Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қақпаға доп домалату


Қақпаға доп домалату

Қақпаға доп домалату

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Оқу іс – әрекет түрі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Қақпаға доп домалату. (арақашықтығы 2 метр) Қос аяқпен секіру. (бір аяғы алда, екіншісі артта) Екі сызықтың арасымен жүру. (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м)

Мақсаты: Допты екпінмен итеру және доп қимылының бағытын сақтауды үйрету. Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүруде қалыпты тепе – теңдікті сақтауға жаттықтыру.

Қолданылатын құрал саймандар: 8-10 дана кубик немесе пирамидалар, 2-гимнастикалық орындық, 2- жіп, доптар, қ/ойынға бетперделер.
Мотивациялық – қозғаушы
Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.

Бастаушыны өзгерте отырып саптізбекте бір-бірден жүру және жүгіру. Саптізбекте бір-бірден «жыланша» кубиктер арасынан жүру, жүгіру. Шашыраңқы жүру, жүгіру. Жүру, дем алу жаттығулары. 1 – 2 шеңберге тұру.

Ұйымдастырушы-ізденуші:
1. «Алдыға» Б.қ.: аяқ иық бойымен, қолда екі бүктелген секіртпе. 1- секіртпе созулы, кеуде алдында. 2- жоғарыда. 3 – кеуде алдында. 4- б.қ.
2. «Бұрылу» Б.қ.: аяқ солай, қол секіртпемен артта. 1- оңға (солға)
бұрылу. 2- б.қ.
3. «Отырып тұру» Б.қ.: 1- отыру, қол алдыда. 2- б.қ.
4. «Еңкею» Б.қ.: қол секіртпемен төменде. 1- оң (сол) аяқты, қолды алдыға шығару. 2- б.қ. келу
5. «Иілу» Б.қ.: аяқ иық бойымен, секіртпені басып тұру, секіртпенің екі ұшы қолда. 1- алдыға еңкею, қолды артқа жоғары жіберу. 2- б.қ.
6. «Секірулер» Б.қ.: секіртпе еденде жатады, аяқ бірге, қол төменде. Бір қырлап 10-рет секіру, жүрумен алмастыру, қайтадан секіру.

Негізгі қимылдар:
1.«Қоян» - екі аяқпен секіру.
2. Қақпаға доп домалату.

Қимылды ойын: «Сақина»
Дөңгелек ортасында тұрған жүргізуші, алақанының арасына сақинаны салып, қалған ойыншылардың алақандарына салған болып шығады. Ойыншылардың біреуінің алақанына сақинаны салып: «Менің сақинам қайда?» - деп дауыстап сұрайды. Сұрақты естіген соң, сақинаны алған бала ортадан жүгіріп шығуы қажет. Ойын шарты бойынша көршісінің міндеті сақинасы бар баланы ұстап жібермеуі керек.
Рефлексивті – коррекциялаушы:
Саптізбекте бір-бірден жүру, дем алу жаттығулары, нүктелі массаж
Ойынды қорыта келе: сендерге не ұнады?
Не қиын болды? –деп балалардан сұрау.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: қақпаға доп домалатуды; қос аяқпен секіруді;
Машықтандыру: екі сызықтың арасымен жүруді;


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Акробатикалық жаттығулар
Баскетбол. Допты қағып алу және беру
Тепе – теңдікті сақтау.
Гимнастика. Саптық жаттығулар
Орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру, қолды бүгіп жазу.
Гимнастика
Ағаш аттан секіру
ІІ кішкентайлар тобындағы дене тәрбиесі сабағы
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Бөлім: Уроки / Балабақша | Көрсетілім: 4204 | Қосты: Талапкер Асылай Мұхамбетқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык