Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жігіт сұлтаны.


Жігіт сұлтаны.

Жігіт сұлтаны.

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 2 -3 сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғамақ,
Ел дәстүрін қорғамақ.
Жігіттер шықсын ортаға,
Бүгін сұлтан атанбақ.
Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне біздің сыныптағы
бес жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.
Тәрбие ісінің меңгерушісі Қасмағамбетова Рима Жәдігерқызы

Бастауыш сынып мұғалімі Бикужиева Гүлмарал Сүйнәліқызы

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дамытуға,
Жігерленіп келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен табысуға.

1. Қуантады білімімен бізді Мансур
Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

 

2. Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің Ернар

Көрінген күштің басынан
 

3. Біледі ол жақсы менен жаманды
Өнерімен тамсандырған адамды
Қошеметпен шақыралық ортаға
Кунаров Әділет  атты жігіт болған сарбазды

4. Сүрінбей сыннан өтемін
Мақсатыма жетемін деп келе жатқан Ильдар

5. Жігіттің дара туған ірісіндей
Жүрісі батырлардың жүрісіндей
Келбетті батыр тұлға
Сом білек Қажымұқанның інісіндей Куандыков Әділет

Әр сайыскер сандар суырып, нөмірлерін тағады.

І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

2 бөлім:  «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )
Ал, кәнеки қырандар
Босқа қарап тұрмаңдар.
Бастап жігіт өнерін
Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз үйден дайындап келген өнерлерін ортаға салады.

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

3 - бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (күш, білек сайысы гир көтеру)

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар
Оның сырын ашқанда жұрт қызығар
Жауаптарын табама екен бұл жігіттер
Сондықтан қойылатын сұрақтар бар.

 

4 - бөлім. «Көңілі ояу, көзі ашық» (сұрақ - жауап)

 «Біреу білмегенді біреу біледі» дегендей салт - дәстүрге байланысты сұрақ - жауап.
              1-оқушыға:

  1.  Төрт түлік малды ата.
    2. Түйенің сүтін ата.
    3. Киіз үйге жарық қайдан түседі?
    4. Сәби баланың төсегін ата.
    5. Ер жігіттің бес қаруын ата.
    (Мылтық, садақ,найза,қылыш,айбалта.)
    6. Қазақтың ұлттық ойындарын ата.
    7. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам
     

   2-оқушыға:

  1.  Жеті атаңызды атаңыз
    2. Жеті қазынаға нелер жатады?

    3. 7 күнді ата
    4. Бес асыл істі атаңыз, бес дұшпанға не жатады?
    5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіз?
    6. Ер қаруы бес қаруды атаңыз?
  2. Қ.Р – ның астасы

   3-оқушыға:

  • Балдан тәтті кім? (бала)

2. Үйдегі алтын адам кім?

3. ҚР Тәуелсіздікті қашан алды?

4. Қазақ ғарышкері кім?(1992 жыл 2 қазан Т. Әубәкіров)

5. Үш биді атаңыз.

6. Төрт түліктің пірін атаңыз.

(Түйе пірі-Ойсыл қара, жылқы пірі- қамбар ата,сиыр пірі-Зеңгір баба, қой пірі-Шопан ата, ешкі пірі-Шекшек ата.)

        7.  Баланы неше жастан атқа мінгізген? (бес,алты)

 

  1.  

1. Биенің сүті

2. ҚР ның президенті кім?

3.Бала жүре бастағанда жасалатын  салт

4.Күз айларын ата

5. Музыка неге үйретеді?

6. Асық ойындарын ата

7.Қандай бата білесің?

 

  1.  
  2. Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
  3. 1 аптада неше күн бар?
  4. Әбілхан Қастеев кім?
  5. 1 жылда неше ай бар?
  6. ҚР Мемлекеттік Гимнінің әнін кім жазған?
  7. Дина Нұрпейісова кім?
  8. 103 нөмірлі қандай машина?

Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

Тулепова Айымның тіл туралы тақпағын қабыл алыңыздар.

5 –бөлім: Сайысымыздың келесі түрі «Мақал – мәтелдің жалғасын тап»
Қазақ шешен халық. Халықтың шешендік дәстүрін жалғастыру әрбір перзенттің міндеті.

Әр жігітке 7 мақалдан  беріледі,олар жалғасын табулары керек.

        1-оқушыға:

1.   Досы жоқ адам – (тұзы жоқ тағам.)

2. Тазалық- (денсаулық кепілі) 

3. Отан – (оттан да ыстық. )

4. Оқу –білім бұлағы, (білім- өмір шырағы.)

5. не? – инемен құдық қазғандай.

6.Оқусыз білім жоқ , (білімсіз күнің жоқ.) 

7.Ашу дұшпан, (ақыл – дос)

   2-оқушыға:

1.Білекті бірді жығады ,  (білімді мыңды жығады. )

2. Әдепті бала - арлы бала  (Әдепсіз бала – сорлы бала).

3. Еңбек етпесең, елге өкпелеме, (Егін екпесең, жерге өкпелеме).

4. Әдептілік, ар - ұят,(Адамдықтың белгісі.)

5. Алтын, күміс тас екен, (арпа, бидай ас екен.)

 6.Тіл тас жарады.(Тас жармаса, Бас жарады.)

7.Бас кеспек болса да, (Тіл кеспек жоқ.)

   3-оқушыға:

  1. Отансыз адам –( Ормансыз бұлбұл)
  2. Піл көтермегенді, (тіл көтереді.)

3.Әдепті бала – арлы бала, (Әдепсіз бала – сорлы бала.)

    4.Татулық – табылмас … (бақыт).

    5.Бірлік болмай … (тірлік болмас).

    6.Жері байдың - …. (елі бай).

   7.Көз қорқақ, …. (қол батыр).

  1. -оқушыға:

1.    Туған жердей жер болмас,(Туған елдей ел болмас.)

  1.  Ел іші (алтын бесік)
  2. Ананың сүті—бал, Баланың тілі — бал.
  3. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.
  4. Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.                       
  5.  Білім – таусылмайтын кен.(Ақыл - тозбайтын тон)
  6. Әдепті бала ата-анасын мақтатар, (Әдепсіз бала ата – анасын қақсатар.)

 

  1.  

     1.Үлкенге – құрмет,  (Кішіге – ізет. )                                      

        2.Еңбектің наны тәтті, (Жалқаудың жаны тәтті.)

     3.Аққуды атуға болмайды,(Достықты сатуға болмайды.)

     4.Жаңбыр жауса жер ырысы, (Батыр туса, ел ырысы)

     5.Ананың көңілі балада, ( Баланың көңілі далада.)

     6.   Ананың сүті- бал,( Баланың тілі- бал.)

     7.Қына тасқа бітеді,   (Білім басқа бітеді.)

     Әділқазы алқалары бағаларын берсін.

 

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.
Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі
«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.
Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Лагерь ханзадасы мен ханшайымы-2014»
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
Жігіт сұлтаны
ЖІГІТ СҰЛТАНЫ
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
Мақал – мәтелдер
Білімнің бастауы –бастауыш
Төрт - түлігім – қазағымның ырысы
Айналайын, ақ әжем!
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 35751 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык