Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жарнама



Пәні

Экономика және қаржы сауаттылық негіздері

Сабақтың тақырыбы

Жарнама

Сабақтың мақсаты

Интертақтадан жарнама туралы бейнероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашу;

Оқушылардың жарнама туралы пікірін тыңдай отырып сабақтың мазмұнын ұғындыру;

Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлау әдісін қолдана отырып оқушыларға тапсырма орындату;

Оқушыларға өзін-өзі бағалату арқылы сабақты жиынтық бағамен бағалау;

Сілтеме

Экономика негіздері 8-сынып;

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» экономика негіздері оқулығы;

Интернеттен алынған жарнама тақырыбы;

Сабаққа қажет материалдар (кеспеқағаз, маркерлер т.б)

Жарнама плакаттары

Оқыту нәтижесі

Өтілетін тақырып бойынша толық мағлұмат алады

жарнама туралы түсініктерін кеңейту;

жарнама тарату көздері,

ерте заманғы жарнама туралы ақпарат алу;

Негізгі идеялар

Жарнама және слоган сөздерінің мағынасын ашу;

Термин сөздікпен жұмыс жасау;

Тапсырмалар

1-тапсырма. Бейнеролик көре отырып және жарнама сөзінің мағынасын ашуда топ арасында пікір алмасу;

2-тапсырма.Жарнама дегеніміз не сұраққа берілген жауапты постер арқылы қорғату.Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындау;

3-тапсырма.Сөздіктермен жұмыс жасау.Берілген сөзге,яғни жарнама сөзіндегі әріптерге сөздіктер жазу.Экономикалық термин сөздермен жұмыс жасау;

4-тапсырма.Жарнамалық көрініс.Әр топ өздеріне берілген  тапсырма бойынша жарнамадан сахналық көрініс қойып, келесі топ жасырылған жарнаманы табуы керек;

5-тапсырма. «Слоган» сөзінің мағынасын аша отырып, әр топқа тапсырма беру,берілген тапсырманы орындай отырып әр топ көп слогандар айтып жарысуы  керек және жаңадан слоган ойлап табады.

 

Міндеттері

Әртүрлі тапсырмалар орындату арқылы талантты және дарынды оқушыны,көшбасшылықты анықтау;

АКТ-ны пайдалануда интертақтамен жұмыс жасап үйрету;

Берілген тапсырмаларды топпен бірігіп отырып орындау;

Кейінгі тапсырмалар

Банк жүйесі тақырыбына дайындалып келу,интернеттен қосымша материалдар алып,дайындалу;

Банк қызметтері тапсырмасы бойынша сахналық көрініске

дайындалып келу;                                                                            

Кері байланыс

Өзін-өзі бағалау

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

 

                             Мұғалімнің жазбалары

Тренердің жазбасы

1-тапсырма.Өтілетін сабақтың тақырыбын ашуда бейнеролик көрсету.Бейнеролик көріліп болғасын, топ арасында пікір алмасу.Оқушыларға сұрақ қойдым.Адамның өмір сүруіне не қажет деген сұраққа Гаухар былай жауап берді: Адамның өмір сүруіне ең біріншіден ауа қажет.Сосын жылу, жарық, тамақ, киім, тағы да басқа әртүрлі заттар қажет.Ауадан басқасының бәрін ақшаға сатып алуға болады. Мысалы: үй, машина, тұрмыстық бұйымдар, компьютер, жиһаздар т.б. Келесі топқа қойған сұрағым, адам өзіне керек қажеттіліктерін қалай алады дегенімде, Диана: адам жұмыс жасап ақша табады, сол ақшаға адам өзіне керек заттарын алады деді. Сол керек заттарды алу үшін алдымен біз ненің қайда сатылатын білуіміз керек, оны қалай білуге болады деген сұраққа Аяла былай деді, адамдар базарға барып, аралап көруіне болады немесе жарнама арқылы білуге болады, мысалы дүкендердің барлығын аралап шаршамай-ақ жарнама арқылы білеміз. Интернетте, газет-журналдарда, көшедегі плакаттарда, радиода, теледидарда әртүрлі жарнамалар арқылы өзімізге керек заттарды білуге болады деп жауап берді. (4мин)

 

2-тапсырма.Жарнама дегеніміз не сұрағына оқушылар өз ойларын айтып, постермен жұмыс жасады.Өз ойларын қағаз бетіне әртүрлі материалдар пайдалану арқылы түсірді.Әр топ өз жұмыстарын өз сөздерімен қорғады.Оқушылардың ойы тыңдалғаннан кейін әр топ бір-бірін мадақтап отырды.

 

       

            4 топ өз жұмыстарын қорғағанда, жарнама тақырыбын жақсы ашып көрсетті. Жарнама тарату көздері, мысалы көшедегі плакаттар, газет-журналдар арқылы көруге болатынын ашып көрсетті.

  2 тапсырма орындап болған соң сергіту сәтін жасап, сергіп, бой жазып демалып алу.

  3-тапсырма.Жарнама сөзіне талдау жасау,яғни берілген әріптерге экономикалық термин сөздер жазу.Әр топ бұл тапсырманы да жақсы орындады.Мысалы: екінші топ А-әрпінен басталатын көп сөздер айтты, ақша,адам,алтын, акция,айырбас,акционерлік қоғам т.б. Үшінші топ Ж-әрпінен басталатын сөздерді көбірек айтты,жарнама,жұмыс, жәрмеңке,жұмыссыздық,жалақы,жемқорлық т.б.;

    

 

4-тапсырма.Бұл тапсырманы да жақсы орындады.Әр топ берілген тапсырма бойынша сахналық көрініс қойды. Сөйлемей, тек қана іс-әрекет қимыл арқылы көрініс қою. Мысалы: 5топ «tuc» печеньесінің жарнамасын көрсетті. 2топ «jacobs»  кофесін жарнамалады.2топ « twiks»  шоколадының жарнамасын көрсетті.4 топ «dirol»  сағызын жарнамалады. Барлық топ жасырылған жарнаманың жауабын тез, жылдам шешіп отырды.

 

      

 

 

     5-тапсырманы орындата отырып, оқушыларды шапшаңдыққа,  жылдам ойлап жазып үйренуге  баулу.

Слоган дегеніміз – бір заттың қасиетін, сапасын білдіретін  девиз. Бірінші топ берілген уақыт 15 слоган жазды. Басқа топтарға қарағанда тапсырманы жылдам және көп жазды.

   Сабақ соңында әр топ бір-бірін әртурлі бағалау түрлерімен бағалады.Жеке-жеке тапсырма бойынша бағалай отырып, соңында жиынтық бағамен қоса, өзімде бағаладым.Екеуін қоса отырып оқушыларға жеке баға қойып шықтым.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алтын сақа танымдық ойын
Банк жүйесі
Ақша қызметтері және түрлері
Мәтіннің түрлері, жоспар құру.
Іскерлік ойын Нарық мамандары
Жарнама. Жалаң, жайылма сөйлем
Ақпарат көздері
Хабарландыру, жарнама, анықтама, олардың түрлері, құрылымдық – тілдік ерекшеліктері
Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Әлемнің жеті кереметі
Бөлім: Уроки / Экономика | Көрсетілім: 2321 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык