлең-шумақтарын ойдан шығарып жазса, екінші, мұғалімдерге үш тоқсанда бір олимпиада өткізсеңіздер. Олимпиададан диплом, грамота алуларына көп-көрім көмек етер едіңіздер. Алдын-ала алғыс білдіремін.
avatar
• 17 марта 2015 18:47
Айтылған пікірлерге толық қосыламын. Әсіресе, жаратылыстану-математикалық бағытына арналған конкурстарға біршама өзгерістер енгізіліп, қызықты әрі ұтымды етіп өтуіне мүмкіндік жасасаңыздар екен деймін. Оқушылардың сынып деңгейіне қарай конкурстық, олимпиадалық есептер түсінікті түрде берілсе , тым болмаса С тобындағы есептерді қамтыса  оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді болар еді.
avatar
• 18 марта 2015 19:07
Сәлеметсіздер ме? Кеш жарық! Көктеммен  бірге  келген, халқымыздың  жаңа  жылы,  22-наурыз  мерекесі  құтты  болсын!  Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде қосар пікірім бастауыш сынып оқушылары арасында," Арманы асқақ оқушы" бәйгесі ұйымдастырылса, оқушылардың өмірге деген көзқарастарын,арман-тілектерін байқауға болар еді деген ұсынысым бар.Рахмет!
avatar
• 24 марта 2015 06:33
Ұлыстың Ұлы күнімен барша қазақстандық әріптестер! Қиялға қанат бітіретін,жүрекке қуаныш ұялататын бастамаларыңыз көп болсын!
avatar
• 24 марта 2015 06:46
Мен ауылдың қайсар мінезді қара домалағын білім тұңғиығына бастайтын  бастамашыл әріптестер көп болғанын тілеймін! алгебра,геометрия,химия,физика,тарих т.с.с ауыл мектептеріндегі маман жетіспеуіне орай кенжелеп қалған негізгі пәндерден сол есеп,амал,реакция т.с.с шығару жолдарын оқушыға қарапайым тілмен (жолымен) көрсетілім арқылы мейлі видеосы болсын,мейлі черновик болсын,мейлі оқушы дәптері,не тақтадағы шығарылған есептің суреті болсын бір көмек берілгенін өтініп сұраймын.
Сондай-ақ, ҰБТ дайындап жүрген ұстаздардың жоғары нәтижеге жеткендері болса, өз тәжірибеңізді бөлісуге шақырамын.Мен шәкірттерімнің негізгі пәндерден қиналғанын көріп жаным ауырады.Олар күн санап жүр.Тіпті кітаптан көшіре саусақтары тесіле жаздапты.Олардың жанкештілігін көріп қалай үнсіз отырайын.Аз уақыт қалды.Төте оқыту тәсілі болса айтыңыздаршы өтініемін
avatar
• 24 марта 2015 12:15
Құрметті сайт ұйымдастырушылары! Сіздерді наурыз мерекесімен құттықтаймын. Сіздердің сайтқа айтар алғысым шексіз. Сіздерге сабағымды жібергем, ол шықты және сіздердің сайттан үнемі қажет ақпараттарымды алып тұрамын. Ал конкурстарға келетін болсақ, оны өте құптаймын. Буланбек, Кенжекүл әріптестеріме қосыламын. Сайт ұйымдастырушыларына, ұстаздарына шығармашылық табыс тілеймін.
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Білім-ғылым жаңалықтары
бұл бөлімде Қазақстандағы барлық білім ғылым жаңалықтары жарияланады.
Сайт жаңалықтары
Бұл бөлімде Ұстаздар сайтындағы өзгерістермен жаңалықтар жарияланады.