Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті


Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті

Ерлік сабағы. «Ерлік-елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті»

Қабиев Парух Ғатауұлы.  Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушы.
Исатай ауданы, Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп.
Мақсаты:
1) оқушылардың   бойына  патриоттық  сезімін  қалыптастыру,ерлікке,Отаншылдыққа,елжандылыққа,  аталар  ерлігін  мақтан  тұта  жалғастыруға баулу;
2) батырлар  туралы  ойларын  тереңдету,зерттеу  еңбектерін  сын  тұрғысынан  бағалай  білуге  үйрету,ізденгіштік  қасиеттерін  арттыру;
3) оқушылардың  тарихи  шығармалармен  құжаттарды,архив  материалдарды  тиімді  пайдалану,дағдысын  қалыптастырып,ұлы  адамдардың  өмірінен  үлгі  алуға,олардың  қадірлей  білуге  тәрбиелеу.
  Көрнекілігі: интерактивті  тақта,фотокөрме,буклеттер,альбомдар,Атыраулық Кеңес Одағының 11 Батырының портреттері,Ұлы  Отан  соғысына  арналған суреттер,әдеби  кітаптар,тақырыпқа  байланысты  қабырға  газеттері,қанатты  сөздер,дүние жүзінің,Ауғаныстанның және Атырау облысы  мен  Исатай  ауданының  картасы.
Әдісі: конференция-зерттеу  сабағы.
Сабақтың  барысы:Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Гимні  орындалады.
Бастапқы әскери  дайындықты ұйымдастырушы-оқытушының сөзі: 
Бүгінгі  сабағымыз  Ұлы  Отан  соғысы мен Ауған соғысында ерлік  көрсетіп,аттары  ел  аузында  жүрген  батыр  аталарымызбен   интернационалист-жауынгерлерге  арналады.Бұл  соғыстың  салған  жарасы  әлі  күнге  дейін  барлық  ұлттың  жүрегінде  жазылмады,әлі де  сақталуда.Мұны  ешқашан  ұмытпаймыз.Осы  жарқын  өмірді  сыйлаған әке,аға,әпкелеріміздің  ерлігі  мәңгі  үлгі.Қай  соғыста  болмасын  елін,жерін,Отанын  қасық  қаны  қалғанша  қорғаған  батырлар  болған.Ұлы  Отан  соғысында да  біздің  облысымыздан 11 азамат  Кеңес  Одағының  Батыры  деген құрметті   атаққа  ие  болды.Оларды дәріптеу,құрмет  тұту,елге  таныстыру,келешек  ұрпаққа  мұра  етіп  қалдыру  мақсатында  оқушыларымыз жан-жақты  мақалалар мен  тарихи деректерді жинастырып,батырларға  арналған  мұражайларды  аралап  тың  деректерді   топтастырып  үлкен  конфереция сабақ өткізгелі  отырмыз.10  сынып  оқушылары  әр  саланың  маманы  болып,сол  бағытта  материалдар  жинастырды.Олар «Жас  тарихшы», «Жас  географ», «Әдебиетші», «Статистика  маманы», «Жас  өлкетанушы», «Жас  археолог», «Жас  тілші».
Тарихты  ұмытпау,Отанды  ұмытпау  деп  білеміз.
1 жүргізуші: Ұлы  Отан  соғысының  құрбандары  мен Ауған соғысында  қаза  болған  ағаларымызға  тағзым  етіп  1  минут  үнсіздік  жариялаймын.
2 жүргізуші: Иә, Ешкім  де,ешқашан да,ешнәрсе де  ұмытылмақ  емес!Ұлы  Отан  соғысы  мен  Ауған  соғысы  бұл  қалай  басталып  еді?
Тарихшы:1939 жылы 1  кыркүйекте фашистік Германия  Польшаға  шабуыл жасады.Ал,3  қыркүйекте  Англия  мен  Франция  Германияға  соғыс  жариялады.Осылайша  екінші  дүниежүзілік  соғыс  жариялады.Осылайша  екінші  дүниежүзілік  соғыс  басталды.Фашистік  Германияның  мақсаты-Кеңес  Одағын  жаулап  алу  еді.Оның  мақсатын  орындау  үшін.  «Барбаросса» жоспарын  жасады.
Оны 18  желтоқсанда 1940  жылы  фашистік Германияның  басшысы  Гитлер  бекітті.Фашист әскерлерінің «Оңтүстік», «Орталық» және «Солтүстік»  атты  үш» армиялық  тобы  құрылды.
      1978  жылы  Ауғаныстанда  сәуір  айында  төңкеріс  болып,оның  арты  аяқталмас  соғысқа  айналды.Бұл  қайрат  елдің  өз  ішінде  ғана емес,оған  сырт  мемлекеттердің  қатысуымен  де  ұзаққа  созылды.Ауғандағы  және  оның  айналасындағы  шиеленісті  жағдайлардың  өршуіне  байланысты  ауғандық  жетекшілер  тарапынан  Кеңес  Одағына  өтініштер  түсе  бастады.
Географ: 1939  жылдан  бастап Германия  Польшаға  шабуыл  жасады.1941  жылдың  жазына  дейін  бүкіл  Батыс Еуропаны  жаулады.(Дүние  жүзінің  картасынан   көрсетеді) 1941  жылдың  22  маусымында  таңғы  сағат 4-те Гитлер  Әскері  тұтқиылдан  шабуыл  бастады. Соғыстың  алғашқы  сағаттарынан  бастап-ақ  жау  ұшақтары  Кеңес  әскерлерінің  маңызды  орындарын  жаппай  бомбалады.
    1979  жылы   25  желтоқсанда  Мәскеу  уақыты  бойынша  сағат 15.00-дк  КСРО қорғаныс  Министрі  берген  бұйрығымен  Ауғаныстанға  Кеңес әскерін  енгізу  басталды.Командирлер  бұл  қысқа  мерзімдік акция,тапсырманы  орындаймыз да кетеміз  деді.Ал  бірақ  акция  тағы  үш  жылдан  астам  уақытқа  созылатының  олар  білмеді.Кеңес  әскерлерінің  Ауғаныстанға  енгізілгені  Кеңес  басшыларының  өрескел  қателігі  болды.
Әдебиетші:   Ұлы Отан соғысы туралы жыр.  Қасым Аманжолов. 1943 ж.
Статистика маманы:  Гитлершілер соғыстың  бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай ұшақты, 3700-дей танкті, 50 мыңдай қару жарақ, пулемет пен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген жау әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.
     Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында бір миллион 873 мың қазақстандық болды. Ұлы Отан соғысында 11600 адам Кеңес Одағының Батыры атанса, оның 497-і қазақстандық болды, 110 қазақстандық  үш дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды, Атырау облысынан 9 Кеңес Одағының Батыры, 1 «Халық қаһарманы»  және 4 үш дәрежелі «Даңқ» орденінің иегерлері шықты.
     Соғысты кинодан қарағанда қызық, ал өмірде бұл мүлде керісінше. Соғыс жан алып , жан беру. Соғыс халықтын басына келген қасірет жұт. Ауған елінде 1979-1989 жылдары 10 жыл бойы, 110 айға созылған ұрыс қимылдары жүрді. Осы Ауған соғысында Кеңес Одағынан 14553 жауынгер қаза тапты,Қазақстаннан 22269 жауынгер қатысты, 898 жауынгер құрбан болды, 22 жауынгер із-түзсіз жоғалды. Соғыста 417 жауынгер тұтқынға  түсті, 119 жауынгер тұтқыннан босатылды.  Мемлекеттік кино мен радиодан, Құрылыс Министрлігінен 20 адам, ішкі әскерден 28 адам, Ұлттық қауіпсіздік комитетінен 572 адам қаза тапты. 2238 күнге созылған Ауған соғысында  Кеңес Одағынан 150051 адам оққа ұшты, 118 ұшақ , 800 танк , 11369 әскери техника қирады.
1 жүргізуші.   Атырау облысында біздің бүгінгі бейбіт өмірде шаттанып, аман-есен отырғанымызға өз үлестерін қосқан Кеңес Одағының Батырлары кімдер екен? 
(Кеңес Одағының Батырларының портреттері интерактивті тақтадан көрсетіледі.)
1 өлкетанушы: Смағұлов Қайырғали  1919 жылы Гурьев (Атырау) обылысына қарасты бұрынғы Бақсай (Махамбет) ауданының Теңдік ауылында өмірге келді. Он жасында Оралдағы балалар үйінде тәрбиеленіп, 7-сыныпты сонан бітіреді. Жастық шағын  Атырауда өткізіп, балық консерві комбинатында еңбек етеді. 1939 жылы қызыл әскер қатарына алынды. Ұлы Отан соғысы майдандарына қатынасты . Қайырғали Смағұлов Дондағы Ростов, Новороссийк жерлерімен Керчь түбегінде ұрыста ерлік көрсеткені үшін 1943 жылы 17 қарашада Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Оның өмірі мен ерлік істері белгілі жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романына арқау болды. Батыр жауынгер өмірден 1993 жылы өтіп, денесі өзі туып өскен Теңдік зиратында жерленді.
2 өлкетанушы: Нысанбаев Боран 1918 жылы қазіргі Индер ауданында өмірге келді. 1942 жылы әскер қатарына шақырылып, минометші әскери мамандығын меңгереді. 137 атқыштар дивизиясының 771 полкіндегі минометшілер ротасының жауынгері ретінде бірнеше ұрыстарға қатынасады. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін бірінші дәрежелі «Отан соғысы» Орденімен марапатталады 1943 жылы Орел облысының Лески деревнясындағы ұрыста жаудың атыс ұясын (дзотын) кеудесімен жауып, Александр Матросовтан бұрын ерлік көрсетіп қаза табады. Егер кешегі  Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің  98 жауынгері А.Матросов ерлігін көрсетсе, оның 58-і одан бұрын ерлік көрсеткен болса, соның бірі Боран Нысанбаев. Осы ерлігі үшін қаза тапқаннан кейін оған 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.
3 өлкетанушы: Баймұханов Мұса 1910 жылы Қызылқоға ауданында қарапайым мұнайшының жанұясында өмірге келген. Ол тау- кен металлургия институты жанындағы жұмысшы факултетін бітірген. Бүгінгі Мақат ауданында мұнай өңдеу операторы болып еңбек еткен. Мұнан басқа Доссорда, Сағызда мұнай саласында қызметте болды. Атырау қалалық прокуратурасында тергеуші қызметін атқарған. 1941 жылы маусымда әскер қатарына алынып, Ленинград майданының құрамында взвод командирі дәрежесінде қызмет етеді. Майданда бірнеше рет ерлік көрсетіп қаза тапқаннан кейін 1945 жылы Кеңес Одағының Батыр атағы берілді. Мұнан басқа «Ерлігі   үшін» медалінің, Ленин, Еңбек Қызыл Ту, 1 дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды.
4 өлкетанушы: Березин Иван Николаевич 1923 жылы Есбол (Индер) ауданында өмірге келген. Осы ауданнан 1943 жылы әскер қатарына шақырылып Белоруссия, Балтық бойын жаудан құтқару шайқастарына қатынасады. 1944 жылы Батыс Двинадан жауынгерлерді бастап өзеннен өтіп жол ашып, жауды талқандап, осы жолда өзі ерлікпен қаза табады. Осы ерлігі үшін оған қаза тапқаннан кейін 1945 жылы 24 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. 
5 өлкетанушы: Мазуров  Филипп Савельевич 1903 жылы Теңіз  (қазіргі Құрманғазы) ауданына қарасты Кудряшова селосында өмірге келген.1942 жылы қызыл әскер қатарына алынып майданға түседі.Ол Белоруссия жерін жаудан тазартуда, әсіресе  Гомель облысы,Лось ауданы маңында Днепр өзенінен өту үшін ұрыста ерекше ерлік көрсетеді.Ол қайықпен 9 рет рейс жасап 55 жауынгерді қару-жарақтарымен өзеннің екінші бетіне аман-есен өткізеді.Осы ерлігі үшін ол Кеңес Одағының Батыр атанады.Соғыстан кейін Ф.С.Мазуров Астрахан қаласында тұрып,еңбек етеді.1970 жылы желтоқсанда осы Астрахан қаласында қайтыс болып,сонда жерленеді.
6 өлкетанушы: Канцев Геогрий Федорович 1907 жылы Гурьев (Атырау) облысына қарасты Бақсай  (Махамбет) ауданында дүниеге келген.1941 жылы әскер қатарына алынғаннан кейін Калинин, Орталық Белоруссия майдандарының жауынгері ретінде бірнеше рет шайқастарға қатынасты.Нарев (Польша) өзенінің Бучтың саласында болған шайқаста ерлік көрсеткені үшін 1945 жылы 24 наурызда  оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыс аяқталғасын өзінің  туған ауданына оралып, сонда еңбек етеді.1978 жылы сол Махамбет ауданыда өмірден өтті.
7 өлкетанушы: Иван Федорович Махорин 1916  жылы Есбол  (Индер) ауданының Горы селосында өмірге келеді.Әкесі Атырау өңірін ақ бандылардан азат етуде қаза тапқаннан кейін жанұясымен Қарақалпақстанға көшіп,сол жерден 1942 жылы әскер қатарына алынады.Бірінші Украина майданынының құрамында Днепр өзені бойында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1944 жылы оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыстан кейін Қызылордада  өз мамандығы бойынша еңбек етіп, туған жері Атырауға келіп тұрды.1998 жылы қайтыс болды.
8 өлкетанушы: Афанасьев Александр Никифорович 1914 жылы Гурьев (Атырау) облысының  Теңіз( Құрманғазы) ауданың  Ганюшкино селосында балықшы жанұсында туған.Осы ауданда оқып,кейін жұмысқа араласып,балық,сауда саласында,шикізат дайындау мекемесінде еңбек етеді.1942 жылы әскер қатарына шақырылып,бірден майданға түседі.1942 жылы  Воронеж облысын жаудан азат етуде пулеметші А.Афанасьев  50 неміс фашисінің  көзін жойып,көрсеткен ерлігі үшін 1943 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы қаза тапқаннан кейін берілді.
9 өлкетанушы: Доспанова Хиуаз бұрыңғы Гурьев (Атырау) облысының Теңіз (қазіргі Құрманғазы) ауданында 1922 жылы өмірге келді.Орта мектепті алтын медальмен бітірген Хиуаз Москвадағы мединица институтына  түсіп,сонда оқып жүргенде соғыс басталып,өзі сұранып дүние жүзінде бірінші болып құрылған әйелдердің Марина Раскова басқарған ұшқыштар полкіне алынады.Үш жүзден артық соғыс тапсырмасын орындап Кавказ,Қырым,Украина,Белоруссия,Польша, т.б елді мекендерді азат етуге қатынасты.Осы көрсеткен ерліктері үшін соғыс жылдарында «Қызыл Жұлдыз» II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен,бірнеше медальдармен марапатталады.Соғыста екі аяғынан ауыр жарақат алып елге оралып,бейбіт еңбекке араласады.Орал(Батыс Қазақстан) облысы партия комитетінің  қызметкері,Қазақстан Орталық комсомол комитетінің бірінші хатшысы,Алматы қалалық партия комитетінің екінші хатшысы,Қазақстан Орталық партия комитеті мәдениет бөлімі меңгерушісінің орынбасары,Қазақ Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болды.
     2004 жылы желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Хиуаз Доспанованың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен ерлігін ескеріп,оған еліміздегі ең жоғары наградасы «Отан» орденімен қоса «Халық қаһарманы» атағы берілді. Хиуаз Доспанова Атырау облысы Әкімі А.Мусиннің шешімімен «Бейбарыс» сыйлығымен марапатталды.
10 өлкетанушы: Мусаев Мұқат 1919 жылы Теңіз(қазіргі Құрманғазы) ауданың Қошалақ селосында туған.Кейін жанұсы Астраханға көшеді.Осы жерде ол 1944 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, бірден майданға аттанады.Майданда пулеметшілік әскери мамандығын меңгереді.Венгерия жерін азат етуде фашистердің 60 жауынгерін құртып көрсеткен батылдығы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.Соғыстан кейін елге оралып,1954 жылы қайтыс болды.
11 өлкетанушы: Еркінов Шүкір Таңатұлы Гурьев (Атырау) облысының Қызылқоға ауданында 1924 жылы өмірге келген.Әскер қатарына 1942 жылы шақырылған Еркінов Шүкір Белоруссия майданында барлаушы болып бірнеше ұрыстарға қатынасып,тамаша ерліктер көрсетеді.Сол ерлігі үшін ол үш рет(I-II-III дәрежелі) «Даңқ» орденінің иегері болады.Соғыстан кейін 1947 жылы елге оралып,облыстық қаржы басқармасында еңбек етеді.Алайда соғыста алған жарақаттары сыр беріп,1949 жылы Гурьев қаласында қайтыс болды.
12 өлкетанушы: Әліпов Ғизат Мұқашұлы Гурьев (Атырау) облысының Теңіз(Құрманғазы) ауданында 1924 жылы өмірге келген.Ұлы Отан соғысы басталғанда 1942 жылы майданға аттанып, Батыс,Бірінші Украина,Бірінші Белоруссия майдандары құрамында және Берлин операциясы сияқты ірі-ірі шайқастарға  қатынасып тамаша ерліктер  көрсетеді.Оның бұл ерлігі  ескерусіз қалмай(I-II-III дәрежелі)Даңқ орденімен мараппаталып,толық иегері болады.Соғыстан кейін елге оралып,осы  ауданның «Коммунизм жолы» кеңшарында зоотехник бөлімше меңгерушісі  болып еңбек етеді.Ауыл шаруашылығына  қосқан ерен еңбегі үщін Ғ.Әліповке 1980 жылы «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген ауылы шаруашылық қызметкері» атағы  беріледі.Ғизат Әліпов 1987 жылы қайтыс болып,денесі Атырау қаласынды жерленеді.
13 өлкетанушы: Шамин Гаврийл Петрович 1923 жылы Гурьев (Атырау) облысынына қарайтын Есбол (Индер) ауданының Гребенщиков селосында туған.Соғысқа дейін сол Индерде геология барлау экспедициясында еңбек етеді.1941 жылы әскер қатарына алынып, бірнеше ұрыстарға қатынасады.Барлаушы ретінде ірі шайқастарда ерен ерлік көрсетеді.Сол ерлігі үшін Г.Шамин «Даңқ» орденінің (I-II-III дәрежелі) толыиегері болады.Соғыстан елге оралған ол Гурьевте(Атырауда) бейбіт еңбекке белсене араласады.1995 жылы Гурьев  (Атырау) қаласында қайтыс болды.
14 өлкетанушы: Полынин Евгениий Михайлович 1914 жылы Гурьев (Атырау) облысы Жылыой ауданында дүниеге келген.Осы ауданда әр түрлі жұмыстар атқарып 1942 жылы әскер қатарына шақырылып,соғысты Москва түбінен бастап,Кенигсбергке дейін болған шайқастардың  бәріне қатынасты.Осы шайқастарда көрсеткен батырлығы үшін I-II-III дәрежелі «Даңқ» орденінің толық иегері атанады.Соғыстан кейін елге оралып Гурьев (Атырау) қаласындағы мұнай өңдеу заводында еңбек етті.Әке жолын қуып,қызы Оля осы заводта лабораторияда еңбек етсе, ұлы Владимир осы  Атырау қаласында 1991 жылы өмірден өтті. Атырау қаласында 1991 жылы өмірден өтті.
2 жүргізуші:Атырау қаласында, батырлардың туып өскен жерлерінде оларға мектеп ,көше  аттары беріліп,мұражайлар ұйымдастырылған,ескерткіштер орнатылған.
1 жүргізуші:Күні бүгін ауданымызда қанша  Ұлы Отан соғысы мен      Ауған соғысы ардагері бар екен?
Тарихшы:Исатай ауданында күні бүгін 7 Ұлы Отан соғысына қатынасушы мен 4 Ұлы Отан соғысының мүгедегі бар.Олар:Аққыстау селолық округінде:Исақұлов Хисметолла,Шолимов Есқали,Мұханбетов Мақаш,Тұшықұдық селолық округінде Өтеғалиев Үмбет,Маңғыбаев Нәби,Жантілеуов Қалыбай,Беркалиев Мұхат,Забурын селолық округінде Ғұбашев Ережеп,Нарын селолық округінде Ғалиев Әліп,Исатай селолық округінде Бөлекбаев Көшер,Қамысқала селолық округінде Қабиев Ғатау.
Тарихшы:Исатай ауданы бойынша Ауған соғысына  11 жауынгер қатысты.Олар Аққыстаулық-Мұратов Есім,Мусин Болатжан,Қазыбаев Теміржан,Рысқалиев Нұрқуат,Әбуов Жомарт,Тұшықұдықтық-Садихов Дабысқали,Абдолов Айболат,Қамысқалалық-Мұхтаров Әлмұрат,Құмаров Қадіржан,Хасанов Арсылан,Жанбайлық-Тастанов Жантемір.
2- Жүргізуші:  Зерттеу барысында  ауылымыздан Ұлы Отан соғысына қатысқан  ардагерлер мен Ауған соғысына  қатысушы  интернационалист  жауынгерлердің  фотосуреттері мен  өмірбаяны туралы  қысқаша мағұлмат, олардың ордендері мен медальдары және  құжаттарынан  көрме ұйымдастырдық.Бұл туралы жас  археолыгымыз не дейді екен?
Археолог:  №1 стенд.  Ауылымыздағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері туралы баяндайды. 
Аудандық «Нарың таңы» газетінде  Ғатау атамыз  туралы жазылған  мақалалар туралы. Ауылымыздағы Ауған соғысына  қатысушы интернационалист – жауынгерлер туралы қысқаша мағұлмат  береді.
Өлкетанушы:  Нарың таңы газеті 07.05.2009ж Ғатау ағамыз 1922 жылы Орал (казіргі Батыс Қазақстан) облысының  Жанқала ауданындағы №12 ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Елбасына күн туған сол бір жылдары  он тоғызға жана туған өрімдей жас жігіт екен. Сол он тоғызында қолына қару алып, майданға аттанған ол Прибалтика, Украина, Беларуссия республикаларын жаудан азат етуге  қатысқан. Әйгілі Пурск шайқасында атқыштар бөлімшесінің командирі болған майдангер жан алысып,  жан беріскен алапат ұрыстардың бірінде жарақат алып, елге ІІ  топтағы мүгедек болып оралды. Ұлы Отан соғысы  майдандарындағы  осындай  жанқиярлық әрекеттерімен ІІІ дәрежелі «Даңқ» , «Қызыл жұлдыз», «Ерлігі үшін» және ІІ  дәрежелі «Отан соғысы» орденьдерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Кеңес Одағының  Маршалы  Г. К. Жуков медалімен , Беларуссия мен Украинаның  неміс – фашист басқыншыларынан  азат болуының 60 жылдық медальмен марапатталған. Рига қаласы үшін кикілескен ұрыстарда көрсеткен өжеттілік, батылдығы мен ерлігі, үздік жауынгерлік әрекеттері арқасында Кеңестер Одағының Маршалы Жоғарғы Бас  қолбасшы Сталиннің алғыс хатына ие болған. Соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстарына қатысып, аянбай тер төкті. «Еңбек ардагер» медальнің иегері. Беларуссияны  неміс – фашист басқыншыларынан  азат етудің 60- жылдығымен  Ұлы жеңістің 60 жылдығы мерекесіне  Беларусь Республикасының Преизиденті   А. Лукашенкодан  Құттықтау хат та алған аудандағы  бірден-бір соғыс ардагері көп жылдар бойы  байланыс мекемесінде еселі еңбек етті.
1-жүргізуші:  Соғыстың заңы қатал. Ол ешкімді аямайды. Бетпе – бет келген жауды аямауға тиіссің. Сол жас жігіттерді соғыс мына өмірге ойлы көзбен қарауға үйретті. Сондай ағаларымыздың бірі қонақта. Енді осы атаулы күнге орай  тарих беттерін парақтап, сол бір жылдары көзімен көрген  ауған соғысының ардагерлерін әңгімеге тартайық (сұрақ қою) 
2-жүргізуші: Бүгінгі ерлік сабағына қатысушы ардагерлерге  оқушылар естелік сыйлықтар тапсырады.
1-жүргізуші: Иа, қара жерді дөмбекшітіп, жазықсыз жандардың  жанын жазылмас жарамен қан жылатқан, көп ұлтты кеңес халқының ер жүректілігі мен ханға сінген  қаһармандығы әлем алдында  тағы әйгілі еткен  екінші дүниежүзілік соғыстың  аяқталғанына  биыл 68  жыл толғалы отыр. Ерліктің салтанатты жеңісіне   68 жыл  уақыт өтсе де , соғыс қан төгісін  басынан кешірген адамдар соғыс салған   азат пен қасіретті бүгінгі күнге дейін  ұмытқан емес және  бұл еш уақытта да ұмытылуы мүмкін емес.
Хамит Ерғалиев.  «Ұмытпан»
Мұғалімнің қорытынды сөзі. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
 Әдебиеттер тізімі:
1.Тарихи тұлғалар. Алматы. 2005 ж.
2.Қаhарман қыз-Хиуаз. Алматы «Ана тілі» баспасы, 2012ж.
3.О павших в Афганистане. Алматы.2000ж.
4.Атырау газеті.2005ж.7.05.N54(18365)
5.Нарын таңы газеті.2009ж.7.03.N19 (3399)
6.Нарын таңы газеті. 2010ж.28.01.N 3437)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің атам-майдангер
Мен атамды мақтан тұтамын
Махмет Қайырбаевтың 90 жыл туғанына арналған . «Өшпес ерлік – ұрпаққа мұра .» атты тәрбие сағаты.
Берлинге жеткен атам
Ару қыздар – алаулап от кешкендер!
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Қазақстандықтар Ленинград және Мәскеу үшін шайқастарда
Ерлік - елдің қасиеті, жүректілік -жігіттің қасиеті
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 10835 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык