Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ…!


«Өнегелі салтың бар, өсер ұрпақ…!

 «Өнегелі салтың бар,  өсер  ұрпақ…! 

Мақсаты: ұлттық  қазынамыз салт-дәстүрлерімізбен таныстырып,  рухани  байлықты  қадірлеп- қастерлеу керектігін түсіндіру.

«Салт-дәстүрің салтанатың!» тақырыптық сөресі ұйымдастырылады.

Сахна ашылғанда күй ойналып ортаға ұлттық киімдегі  той жүргізуші қыз бен жігіт шығады.

Жігіт: Армысыздар, ағайын тойға келген

Айтайын өлеңімді ойдан өрген

Алдымда сіздердей ел отырғанда

Өнерді аяймыз ба бойға берген?

Қыз: Той дегенде жыр дейміз, өлең дейміз

Бастайды деп тойды кім елеңдейміз?

Қазағымда осындай той бола берсін

Той бастаудан бүгін біз бөгелмейміз

Жігіт: Өнерменен жетсін елге ойдағымыз

Орындалсын асқақ арман ойларыңыз

Асыл ел ақ тілекпен тау тұрғызар

Бүгінгі құтты болсын тойларыңыз!

Қыз: Бәрекелді, жиналайық. «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата- ананың тілегі әрі парызы. Бүгін бізде «қыз ұзату» тойы. Тойға ниет етіп келген ағайын, ұзатылар қызды  күйеу баламызбен бірге қошеметпен қарсы алайық.

Музыка ырғағымен қызды жеңгелері алып келеді. «Үкі тағу» рәсімі жасалады.

Жеңге: Уа ағайын, бүгін бізде қуанышты күн! Жүрегіңнен айналайын екі жас, махаббатты сезінген. Бастарына бақ қонып, тіл – көзден сақтасын деген ниетпен екі жасқа үкі тағайық. Ал сіздер соның куәсі болыңыздар.

Үкіні тағады.

Жеңге: Ал, екі жас, мәңгі бірге болыңыздар!

Жігіт: Ау, халайық не тұрыс? Тойдың сәнін келтірер әсем биге кезек берейік.

Қазақ биі

«Сәукеле кигізу»дәстүрі көрсетіледі

Жеңгесі: Ал ерке қыз еркелеуші ең бағыңда

Еркелетер сыңарың бар жаныңда

Жеңге деген атты сен де киесің

Барған жерде сәлем салып  басыңды төмен иесің

Қарағым, сәукеле жұбайлық өмірдің басталғандығын білдіреді.  Шаңырағың берік, қадамың құтты болғай.

«Шарғы салу» дәстүрі

Ұзатылар қыз: - Сіңлім, мына орамалымды саған тапсырамын. Ендігі кезек сенікі. Сен де өз бағыңды тауып, бақытты бол, күнім.

Анасы: Қазақта қыздың жасауын кішкене кезінен дайындап, «Алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді» дейді екен. Мен де қызымның жасауын дайындап қойдым. Сыртта түйеге артулы тұр.

«Қыз көші» көрсетіледі

Жеңге: Ал ерке қыз қарайлама артыңа

Адал жұртың жолықсыншы талқыңа

Қариялар ақ батасын берсін деп

Қолды жайып қолқа салдым халқыма

Қария: Бисмилляһи- р-рахман ир рахим  

Уә, жаратқан ием құдірет!  
Тілегімізді қабыл ет,

Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін. Құдай қосқан жарына бақ болып қонып, қосағымен қоса ағарсын!

Жігіт: Ал ағайын, қызымызды ақ  тілеумен босағамыздан шығарып салайық.  Айналайын қарындасым, артыңа қарайлама! Барған жеріңде бағың ашылсын. Ақ жол!

«Ақ жол» болсын деп жолына ақ мата төсеп шығарып салады.

Қыз «сыңсу» айтады

 

Ортаға өлең оқитын оқушылар біртіндеп шығады.

Қыз: Бұл күнде қазақ елі өнегелі салтын сақтап, дәстүрін дәріптей ұрпағына аманат етіп қалдыра отырып, әлемдік аренадан өз орнын ала білді.

1-оқушы: Сен – қазақсың!
Қазақ деген ел бөлек,
Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.
Киіз үйі Жер сияқты жұп-жұмыр,
Шаңырағы күн сияқты дөңгелек.
2-оқушы: Мен – қазақпын!
Ұлы дала – тұғыры.
Күмбір-күмбір күрескерлік – ғұмыры,
Тірескеннің дірілдеткен тізесін
Тұлпарыңның тұяғының дүбірі!
3-оқушы: Сен – қазақсың!
Алғызбайтын барыссың!
Ар – ожданның асқағысың, намыссың!
Тағдырыңды танығысы келгендер
Тасқа басқан тарихыңмен танисың!
4-оқушы: Сен – қазақсың!
Отаншылсың, тектісің!
Досыңа адал, дұшпаныңа кектісің.
Бұл далаға мұрагерлік, иелік — Ұрпақтарға ұлы аманат деп түсін.
5-оқушы:
Сен – қазақсың!
Қазақ едің туғанда!
Онда, дүние тағылымынан үлгі ал да,
Ата жұрттан, Ана тілден айрылма,
Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

Осы кезде ортаға ұлттық киімде, қолында еліміздің жалаушасы бар 1сыныптың ұланы шығады.

Кішкентай ұлан: Әй, тәкаппар дүние,

                               Маған да бір қарашы

                              Танимысың сен мені,

                              Мен – қазақтың баласы!

«Қазақстан» әні орындалады.

Залдың алдыңғы қатарынан бишілер орын алады.

Залдан «Жас Ұландықтар» кіреді. Олар 2 қатарға тізіледі.

Жігіт: Қымбатты көрермен қауым! «Өнегелі салтың бар,  өсер  ұрпақ…! атты Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебінің әзірлеген бағдарламасы аяқталды.

Қыз: Назарларыңызға рахмет!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қынаменде ( Ұрын келу )
«Қыз - өріс, қыз – қонақ»
Қазақтың салт-дәстүрі.
Қош келдің-Әз наурыз!
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
Жігіт сұлтаны.
Тойбастар, сәукеле.
Туыстық атаулары
Наурыз - думан
«Қош келдің - Наурыз».
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 3036 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык