Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кальций және оның қосылыстары


Кальций және оның қосылыстары

Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстары

Мақсаты:
1) Периодтық жүйедегі орны бойынша сілтілік жер металы кальцийге сипаттама беру;
2) Кальций және оның қосылыстарының табиғатта кездесуі, физикалық, химиялық қасиеттері, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру; 
3)Қауіпсіздік техникасының ережелерін басшылыққа ала отырып, оқушылар-дың дүниетанымын кеңейтіп материалдық байлыққа, оны игеру мен сақтауға көңіл бөлуге дағдыларын қалыптастырып, дамыту. 
Сабақ типі:жаңа сабақ
Сабақ түрі:дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру,практикалық жұмыс Пәнаралық байланыс: биология, тарих 
Қолданылатын көрнекі құралдар:интерактивті тақта, “периодтық жүйе” кестесі, “ерігіштік кестесі”, сызба - нұсқалар, тұсаукесер, бейне тәжірибелер 
Реактивтер, құрал-жабдықтар:лабораторлық тұрғы, сынауықтар, спиртшамы, қысқыш, пипетка, шырпы, бор, су, химиялық стакан. 
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру :
 “Металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы” тақырыбы бойынша химиялық диктант;
 “Қ. Сәтбаевтың Қазақстан металлургиясына тигізген үлесі” тақырыбында хабарламалар тыңдау;
ІІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі  :
  Өлең жолдары арқылы  сабақ тақырыбын ашу, мақсатымен таныстыру;
 “Қайталау – оқу айнасы” /кальций  элементіне ПЖ орны бойынша сипаттама беру/;
 “Білгенге –маржан” /кальций  элементінің ашылу тарихы, табиғатта таралуы және маңызды  қосылыстары/;
 “Са- тіршілік тірегі”/ кальций элементінің биологиялық маңызы/;
  Кальций  элементінің физикалық қасиеттері мен алынуы ;
  “Химияны  болжаммен  ұға алмайсың” /кальций  элементінің химиялық  қасиеттері,
          бейне тәжірибелер, химиялық тәжірибе/;
 Кальций және оның қосылыстарының қолданылуы.
ІҮ. Бекіту кезеңі
 “Зерек болсаң, шешіп көр”/деңгейлік тапсырмалар орындау/ 
  Бекіту сұрақтары
Ү. Үйге тапсырма 
ҮІ. Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау
• Химиялық диктант 
1. Жер бетінде металдарды пайдалану осыдан 10 мыңға жуық жыл бұрын басталған.
2.Біздің заманымызға дейін қанша және қандай металдар белгілі болған?
7 металл: алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын. 
3. Металдар мен олардың құймаларының аттарымен аталған тарихи дәуірлер:
  мыс, қола, темір 
4. Табиғатта металдардың ішінде таралуы бойынша І орын алатын қай металл?
 алюминий
5. Қалайы мен мыстың құймасы қола деп аталады.
6. Қоршаған орта факторларының әсерінен болатын металдың бүліну құбылысы –
жемірілу
7. Тірі организмде ең кем дегенде қанша металл бар және қалай аталады? 
10 металл: темір, мыс, магний, кобальт, мырыш, марганец, молибден,       
натрий, калий, кальций
 8. Алхимиктердің арманы болған металл – алтын.
 9. Ғалымдардың есептеуінше жыл сайын жерге 3000 т жуық метеорит түрінде кездесетін  таза металл -темір. 
10. Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан қай ғалым?
Қаныш Сәтбаев
• “Қ. Сәтбаевтың Қазақстан металлургиясына тигізген үлесі”тақырыбында хабарламалар тыңдау
 
• Жаңа білімді меңгеру кезеңі
Кальций деген күміс түсті металмын,
Өмір бойы керегіңе жете алдым.
Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын,
Тіршілікке қажет металл аталдым.
Қыртысында жердің мен де кездесем,
Артық болмас “Жер металы мен десем”
Ғарыштағы ракета да, ұшақтан,                                                            
  Қолтаңбамды табасың сен іздесең.
Жануардың бақалшағы, қаңқасы,
Жер бетінің минералды әр тасы.
Сан құрылыстың сәулеті, негізі,
Қаланады менен ғана ойланшы.
• Қайталау – оқу айнасы 
Периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттама беру:
Ca – 4 период, ІІ топтың негізгі топшасының элементі, 
           сілтілік жер металы, sэлемент.
           Реттік нөмірі 20, 20 протон, 20 нейтрон, ядро заряды +20,           
           электрондар саны – 20. Ar – 40.
           Электрондық формуласы 1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 4s2
           Валенттілігі: ІІ
           Тотығу дәрежесі: 0, +2
• Білгенге - маржан 
     Кальцийдің табиғи қосылысы – әкті ғалымдар көп уақытқа дейін жай зат ретінде санап келді. 1808 жылы ағылшын химигі Г. Дэви аздап ылғанданған сөндірілген әкті элекролиздеп, сынап катодына  амальгама түрінде түрінде бөлінген бұрын белгісіз металл бөліп алды, оған латынша “кальций – Calx”  - әк деген атау берді.
 
Са - тіршілік тірегі
 
Физикалық қасиеттері: Ca –     күмістей ақ түсті, жеңіл, әрі қатты металл.  ρ=1,55 г/см3 , t балқу 8510 C, t қайнау 14820 C,ауада тез тотығатындықтан керосиннің астында сақтайды.
Алынуы: 
СаCL2эл тогы Са + CL2
• «Химияны болжаммен ұға алмайсың» .Химиялық қасиеттері: 
               Жай заттармен:                             Күрделі заттармен:
 
• Химиялық  тәжірибе:
• Бекіту кезеңі .“Зерек болсаң, шешіп көр”
“А” тобы
 CaCO3құрамындағы кальцийдің массалық үлесін табыңыздар.
“В” тобы
 4 г кальций сумен әрекеттескенде неше грамм кальций гидроксиді түзіледі ? Түзілген заттың зат мөлшерін есептеңдер.
“С” тобы
 80 г екі валентті металдың карбонаты ыдырағанда 17,92 л СO2 (қ.ж.) бөлінген  белгісіз металдың карбонатын табыңыздар
 
• Бекіту сұрақтары
  Кальций элементінің периодтық жүйедегі орны.
  Кальцийді ашқан ғалым.
  Кальцийдің физикалық қасиеттерін сипатта
  Кальцийдің маңызды қосылыстарының атауы, формулалары 
     және қолданылуы.
  Айналулардағы  X,Y,Z заттарын анықтаңдар.
Са         Х Y Z
 
• Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.
• Үйге тапсырма: § 33 , № 6,7 тапсырмалар 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Металдар туралы түсінік
Металдар туралы түсінік
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері
Фосфор және оның қосылыстары.
Алюминий
Практикалық сабақ №3. Металдар
Кальций және магний қосылыстары.
Натрий, қасиеттері, алынуы, қолданылуы
Хлордың табиғатта таралуы және қасиеттері
Алюминий
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 10903 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык