Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әлемде талай қызық бар


Әлемде талай қызық бар

Әлемде талай қызық бар

Тақырыбы: Әлемде талай қызық бар

 

Мақсаты:Даңқы әлемге жайылған сәулет ескерткіштері жайлы білімдерін

кеңейту. Кереметтердің бәрі адам қолымен жасалатынын, яғни адамның ақыл – ойы мен шеберлігінен туындағанын, оны сақтау керектігін ұғындыра отырып, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу

 

Көрнекілігі: әлемнің жеті кереметі суреттері, Қазақстандағы мәдени

ескерткіштер суреттері, пайдалы қазбалар түрлері, слайдтар, бейнесөз

 

Әдісі: сыныпаралық сайыс

 

Барысы:

 

І.Кіріспе.

 Халқымыздың «Ізденген жетер мұратқа » деген сөзі бар. Әр нәрсені білуге талпыну, білімнің тереңіне бойлау – адамды кемелдікке жеткізеді, рухани жағынан байытады. Дүниеде балалар түсіне білмейтін жәйттар көп. Өмірді танығысы, бәрін білігісі келетін балалар «Ол кім?»,  «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген тәрізді сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Бүгін біз де сондай ізденімпаз, білуге құштар балалар арасында «Әлемде талай қызық бар » атты сайыс өткізгелі отырмыз.

 

ІІ.Негізгі бөлім

А)Сайыс кезеңдерімен таныс болайық

  1. «Әлем кереметтерін білесің бе?»

2.Ғажайып төрттік

3.Біз – зерттеушіміз

  1. «Бәйге» сайысы

Ә)Әділ қазылар алқасын сайлау

Б)Сайысты бастау

Біздің әлем ғажайыпқа  толы. Өзінің сұлулығымен, сәулетімен таң қалдырған ғимараттар мен құрылыстар ғажайып кереметтер қатарын құрайды. Адамдар еріксіз назар аударатын дүниелер жасауды тоқтатқан емес. Көне заманда адамның шебер қолдарымен көптеген керемет туындылар салынған. Соның бірі – «Ежелгі әлемнің жеті кереметі».Бұл жерлерді жылына миллиондаған саяхатшылар тамашалайды.

 

Келіңдер, көріңдер,                        Оқа емес, әуелде

Тек ынта бөліңдер.                         Қиналсаң егерде

Мықты боп сайыста                       Оп – оңай жеңімпаз

Шығам деп сеніңдер.                      Болғандар жоқ елде.

-дей  келе сайысымызды бастаймыз.

Ендеше сайысымыздың 1-кезеңі «Әлем кереметтерін білесің бе?» деп аталады. Әлемнің жеті кереметінің сурет ілінеді. 1,2,34,5,6,7 деген нөмірлер сурет артына қойылған. Нөмірі бойынша таңдап алып, сол керемет туралы әңгімеленеді.

 

2- кезең «Ғажайып төрттік» деп аталады. Бұл сайыста «Қазақстандағы ежелгі мәдени ескерткіштер» туралы айтады.

 

Музыкалық пауза: Ән  «Туған жер»

 

3-кезең: «Біз - зерттеушіміз»

 Оқушылардың алдына пайдалы қазбалар беріледі.Зерттеу жүргізіп, кестені толтырады. Бір оқушы ғалым ретінде қорғап шығады.

 

4-кезең:      Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын ,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады «Бәйге» атты жарысың

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын

-дей келе,«Бәйге»сайысына жүйріктерімізді қосайық. Оқушы ұяшықты таңдап, ондағы сұрақтарға жауап береді. 

 

1-сұрақ: Сол жақтағы 10Ас тұзы Қазақстанның қай облыстарында өндіріледі?

2-сұрақ: ортадағы 10 Қазақстанның қай облыстарында темір кені көп шоғырланған?

3-сұрақ: сол жақтағы 20 Көне заманды зерттейтін ғылым?

4-сұрақ: сол жақтағы 20 Қазақстанда қанша көмір кен орыны бар?

5-сұрақ:ортадағы 30 Елімізде қай жылдан бастап тарихи құрылыс ескерткіші мен өнер мұрасы есепке алынып келеді?

6-сұрақ: оң жақтағы 30 Біз тұратын өлкеде қандай кеңдер өңдіріледі?

7-сұрақ: сол жақтағы 40 Әлемдік құнды мұралар тізіміне Қазақстандағы қандай  көне ескерткіш енгізілген?

8-сұрақ: ортадағы 40 Ең ірі Соколов – Сарыбай  кен орнын кім тапқан?

9-сұрақ: арнайы сұрақ  Қазіргі кездегі әлем кереметтері туралы не білесің?

 

В) Көрермендермен жұмыс.

Бейнесөздер шешу, суреттердегі жануарлар бейнесін табу

 

Жұмбақтар

Жалт –жұлт етер,

Жер бетіне жетер                                               (найзағай)

 

Бірі құяды,

Бірі жұтады                                              (жаңбыр мен жер)

 

Өзі  тыныш тұрмайды,

Сақтамасаң қорын тек,

Барша тірлік қурайды                                                (су)

 

Туған жердің белбеуі,

Шұбатылып қалыпты,

Керемет- ау кернесі,

Тасты тесіп жарыпты                                        (өзен)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика- ақыл ой гимнастикасы
Біз – әлем балаларымыз
Әлемде талай қызық бар
Жүзден жүйрік білімпаздар сайысы
Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайық
Ең озық әдебиетші
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Сөйлем
Білімді мыңды жығар
Әлемнің жеті кереметі
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3233 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык