Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Математика |
Көрсетілім: 5616 |
|
|
|
Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Сабақтың тақырыбы Рационал сандарды қосуды қайталауға арналған жаттығулар
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Рационал сандарды қосуды қайталау, ережелерін есеп шығаруда қолдана білу
2. Дамытушылық: Тез есептеу дағдыларын жетілдіру. Өз бетінше еңбектену белсенділіктерін арттыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, жылдамдылыққа,өз бетімен еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, топшама , интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
1.Ұйымдастыру бөлімі
2.Математикалық диктант
3.Математикалық футбол
4.Семантикалық карта
5.Тапсырмаларды орындау, тез ойла
6.Оқулықпен жұмыс
7. Жарнама
8. Логикалық есептер
9.Үйге тапсырма
10.Қорытынды.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру
б) Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушыларды топқа бөліп аламын. Ол үшін кәмпиттер үлестіріп, бірдей кәмпит алғандар бір топ болады.
II. Математикалық диктант
I- нұсқа II-нұсқа
1) -6+9 1) 8+(-7)
2) 1,5+(-5) 2) -1,2+0,8
3) -1+(-3,7) 3) -2,5+(-4)
4) -3+15 4) -5,6+5,6
5) 4+(-3)+(-1) 5) -8+11+(-5)
III.Математикалық футбол
Екі топ бір –біріне сұрақ қояды. 6-сыныпта өтілген тақырыптардан сұрақтар қояды.
IV. Семантикалық карта
+ -4 -3 -2 -1 0 1
3
2
1
0
V.Тапсырма Интерактивті тақтада дұрыс жауабын тауып, орнына қою керек
1)6+(-21)=
2)-1,5+(-5)=
3)9+(-14,7)=
4)-3,1+(-1,5)=
5)-100+ =-64
VI.Тез ойла...
Сандар берілген: -1; -2; -3; -4; -5; -6; -7; -8; -9; -10
Осы сандарды тек қана 1 рет қолданып 3 теңдік құра.
-1+(-4) = -5
-2+(-6) =-8
-3+(-7) = -10
VII.Оқулықпен жұмыс
№ 482
VIII.Демалыс сәті
Жарнама. Әр топ оң сан мен теріс санды жарнамалайды. Мысалы оң сан ұтыс, оң сан жылылық, оң сан биіктік тб , теріс санмен ұтылыс, салқындық, тереңдік тб
ІХ. Дұрыс жауаптарын табыңыз. Интерактивті тақтада дұрыс жауабын тауып, орнына қою керек
1)-13+(-3)=
16,-16,10,-10
2)18,5+23,8=
-5,3; -41,13; 5,3; 42,3; 5,03;
3)16,4+(-0,08)=
16,32; 16,48; -16,32; 17,48; -17,2
4)26,33+(-25,97)=
0,3,6; -0,36; 52,3; 0,36; -51,03
Х.Сандарды тап
-14+. . . = -37
-4,8+ . . . = -8,6
-2,13+ . . . = -17
3,8+. . . = -4,08
-51,22+. . . = -60,1
ХІ.Логика жағалауы
1)Нұрсұлтан, Айлен, Лаура үшеуі
математика сабағынан бақылау
жұмысынан қандай баға алғанын
сұрағанда, мұғалім: ешқайсысың
жаман баға алған жоқсыңдар,
бірақ әрқайсыңның бағаң әр
түрлі. Нұрсұлтанның бағасы “3” емес,
Айленнің бағасы “3”-те, “5”-те
емес. Сонда әркім қандай баға алды?
2)Тәрелкеде 1 алма қалатындай
етіп, 4 алманы 4 адамға бөліп
беріңдер
ХІІ. Үйге тапсырма:
№485, № 486
Оң және теріс сандарға әңгіме құрау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |