Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Біз – әлем балаларымыз


Біз – әлем балаларымыз

    Біз – әлем балаларымыз

              Аты-жөні: Ағатаева Балдырған

              Мекен-жайы: Маңғыстау облысы  Түпқараған ауданы

             Мектебі: Жалау Мыңбаев мектеп-гимназиясы

              Сыныбы: 10-сынып оқушысы                    

 

     Шығарма

                             Біз – әлем балаларымыз

                                                                   Үмітін ата-ананың ақтайтұғын,

                                                                   Ұстаздар шәкіртім деп мақтайтұғын,

                                                                   Балалар – болашағы еліміздің,

                                                                   Бүгінді ертеңменен жалғайтұғын.

                                                                                                           Ғалым Әріп

   Әлем... Қыр-сыры мол, ұшы-қиыры жоқ шексіз, шетсіз әлем. Тарих тұнған сыр сандықтарға, ертегілер әлеміндегідей небір таңғажайыптарға ие. Ғажайыптарын айтып тауыса алмаспыз, сірә. Қай бөлшегін алсаң да, қай сандығын ашсаң да бәрі-бәрі тарих деп сыр шертеді. Әлемнің жеті кереметінен басқа толқынымен тербеп жатқан теңіздер де, ағынымен өмір ағынын суреттер өзендер де, балықтары асыр сап ойнар көлдер де, бәрі де әлем бөлшектері. Әлем жүрегі – Еуразия болса, Еуразияның жүрегі – Қазақстан. Ал Қазақстанның бөлшектері – балалар.

   Балалар... Не деген керемет ұғым, керемет атау!? Бала деген – балғын бақыт емес пе? «Болашақ» атты қамалдың іргетасын қалаушылар да осы балалар. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп дана халқымыз айтқандай, елдің ел болып қалыптасып дамуы өскелең ұрпақтарға, балаларға байланысты. «Ана – алтын тамырымыз, бала – балғын бақытымыз» деп, баланы бақытқа теңеп, Ғалым Әріп сияқты ұлы тұлғаларымыздың айшықтауы бекерден-бекер емес-ті.

   Біз – осы бір шетсіз, шексіз әлемнің бір бөлшегі іспеттеспіз. Мынау бір ғажайып әлемнің тірегіміз. Бұл да бір бақыт емес пе? Біз – сыр сандығы мол ғаламның ұландарымыз. Бала болған бақытты сезімдердің бірі емес пе? Әрине, бақыт. Өйткені, арқа сүйер тірек-панаң, саған, болашағыңа зор үміт артар елің, ата-анаң және ұстаздарың бар.

   Біз – бақытты балалармыз. Себебі, ұл-қызын сүйер елі бар, жүрегінің төсінде ойнатар киелі қазақ жері бар, өмір сүріп жатқан, сол ғажаптың ғажайыптарын тамашалап отырған ұлы ғаламы бар, біз – бақытты жандармыз. Бейбіт әлемде өмір сүреміз, барлық жағдай қамтулы, «Бөбегім! Ұрпағым! Ел ертеңі!» деп аялар егеменді «Қазақстан» атты еліміз бар. Кей ұлылар бақытқа теңесе, кей ұлылар жайқалып өсіп келе жатқан әсем гүлге теңер данышпан халқымыз бар. Аша берсең әр сандығы қазынаға толы бүкіл адамзат сүйер әдебиетіміз бар. Ең бастысы – құдіретті ана тіліміз, алтындай қымбат туған тіліміз бар. Бұл – жоғарыда айтылған әлемнің жас ұрпақтары үшін үлкен мәртебе. Осы бақытты сезінсек, жүрегіміз қуаныштан дүрсіл қағып, қиялымыз сансыз ойға шомып, ақ парақ, көк сиямыз да өзімізбен бірге қуанып, шаттанғандай сезіледі маған.

                                Мен – балаң жарық күнде сәуле қуған,

                                Алуға Күнді барып белін буған,

                                Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

                                  Болмасам толған айдай балқып туған,- деп сұңқар жүрек ақын Мағжан Жұмабаев атамыз жырлағандай, біз – қырандармыз. Біз – жарық күнде сәуле қуған, жарық әлемнің көгілдір көгінде қалықтап ұшқан, қанаттары талмас қырандармыз. Ата-бабаларымыз, аға-апаларымыз қорғаған асыл да қымбатты мұра егемендігіміздің өшпегенін қалаймыз. Еліміздің күннің нұры жарқырап тұрған ашық аспанына бұлт төнбей, әрдайым көк жүзінде біздей қырандар қалықтап, нұрлы сәуле жарқырап тұрса, міне, нағыз бақыт осы болмақ. Бүкіл халық, барша әлем, барлық ел егемендіктің қанатында өмір сүрсе, қандай тамаша болар еді?! Өзім атап кеткен, білім қуған қырандар қанаттарын жоғары қаға білсе, сұлу әлем бұрынғысынан да сұлу әлемге айналар еді...

   Біз – әлем балаларымыз. Айтуға оңай болғанымен, түпкі сырларын саралай келгенде мені қатты ойландырды. Саралап келсем, бұл тақырыптың түкпірінде Отан да, жас ұрпақ та, ата-бабалар мұрасы сақталған тарих та жатыр екен. Осы тақырыптар төңірегінде қилы-қилы ойға шомысам, жүрегімде қуаныш дүрсілі соғылғандай естіледі. Барлық ой, барлық тақырып, барлық қуаныш ақ бесікте тербегендей күй кешемін...

   Бұл қуаныштардың ішінде іргелі елім де бар. «Еліміздің, халқымыздың ұландары» деп еліміз бізге арқа сүйесе, біз де өз еліміздің тірегі боламыз. Сүрінсе арқасынан сүйер, жығылса нық тұрғызары – біздер. Жоғарыда Ғалым Әріп ағамыз атап кеткендей, біз – әлемнің бақытымыз, оған әрдайым шаттық сыйлар қуанышымыз. Біздей қырандары барда елдің де, әлемнің де тұғыры берік болмақ.

   Біз әрдайым бейбіт әлемде өмір сүргенімізді қалаймыз. Ешқашан соғыс өрті төнбесе екен. Мына әлемді, әлем ғажайыптарын Аллам соғыс өртінен сақтағай!

   Мен де – әлемнің ұланымын. Мен де – көк қыранымын, әлемнің тірегімін. «Біз – әлем балаларымыз» атты әлемге саяхатта қиял шәрбатынан сусын ішіп, өзімді шетсіз әлемде шексіз бақытты жандай сезіндім. Осы бір ұлы саяхатымды  Ғалым Әріп ағамыздың «Балалар – бақытымыз» атты өлеңімен аяқтағым келеді.

                          Үмітін ата-ананың ақтайтұғын,

                          Ұстаздар шәкіртім деп мақтайтұғын,

                          Балалар – болашағы еліміздің,

                          Бүгінді ертеңменен жалғайтұғын.

 

                          Білім ап, еңбек етіп алмай тыным,

                          Биіктен биіктерге самғайтұғын,

                          Балалар – жас қырандар көгімдегі,

                          Ешқашан қанаттары талмайтұғын.

 

                          Келгенде тәуелсіздік арман болған,

                          Айнымай ата-баба салған жолдан,

                          Балалар тарта бермек тура алға,

                          Намысты ешкімге де бермейтұғын.

 

                          Оларға бар жағдайды жасауда елім,

                          Аялап, қорғап, қолдап, баптап керім,

                          Баянды бақытының бау бағында –

                          Балалар сүйеді Отан, туған жерін.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Мені қызықтырған әлем» атты апталығының қорытынды кеші
Өз елімнің өркендеуі үшін не істер едім?
Әлемде талай қызық бар
«Менің тұңғыш Президентім» атты мерекелік ертеңгілік
Туған жердің тағдыры толғандырады
Ғашықпын Мұқағали жырларына
Біз - әлем балаларымыз
Болашақ қуаты (шығарма)
Ана-әлем шуағы
Ана-әлем шуағы ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3937 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык