Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.


Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, елінің азаттығы үшін шайқасқан жауынгердің ерлігін паш ету;
Оқушыларға батыр тұлғасын таныту,оның ерлік рухтарын үлгі ету.
Мұғалім: Балалар, биыл Жеңіске 70 жыл. Қазақ халқының даңқын шығарып абыройын асырған ұлы- екінші дүниежүзілік соғыстың жауынгермен танысамыз.
Мұғалім сөзі: Құрметті балалар, бүгін біз ерлік пен батылдық туралы әңгімелейміз. Өздерің де батыр болғыларың келеді шығар.Сондықтан ерлік пен батылдықтың не екенін анықтап алу қажет.
Қанша ғасыр өтсе де адамзат тарихында елі мен жерін қорғаған батырлардың ерлігі мәңгі есте сақталады. Сұрапыл соғыс жылдарын ой елегінен өткізсек.
Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлер туралы мәлімет:
Соғыс… әрине, бұл жақсы сөз емес. Оны естігенде көз алдымызға қантөгіс, қырғын, ажал атты қорқынышты көріністер елестері анық.
Ең қанды да қасіретті соғыс XX ғасырдағы екінші жиһангерлік соғыс. Алапат өртті ауыр соғыс өз салмағын жұртқа 1418 күн мен түн, яғни 4 жыл салды.
1941 ж 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды. Қазақ жерінде Отанды қорғау үшін әскери бөлімдер жинақтала бастады. Барлығы 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық полктер және батальондар жасақталды. Қазақстанда жасалған 310 , 312 , 314, 316, 391- атқыштар дивизиялары алғы шепте шайқасты. Соғыс кезінде кеңес армиясы қатарына 1196164 қазақстандық жауынгер жақырылды.
Ұлы Отан соғысында мыңдаған Павлодарлықтар де ерлік көрсетті.
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке - осындай сөздермен біздің жерлесіміз Махмет Қайырбаев туған еліне оралды .
М.Қайырбаев 1925 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Бесқарағай ауданы Семиярка селосында туған.
Соғысқа дейін Семияр орта мектебінде мұғалім болып, жоғары білім алуды мақсат еткен. Соғыс басталып, 17 жасында әскери комиссариятқа барды. 1942 жылы тамызда Қызыл Әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы бірден әскери-артиллерия училищесіне оқуға жіберілді.
Ол кісінің өмірі біздің облысымыздың тыныс-тіршілігімен тығыз байланысып жатты. Оның балалық шағы Аршалы жазығындағы Құлмырза тауы етегінде (Май ауданы) өтеді. Ол Қайырбай Мұқатаевтың шаруа отбасында дүниеге келді. Ұжымдастыру барысында оның отбасы туған жерлерін тастауға мәжбүр болады. Мамыртүбек арқылы (қазір Курчатов) Семиярка ауылына өтеді.
Махметтің жас күнінде оның әкесін халық жауы деп қалай ұстағандары бәрі есінде болатын. Ал соғыс басталған уақытта 16 жасар М.Қайырбаев соғысқа баруға өтініш білдіреді. Бірақ ол кезде рұқсат бермей кейін бір жылдан соң артиллериялық училищеге оқуға жібереді. Жауынгерлік жігерді жас лейтенант Калинин, Смоленск, Витебск түбіндегі шайқастардан дарытты. Ал оған бар жоғы 18 жасқа толған уақытта 1943 жылы батарея басшысы бола жүріп, “Ерлік үшін” медалімен марапатталады.
Сол жылдың сәуір айында соғысқа аттанады. Бас командование резервіндегі 17 дербес танкіге қарсы, жойғыш артиллерия бригадасы құрамында әртүрлі майдандарда соғысты.
1944 жылдың 3 шілдесінде 3-Белоруссия майданының әскерлерімен және партизан құрамаларымен бірлесе отырып, фашистік басқыншылардан советтік Белоруссияның астанасы Минскіні азат етті. Бұл кезде 2-ші Белоруссия майданының әскерлері Березинадан өтіп, Минскіге жылжыған. Соның нәтижесінде Минскінің шығыс жағында жау әскерлерінің 18 дивизиядан тұратын үлкен бөлігі қоршауда қалып жойылды. Осы күндері Москва көшелерімен күзетпен неміс армиясының 60-мыңдай солдаттары, офицерлері мен генералдары өткізілді. Олар советтік астананы тұтқын ретінде ғана көре алады.
Совет әскерлерінің Белоруссия мен Прибалтикада шабуылы одан әрі жалғастырылды. 1-ші Прибалтика майданының әскерлері шілдеде жаңа ірі табыстарға қол жеткізді. Олар литвалық Паневежис, Шяуляй қалаларын және ірі Елгава темір жол торабын азат етті.
Шяуляйдың батыс жағындағы ұрыста Бесқарағай ауданының тумасы, жойғыш танкке қарсы артилерия полкі батареясының командирі аға лейтенант Махмет Қайырбаев ерлік жасады. Қоршауда ұрыс жүргізіп жатқан полк батареяларының біріне көмек көрсетуге бұйрық алған аға лейтенант Қайырбаев өзінің 15 жауынгерімен күші басым дұшпанмен айқасқа түсіп, бұйрықты орындайды, сол жолы үш жау танкісі мен бір батальондай гитлершілді жояды. 1945 жылдың 24 наурызында Махмет Қайырбайұлы Қайырбаевқа Совет Одағының Батыры атағы беріледі.
Соғыстан кейін Батыр, Алтын Жұлдыз кавалері Отанына оралып, қажырлы еңбегіне кіріседі. 1946-57 жылдары Успен және Ермак аудандық атқару комитеттерінің төрағасы, 1957-68 жылдары Краснакутск аудандық партиясының хатшысы болады. 1968-76 жылдары Павлодар облыстық комитеттің 2-ші хатшысы, 1976-1982 жж. Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарады. 9 орденмен марапатталған, соның ішінде Ленин ордені (1945), Александр Невский (1945), Еңбек Қызыл Ту ордендері (1957,1966,1971), І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы, ордендерімен, Октябрь революциясы және көптеген медальдармен марапатталды. Республиканың Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды. 1994 жылы қаланың бір көшесіне Махмет Қайырбаев есімі берілді. 1997 жылы Данқ аланыңда бюст тұрғызылып, ол тұрған үйге мемориалды тақта орнатылды. М.Қайырбаев 1945 жылы Ф.Дзержинский атындағы соғыс академия курсын, ал, 1960 жылы Қазақстан Компартия Орталық Комитетінің Жоғары партия мектебін бітірді.
. Құрметті балалар! Батырлық жасау оңай іс емес, алайда ол-адамдарға қажетті істі орындау кезінде олардың қорқыныш сезімін жеңіп шығуына жәрдемдесетін рухани күш. Ерлік, көбінесе, қоғамдық мәні бар істерде көрінеді. Сондықтан да ол адамның азаматтық қасиеттерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ерлік қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, қабылданған шешімді жүзеге асыру барысында айқын көрінеді.
Хор: « Әрқашан күн сөнбесін»
Қош, сау болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
ЖЕҢІС ТУЫ ЖЕЛБІРЕЙДІ МӘҢГІЛІК
Бауыржан Момышұлы 8-сынып қазақ тілі
Ер есімі- ел есінде
Ерлік ұрпаққа ұран
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның рөлі
Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті
Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында.
Бөлім: Уроки / Тәрбие сағаты | Көрсетілім: 2971 | Қосты: Мугдинова МахаббатЕрмекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык