Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Дене шынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні.


Дене шынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні.

 Дене шынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні.

Сабақтың тақырыбы: Денешынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

2. Оқушыларды топтық, жолдастық және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:оқыту сабағы.

Өтетін орны: спорт зал

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: волейбол доптары, сетка, ысқырық,кадоскоп,слайдтар.

р/с

Сабақтың мазмұны

уақыты

Әдістемеліқ нүсқаулар

І. Дайындық бөлімі 10-15 мин

1

Сапқа тұру, рапорт беру

1’ -2’

 

2

Сабақтың  мақсатын  түсіндіру

1’

Сабақтың мақсатын түсінікті етіп баяндау,техника қауіпсіздіқ ережесімен таныстыру.

3

Залды айналып жүргенде бір лектен екі,үш,төрт леке кайта сапка тұру.

1’

Жаттығулар саптық жарлығының  талабына сәкес откізеді.

4

а) Қолды белге қойып аяқтың ұшымен

ә) Қолды желкеге аяқтың өкшесімен жүру

б) Қолды белге аяқтың сыртымен жүру

в) Қолды белге аяқтың ішімен жүру

г) Қолды белге жартылай отырып, толық отырып жүру.

2’-3’

Денені, түзу ұстап, басты көтере, белді түзу ұстап жүру.

5

Жүгіру жаттығулары

а) Қолды созып, тізені жоғары көтере

ә) Қолды жамбасқа қойып, аяқты артқа серпе

б) Солиықтан алға қарап

2’-3’

Еркін демалып, бір қалыпта жүгіру

Тек сол иық пен қарап алға жүгіру.

Әр бір жаттығуда талапқа сай әдемілеп орындау.

6

Қозғалыстағы  жаттығулар

а) Сол қол жоғарыда, оң қол төменде, қолдарды серпи артқа. 1-2 сол қол жоғарыда, 3-4 оң қол

ә) Б.Қ. қолиықта 1-2 қолды алдыға айналдырамыз, 3-4 қолды артқа айналдырамыз

б) Б.Қ. саусақтарды айқастырамыз 1-2  алдыға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

в) Б.Қ. қол кеудеде 1-2 бүгілген қол артта,3-4 ашылған қол артқа серпе қозғау

8-10р

6-8 р

6-8 р

8-10 р

Денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау

7

Орында орындалатын жаттығулар

а) Б.Қ. қол алда,аяқ иық деңгейінде1-4 қолды қайшылау

ә) Б.Қ.қол желкеде 1- кеудені солға бұру, 2-кеудені оңғабұру. 3-4 қайталау.

б) Б.Қ. қол алда, аяқ иық деңгейінде 1-отыру, 2- Б.Қ. 3-4 қайталау.

в) Б.Қ. қол белде, аяқ иық деңгейінде 1-2 белді солға айналдыру, 3-4 белді оңға айналдыру

г) Орында секіру

6-8 р

6-8 р

6-8 р

6-8 р

0,5′

Басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау

ІІ. Негізгі бөлім 25-30 мин .Техникалық құрал-жабдықтар пайдалану"кадоскоп".

Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды меңгерту.

1

Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарама - қарсы қашықтық 6-7 м, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдап, арықарай қарсыласына көтеріп беру.

10-12 р

Жаттығулардың дұрыс орындалуына назар аударамыз, допты лақтыру және қабылдау тәсілдері слайдтермен көрсетіледі.

2

Бір оқушы допты жоғары көтеріп, қарама-қарсы құрбысына береді. Құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта береді. Арақашықтық 7-8м.

10-12 р

Допты қарсыласының қолына дәл беру слайдтермен көрсетіледі

3

Оқушы допты еденге ұрып құрбысына береді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен береді.

12-14 р

Допты еденге ұрып, құрбысына тура беру слайдтермен көрсетіледі

Допты төменнен қабылдауды меңгерту

4

Ойыншының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын үйрету

2′-3′

Қол түзу тізені бүге сол немесе оң  аяқты жарты қадам алға слайдтермен көрсетіледі

5

Бір оқушы құрбысының қолына береді, ол допты төменнен екі қол мен қабылдап, қайта береді.

10-12 р

Допты дұрыс қабылдауын қадағалау.

6

Арақашықтық 8-10 м оқушылар  қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушылар допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушылар допты төменнен қабылдау.

10-12 р

Жоғарыдан және төменнен қабылдауді слайдтермен көрсетіледі

7

Ережемен волейбол ойнау

10’-12′

 

ІІІ Қорытынды бөлім 4-5 мин

1

Спорт залда жай жүгіру, сапқа тұру.

1′

 

2

Өткен сабаққа қорытынды жасап, оқушыларды бағалау.

2’

 

3

Үйге тапсырма. Үйде доппен жаттығулар жасау. Ұлдар тартылу 8-10 рет, қыздар дене көтеру 25-30 рет.

1’

 

4

Оқушылардың сұрақтарын тыңдап, жауап беру.

1’

 

 

Дене тәрбиесі пәнінен "Дене шынықтыру сабағында "Волейбол" ойынның тәрбиелік мәні."тақырыбында өткен ашық сабағының өзіндік талдауы.

Сабақта алдыма мынандай мақсаттар қойдым:

1.Оқушыларды волейбол ойынына қызықтыру.

2. Оқушыларды топтық, жолдастық  және ұжымдық сезімдерге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерден волейбол доптары, сетка, ысқырықты, кадаскоп пайдаландым.

Ашық сабақ спорт залда өтті. Спорт залдың санитарлық жағдайы жақсы, талапқа сай безендірілген, қажетті құрал-жабдықтар дер кезінде әзірленіп қойылды. Сабақ үш бөлімнен тұрды.

І бөлім. Дайындық  бөлімі 10-15 мин.

ІІ бөлім. Негізгі  бөлім 25-30 мин.

ІІІ бөлім.  Қорытынды  бөлім 4-5 мин

Дайындық бөлімінде оқушылар сапқа тұрғызылып, кезекшінің рапорты тыңдалды. Сынып оқушыларының барлығы сабаққа дайындалып келген, спорттық киімдері бар. Оқушыларға сабақтың мақсаттары баяндалып, қозғалыс қасиеттерін дамыту мақсатында дайындық жаттығуларын орындаттым.  Олар жүру жаттығулары:денені түзу ұстап, басты көтере  белді түзу ұстап жүру; жүгіру жаттығулары:еркін демалып, бір қалыпты жүгіру, тек сол иық  пен қарап алға жүгіру, әрбір жаттығуды  талапқа сай әдемілеп орындау; қозғалыстағы жаттығулар: денені түзу ұстап, қолды иықтың деңгейінде ұстау; орында орындалатын жаттығулар:басты жоғары көтеріп денені түзу ұстау. Дайындық жаттығулары бірнешерет орындалды.

Негізгі бөлімінде, волейбол ойнын ойнау кезеңінде допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды,  допты төменнен қабылдауды үйреттім. Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылдауды үйрету үшін, оқушыларды бір-біріне ара қашықтығы 6-7 метрден бетпе-бет қаратып, допты жоғары лақтырып, қайтадан қабылдатып, арықарай қарсыласына көтеріп бергіздім. Арақашықтығы 7-8 метрден оқушы допты жоғары көтеріп құрбысына берді, құрбысы допты қолын көтеріп қабылдап, қайта берді.  Келесі кезеңде оқушыларға  допты еденге ұрып құрбысына беруді, құрбысы допты жоғарыдан қабылдап, ұстап қайта еденмен беру жаттығуларын  орындаттым.Жаттығулар слайдтермен көрсетіледі.

Допты төменнен қабылдауды үйрету үшін, оқушының екі қолмен төменнен допты қабылдау тұрысын көрсетіп, келесі жаттығуларды орындаттым. Оқушы құрбысының қолына допты беріп екі қолмен қабылдап, қайта берді. Оқушылар арақашықтығы 8-10 м жерден қарама-қарсы тұрып, бірінші номерлі оқушы допты жоғарыдан қабылдап, екінші номерлі оқушы допты төменнен қабылдауды үйренді.Жаттығулар слайдтермен көрсетіледі.

Сабақ соңына қарай  оқушылар ережемен волейбол ойнады.

Сабақта түсіндірмелі-иллюстративті әдісті қолдандым, оқушыларға жаттығуларды көрсетіп тұрып, орындатып отырдым. Бұл тиімді әдіс болды деп айта аламын, себебі жаңа сабақты түсінбеген оқушылар болған жоқ. Оқушылар сабаққа қызығушылықпен  белсенді қатысты. Жаттығулар дұрыс іріктеліп алынды, оқушылардың жүктемесі өз мүмкіндіктерінен асқан жоқ. Тапсырманы орындау саны мен ұзақтығы нормаға сай өткізілді.  Сабақ процесінде қауіпсіздік шаралары сақталды. Сыныпта арнайы дәрігерлік топқа жататын оқушылар жоқ. Сабақ биология, физика, АӘД пәндерімен тығыз байланыста өтті. Жаттығуларды орындау барысында, қауіпсіздік ережелерін сақтау, денсаулыққа, яғни адам физиологиясына қауіп төндіретіндігі жөнінде мағлұмат бере отырып  биология пәні мен байланыстырып кеттім. АӘД пәнімен саптық жүріс кезінде байланыс болса, допты қабылдау кезіндегі доптың траекториясы физика пәніне байланысты екендігі айтылды. Сабақ процесінде волейбол добын, ысқырық, сетканы,кадаскоп пайдаландым.

Қорытынды бөлімде оқушыларды спорт залда жай жүгіртіп, демдерін алғызып, сапқа тұрғызып, сабақты қорытындыладым. Үйге тапсырма ретінде доппен жаттығулар жасау және ұлдарға 8-10 рет тартылу, қыздарға 25-30 рет дене көтеру жаттығуларын бердім. Сабақ соңында Ақниеті- 5, Мұхағали -5,  Жұлдызды-4, Даниярді-4, Саятті -5 деп бағаладым.

Сабақта уақытты тиімді пайдалана алдым, қоңырауға дейін жоспарлаған жаттығуларымды толық өткіздім. Сабақта алдыма қойған мақсаттарыма толы   жете алдым  деп    ойлаймын.

 

Пән мұғалімі:                           С.Саткынбаев

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Төменнен тура, бір бүйірден допты ойынға қосу.
Допты төменнен, жоғарыдан қабылдау және қайта беру.
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Допты төменнен және жоғарыдан қабылдап серігіне беру.
Волейбол допты екі қолымен астынаң, үстінен қабылдау әдістері.
Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен қабылдау.
Волейбол. Допты бір-біріне беру және допты қабылдау әдісі
Волейбол. Допты төменнен беру әдісі
Допты жоғарыдан және төменнен екі қолмен қабылда
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 3292 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык