Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері


Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Жұманазарова Құралай Алтынбекқызы
«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

Тақырыбы: Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері

Мақсаты:
Білімділік: Металдардың физикалық және химиялық қасиеттерімен, жеке
металдардың ерекше қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың металдар және олардың қасиеттері туралы
білімдерін кеңейту , дамыту . Оқушылардың өз бетінше ойлау
қабілетін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Экологиялық және экономикалық тәрбие беру. Оқушыларды
шығармашылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, Металдардың түрлері,
зертханалық құрал-жабдықтар, реактивтер: Cu, H2SO4, Fe, CuSO4,
Zn, HCl,

Пән аралық байланыс: физика, биология, әдебиет, математика т.б

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, баяндау, есептер шығару, демонстрациялық
тәжірибелер көрсету, т.б

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру
Өмір металдары
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Металдардың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер
2. Металдардың атомдық құрылысына сипаттама беріңдер
3. Металдық байланыс және металдық кристалл торы туралы
4. Есептер шығару.

ІІІ. Бекіту

Металдарға сәйкес келмейтін тұжырым:
1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде, металдар периодтық кестенің сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
2. Металдардың тотығу дәрежесі оң.
3. Металдар әрі тотықтырғыштар, әрі тотықсыздандырғыштар.
4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.
5. Негізгі топшаларда орналасқан Ме сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны топ нөміріне тең.
6. Металдар периодтық жүйенің 80 пайызын алады.
7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрон саны реттік нөміріне сәйкес келеді.
8. ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.
9. Металдардың кристалл торының түйіндерінде оң зарядталған иондар мен теріс зарядталған иондар орналасады.
10. Металдардың кристаллдық торындағы оң иондар мен бос электрондар арасындағы байланыс ковалентті байланыс деп аталады.

Мынадай мақал-мәтелдерге назар аударыңдар.
1. От көмір жейді, тот темір жейді.
2. Арпа- бидай ас екен, алтын-күміс тас екен.
3. Қойдың сүті- қорғасын.
4. Алтын шірімес, дау арымас.

ІҮ. Жаңа сабақ

Металдардың физикалық қасиеттеріне:
1. Қаттылығы;
2. Металдық жылтыры;
3. Электр тогын және жылуды өткізгіштігі;
4. Соғылғыштығы және тапталғыштығы;
5. Тығыздығы;
6. Балқу температурасы жатады.

Металдардың барлығы дерлік қатты, бір ғана сұйық металл- сынап. Металдардың қаттылығы бірдей емес.
Металдық жылтыр сыртқы қабаттағы электрондарға байланысты.Электрондар жарық түскенде тербеле бастайды да адам көзіне көрінетін сәуле толқындарын шығарады.
Элетр өрісінде байланыспаған электрондар бағытталған қозғалысқа ие болады, яғни электр тогы пайда болады. Жылу өткізгіштік металдардың электр өткізгіштігі сияқты ретпен өзгереді. Жылу өткізгіштік электрондардың қозғалғыштығымен және кристалдағы бөлшектердің тербелмелі қозғалысымен сипатталады.
Металдардағы химиялық байланыс оған созылғыш және тапталғыш қасиет береді.Металдарды соққанда атомдар қабаты , тек ығысады.
Металдардың тығыздығы әр түрлі. 5 г/см3 тығыздығы төмен болса, жеңіл металдар, жоғары болса, ауыр металдар. Ең жеңіл металдар- сілтілік металдар. Ауыр металдар: осмий, хром, мырыш, қалайы т.б
Металдардың балқу температурасындағы айырмашылықтары да әртүрлі.

Металдардың химиялық қасиеттері:
І. Металдардың жәй заттармен әрекеттесуі:

1. Оттекпен – оксидтер түзеді
2Mg + O2 = 2MgO
2Cu + O2 = 2CuO
2. Галогендермен – галогенидтер түзеді
2Аl + 3Br3 = 2AlBr3
3.Азотпен – нитридтер түзеді
3Mg + N2 = Mg3N2
4. Күкіртпен – сульфидтер түзеді
2Al + 3S = Al2S3
5. Сутегімен – гидридтер түзеді
2Na + H2 = 2NaH

ІІ. Металдардың күрделі заттармен әрекеттесуі
1. Сумен – сілті түзіп, сутегіні ығыстырады
2K + 2HOH = 2KOH + H2
Zn + HOH = ZnO + H2
2. Қышқылдармен- тұз түзіп, сутегіні ығыстырады
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
3. Тұз ерітінділерімен – жаңа тұз және жаңа металл түзеді
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu

Ү. Жаңа сабақты бекіту.
Графикалық кестемен жұмыс.
Тапсырмалары:
1. Металдардың оттегімен әрекеттесуі қалай аталады?
2. Сілтілік металдар сумен әрекеттескенде , судан нені ығыстырады?
3. Химиялық реакциялар кезінде металдар қандай қасиет көрсетеді?
4. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі қандай реакцияға жатады?
5. Екідайлы қасиет көрсететін металл.
6. Металдар сутегімен әрекеттескенде түзілетін өнімдер.

№ Жауаптары 1 2 3 4 5 6
1 Тотықсыздандырғыш
2 Гидридтер
3 Алюминий
4 Сутегі
5 Тотығу
6 Орын басу

ҮІ. Үйге тапсырма.
§ 28,29 № 3 есеп

Сәйкестендіру тесті

1. Сыртқы қабатында 1е- бар металл. А) Li

2. d элемент cool Cs

3. Металдық қасиеті күшті байқалатын металл. C) Hg

4. +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл D) Na

5. Сұйық металл E) Fe

6. Электртерістігі 1 ге тең металл Г) Al

Сәйкестендіру тесті

1. Сыртқы қабатында 1е- бар металл. А) Li

2. d элемент cool Cs

3. Металдық қасиеті күшті байқалатын металл. C) Hg

4. +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл D) Na

5. Сұйық металл E) Fe

6. Электртерістігі 1 ге тең металл Г) Al

Сәйкестендіру тесті

1. Сыртқы қабатында 1е- бар металл. А) Li

2. d элемент cool Cs

3. Металдық қасиеті күшті байқалатын металл. C) Hg

4. +3 тотығу дәрежесін көрсететін металл D) Na

5. Сұйық металл E) Fe

6. Электртерістігі 1 ге тең металл Г) Al

Металдарға сәйкес келмейтін тұжырым:
1. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесінде, металдар периодтық кестенің
сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан.
2. Металдардың тотығу дәрежесі оң.
3. Металдар әрі тотықтырғыштар, әрі тотықсыздандырғыштар.
4. Атом радиустары бейметалдарға қарағанда ұзындау.
5. Негізгі топшаларда орналасқан Ме сыртқы энергетикалық деңгейіндегі
электрон саны топ нөміріне тең.
6. Металдар периодтық жүйенің 80 пайызын алады.
7. Қосымша топшада орналасқан металдардың сыртқы энергетикалық
деңгейіндегі электрон саны реттік нөміріне сәйкес келеді.
8. ЭТ бейметалдарға қарағанда аз.
9. Металдардың кристалл торының түйіндерінде оң зарядталған иондар
мен теріс зарядталған иондар орналасады.
10. Металдардың кристалдық торындағы оң иондар мен бос электрондар
арасындағы байланыс ковалентті байланыс деп аталады.

Графикалық кестемен жұмыс.

Тапсырмалары:
1. Металдардың оттегімен әрекеттесуі қалай аталады?
2. Сілтілік металдар сумен әрекеттескенде , судан нені ығыстырады?
3. Химиялық реакциялар кезінде металдар қандай қасиет көрсетеді?
4. Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі қандай реакцияға жатады?
5. Екідайлы қасиет көрсететін металл.
6.Металдар сутегімен әрекеттескенде түзілетін өнімдер.
7. Ең белсенді металдар қалай аталады?
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдар туралы түсінік
Металдардың адам өміріндегі маңызы.
Металдар тарауын қайталау
Практикалық сабақ №3. Металдар
Иондық байланыс,металдық байланыс.
Металдық химиялық байланыс
Натрий және калий
Кальций және оның қосылыстары
Болат және шойын түтіктерді біріктіру технологиясын үйрену
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 25317 | Қосты: Жұманазарова Құралай Алтынбекқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык