Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош бол, Әліппе!


Қош бол, Әліппе!

Қош бол, Әліппе!

Сыныптан тыс шараның тақырыбы: «Қош бол, Әліппе!»

Мұғалім:          Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!                                                                                       осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығынан аттаған кішкентай бүлдіршіндер 42 әріпті танып, өздері оқи, жаза алатын оқушы болды.

Енді міне бүгін сүйікті әліппемен қоштасқалы отыр. Бүгінгі салтанат сіздер мен біздер үшін ортақ мереке.

«Қош бол, Әліппе! » атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-ж. Қайырлы күн, халайық!

2-ж. Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Әліппемен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер.

1-ж. Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,

         Жан сәулесін тарататын баршаға

         Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

         Бүлдіршіндерді шақырайық ортага.

2-ж. Шашу, шашу, шашайық

         Ақ сандықты ашайық

         Бұл мереке, бұл тойдың

         Бастаңғысын жасайық

         Шашу, шашу, шашылсын!

1-ж. Әріптерді таныған

         Өңкей білгір балдырған

         Өсті білім ойларың

         Құтты болсын тойларың.

2-ж. Кең жазира даламның

         Қастерлемес даңқын кім?

         Әнұраны елімнің

         Үні, тілі халқымның

Әнұран орындалады.

1-ж. Бар білімнің бастауы

         Бар ғылымның бастауы

         Жас балаға нұр шашқан

         Қандай кітап тіл ашқан?

Хормен: ӘЛІППЕ

Диас:

Әліппе – білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе – бетін ашпаған

Адамның барма баласы

Елдана:

       Әліппем, менің әліппем

        Сені қолға алып мен

        Есігін аштым мектептің

        Ертеңгі сәуле жарықпен

Гүлназ:

        Келгенде алғаш мектепке

        Білмеуші едік әріп те

        Оқимыз қазір ертекті

        Үйреткен оны әліппе

Дамир:

        Бар кітапқа бас болған

        Әліппе ғылым анасы

        Әліппеден басталған

         Даналақтың дансы

Ән: «Ойыншықтар»

Мұғалім:  Балалар, енді ортамызға білім беріп,әріп үйреткен сүйікті әліппемізді шақырайық!

Хормен:  Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар

               Армысыздар ата-ана

               Болашаққа жол бастар

               Әліппең келді ортаға

               Білім деген ғажаптың

               Әліпбиін меңгерген

               Келешегі қазақтың

               Басталады сендермен

2-ж. Сәлеметсізбе, Әліппе, төрлетіңіз!

Сөзіме құлақ салыңыз

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз

Әліппе: Рахмет шәкірттерім, көп жасаңдар!

Ән.  «Әліппе»

Наргиза:

        Асыл сөзін тілімнің

        Бойға құйған әліппе

        Нақ бастауы білімнің

        Қырық екі әріпте

Асылхат:

          Ең алғаш алғанымда әліппені

         Қызығып қарай бердім әріптерді

         Мен үшін жұмбақ болып қаларма еді

         Ұстазым оның кілтін алып берді

Диас:

Енді жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе

Гүлназ:

Үйретті бізді әліппе

Қырық екі әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Лайық болдық әріпке

Дамир:

Білімге жолды бастаған

Әліппем саған мың алғыс

Оқы деп ұран тастаған

Әліппем саған мың алғыс

Елдана:

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға

Хормен: Бас иеміз құрметпен!

Наргиза:

Үйреткендер жалықпай өркеніне

Білім теңіз дем берді желкеніне

Анамыздай елжіреп шуақ төктің

Бір-бір үйдің еркесі мен тнтегіне

Эльвира:

Мұғалім, ғазиз мұғалім

Сарқылмас мәңгі бұлағың

Ұланың бүгін тойыңда

Арнайды сізге бұл әнін

Ән:   «Ұстазым»

Әліппе: Балалар, сендер Тапқышбекті     жақсы танисыңдар.Мен сендерге Тапқышбектің тапсырмасын алып келдім. Қане, соны орындайық

1- тапсырма.

Мына сөздердің барлығына ортақ әріпті табыңдар:

Жүзім, Қарбыз, Пияз.

2- тапсырма.

Мына сөздердегі қалдырылған әріптерді табыңдар.

3- тапсырма.

Оқу, білім жайлы мақал айтыңдар.

Оқу – білім бұлағы

Білім өмір шырағы

Оқусыз білім жоқ

Білімсіз күнің жоқ

Оқу инемен құдық қазғандай.

Би: «Вальс»

Әліппе: Ал достар, бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

 Ана тілі:  Сәлеметсіздер ме, балалар!

Туған елдің тілімін

Ақылыммен танылам

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам

Ана тілі арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте

Балалар енді мені оқитын боласыңдар. Мен сендерге көп нәрсені үйретемін. Сендердің келешекте жақсы азамат болатындарыңа сенімдімін.

1-ж. Балалар, әліппе бізге  көп нәрсе үйреткен екен. Біз әліппенің арқасында жазуға, өз бетімізбен оқуға, сөз, сөйлем құрауға дағдыландық. Енді әліппеге ризашылығымызды білдірейік.

Бәрі хормен: Рахмет саған, Әліппе!

Әліппе:  Әліппенің бетін жарық ет

Ұл-қызды түгел білімді ет

Келесі оқу жылына

Аман-есен түгел жет.

«5» болсын алар бағамыз

Өнер, білім көп тоқып

Өсе берсін санамыз.

  • Әумин

Балалар, сендер мені жақсы меңгеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Сау болыңдар!

Хормен:  Қош бол, сүйікті Әліппе!

                  Әліппе саған мың алғыс!

Оқушылар хормен:   Әліппемен қош айтысып қаламыз

                                        Енді қолға басқа кітап аламыз

                                        Ата-ана қуанышқа ортақ бол

                                        Сауатты боп шықты міне балаңыз.

2-ж.

  • Балалар, жарқын болашаққа қадам басып, білім алып жатқанымыз ненің арқасы?
  • Тәуелсіздіктің
  • Биылғы тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?
  • 22 жыл
  • Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
  • Қазақстан мемлекеті
  • Елбасымыз кім?
  • Н.Ә. Назарбаев

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Мұғалім: Балалар!

Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ. Сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға үйретті. Алдағы уақытта сабақтарыңды жақсы оқыңдар.

Ал, құрметті ата-аналар, қонақтар бүгінгі біздің ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет! Қош сау болыңыздар.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Қош бол, сүйікті әліппе!
Әліппеге рахмет!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Әліппе-білім бастауы!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1902 | Қосты: Ниязова Ботагоз Сағынғалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык