|
|
Қош бол, сүйікті әліппе!
Зал іші шарлар, гүлдер, плакаттармен безендірілген.
Плакатқа жазылған сөздер:
«Әліппе-бүкіл білім, ғылым соқпағының басы»
«Оқу-инемен құдық қазғандай»
«Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді»
«Қош бол, сүйікті әліппе»
Мұғалім: Бүгін біз Әліппемен қоштасып, алдағы өмірге бастайтын көп белестердің біріне аяқ бастық. Сондықтан бүгінгі той сіздер мен біздер үшін ортақ салтанатты мереке.
«Шаттық» күйі баяу ойнап тұрады. Сол кезде қария мен оқушы келе жатады да, өлең сөз оқылады.
7 жасар баласын
70-гі ата жетектеп
Келе жатар көшеде
Қайда әлгі мектеп?
70 келеді сүрініп
7 келеді жүгіріп.
Балам, балам жақсы бол
Міне сенің мектебің
Сабағыңа зейін сал
Ақылды бол тентегім
7 кетті жүгіріп
70 қалды үңіліп.
1-жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар
Жүздеріңе мейірім мен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші: Армысыздар мұғалімдер, әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Би билеп ән де бүгін шырқалар.
Жаттаулар: Ой білім жаңғырып
әліппеден мәңгілік
Әріптерді таныған
өңкей білгір балдырған
құтты болсын тойларың!
Күннің нұры шуақты
Сергітемді денемді
Құрдастарым сияқты
Оқушымын мен енді.
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
әріптерді үйреніп
сауат аштық тойладық.
Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет жолыма
Жазылды тұңғыш есімнің.
Әліппе әні : хор.
Мұғалім: Балалар бізге қонаққа Дымбілмес келіпті. Қане, қол соғып қарсы алайық.
Дымбілмес: Мен музыка даусын естіп келдім. Мен қайдамын?
Мұғалім: Бүгін 1 сынып оқушыларының үлкен мерекесі. Алғаш қолға ұстаған кітабы Әліппемен
Қоштасу ертеңгілігі болғалы жатыр.
Дымбілмес: Әліппені не үшін қолға алды, өзіне ауыр қылып. Не үшін оны оқу керек? Мен онсыз да кереметпін.
Мұғалім: Балалар, айтыңдаршы оқу не үшін керек ?
Ен алғаш қолға алғанда әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін сырлы жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
әріптерді үйреніп
сауат аштық тоймадық.
Дымбілмес: Мәссаған, мен олай айталмаймын. Жарайсыңдар!
Хор: Сұр қоян.
Хэлло,хэлло халаю!
Дымбілмес: Балалар, сендерге осыншама өнер, білімді үйреткен кімдер?
Балалар: Мектеп, Мұғалім, Ата-ана, Әліппе.
Таныстырған 42 әріпті
Қош бол менің сүйікті әліппем
Сенің арқаң оқи жаза білгенім
Сауатты абам санатына кіргенім.
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны әліппе.
Енді біз жаза білеміз
Әріпті қосып әріпке
Риза боп саған жүреміз
Сүйікті біздің әліппе.
Ән: Көбелек
Бұрқырыған білімнің
Қайнар көзін көріп ең?
Том-томқалың кітаптың
Басы болған әліппем.
Әріптерді жаттаймыз
Есте мықты сақтаймыз
Ұмытпаймыз бәрін де,
Атын затын түрін де.
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағымың сәнімін.
Би: Степ.
Әсем ою-өрнекпен
Көмкерілген әліппем
Сен болмасаң білімге
Бастайтын жолды біліп пе ем.
Білімге жолды бастаған
Әліппем саған мың алғыс
Оқы деп ұран тастаған
Әліппем саған мың алғыс.
Ән: Балауса
Достастырған өзіңмен
Ұстазыма мың алғыс
Иландырған сөзіне
Қамқоршыма мың алғыс.
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иереміз құрметпен.
Ән: Балапан.
Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым
Әліппеден құралған даналарым
Өзі жазып оқитын халге жетті
Құтты болсын білімің балаларым.
Ортаға кішкентай КВН-щиктарды шақырамыз:
1 Жігіттер, жігіттер кезекпен сөйлейік!
2 Менің атамның үлкен шаруашылығы бар, екі ешкі.
3 Менің ең жақын үш досым бар, Ерлан, Ержан және көрші шал.
4Атамның жасы нешеде екенін білмеймін, бірақ шашының түсі күл сияқты.
5 Үйге жүгіріп келсем , тамағым үстелдің үстінде сұп-суық болып күтіп отыр екен.
6 Жаңбыр бетіме былш ете қалды.
7Бұршақ деген жаңбыр денеңді ауыртады екен.
8 Әке көзіңдң жұмып қол қоя аласыңба?
Әрине қояламын.
Ендеше күнделікке қол қойып берші.
Жүргізуші: Ұлы халқым есептескен текпенен
Ата-салтын ешкім аттап өтпеген
Мың пәледен құтқарды бір бата
Адам болмас бата естіп өспеген деп
Үлкендерден бата сұраймыз!
Құттықтау сөздер.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |