Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қош бол сүйікті, Әліппем!


Қош бол сүйікті, Әліппем!
Тақырыбы:«Қош бол, сүйікті Әліппем!»
Мақсаты: 1. Білімнің бастауы болған «Әліппеден» үйренгендерін тиянақтау. Өнерлерін тамашалау. Білімдерінің артып, сөз байлығының молайтып, саналарының өскендерін көрсету.
2. Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.
3. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Гүл,шарлар, «Әліппе»,Ана тілі» оқулықтарының макеті.

Барысы:
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Міне, біздің шәкірттеріміз бар ғылымның бастауы атты сүйікті «Әліппемен қоштасқалы тұрмыз.
1 «Г» сынып оқушыларының дайындаған «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға 1 «Г» сыныбының сүп сүйкімді қыздары мен қайсардай болған жігіттерімізді қарсы алайық!
( Балаларды екі-екіден шақыру.Музыка ойнап тұрады)
Абдрахман Әлібек - қайсардай батыр
Асангали Айғаным - ару кызымыз
Акбердиев Ардақ - акын жігіт
Ибрагимова Альмира - биші қызымыз
Ералхан Жәнібек - суретші жігіт
Надырова Нұрия - сыныбымыздың озат қызы
Мурзабеков Асхат - сыныбымызды сымбатты жігітіміз
Сарсембаева Ақниет - сүйкімді қызымыз
Таужан Амангелді - сыныбымыздың озат жігіті
Ерболатова Камила - көркем қызымыз
Шынбергенов Жанболат - ер мінезді
Калмурат Лиза - бұлбұлдай сайраған әнші қызымыз
Турганбаей Нурбек - әнші жігіт
Жарылкап Акерке - халалық Камажай биінен 3 орын алган
Бакытжан Бауыржан - спортшы жігіт
Калимолда Адия - сүйкімді қызымыз
Исатай Наурызбек - каратэге катысатын спортшы жігітіміз
Гыбадулла Актілек - кымбатты да сүйкімді қызымыз
Рызабек Дариға - әнші қызымыз
Джумагулова Аяулым - биші қыздарымызды қарсы алайық!

Ал енді кезекте
Қазақстан Республикасының әнұраны орындалсын!

Амангелді: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштасып,
Оқулықпен достаспақ.
Ой-білімі жаңғырып,
Әліппеден мәңгілік.
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған,
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!

Әлібек: Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!

Мұғалім: Балалар, мен сендерге сұрақ қояйын. Сендер соған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар,
Ол – сүйікті Әліппе!

Мұғалім: Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе! (Әліппе ортаға шығады)

Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Бауыржан: Бар әріпті үйреткен –
Міне, менің әліппем.
Жақсы оқимын сабақты,
Әріптерді танып мен.

Аяулым: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.

Жәнібек: Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.

Ақниет: Әліппе – білім анасы,
Әліппе – кітап данасы.
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?

Хор: «Әліппе»

Жанболат: Бұрқыраған білімнің,
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том- том болған кітаптың,
Басы болған Әліппем.

Наурызбек: Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріп те.
Оқимыз қазір ертекті,
Үйреткен оны – Әліппе!

Камила: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып.
Қарсы алды ұстаз мейірмен,
Қадамымды құп алып.

Ақтілек: Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз,
Сүйікті біздің Әліппе!

Адия: Оқуды көп ойладық,
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп,
Сауат ашып тойладық.
Мұғалім: Ал жарайды, балалар әліппеден әріптен басқа не үйрендік үйрендік?

Би «Ак кеме»

Ақерке: Ыбырай және Абай атамызбен таныстық.
Ыбырай Алтынсарин – тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық!
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.

Асхат: Абай – қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Қыс» деген өлеңдерін жаттадық.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан.

Амангелді: Алфавиттің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба? Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде,түсінші?

Лиза:А деген ол – аналар ғой ардақты,
Нұрия:Ә деген ол – әкелер ғой салмақты.
Ақтілек:Б деген ол – балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.

Би: Қамажай

Аяулым: Алфавитті жаттадық,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
Қырық екі әріп бар.

Ардақ: Сырлы әріптер сөз түйіп,
Сабырмен саған қарайды.
Сырларын білсең бас иіп,
Керегіңе жарайды.

Дариға: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақты бұл кітаптың,
Ұстазым кілтін маған алып берді.

Нұрия: Бүгін біз шексіз қуаныштымыз, өйткені әріптердің бәрін танып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Енді өзіміз оқып, жаза алатын болдық.

Камила: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген әкелеріміз бен әжелеріміз, аналарымызға мың алғыс айтамыз. Ендігі ән-шашуымыз сіздерге арналады.

Ортада Таужан Аманкелдінің орындауында «Әке» әні.

Лиза: Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол, менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.

Ақтілек: Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.

Бауыржан: Біз енді Әліппемен қоштасамыз,
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.
Білімнің бұлағынан сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.

Мұғалім:Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айтасыңдар?

Нұрия:Балаларға ақ тілек,
Болашаққа бақ тілеп.
Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет!

Ән: «Рахмет, саған әліппе!» орындайтын Асангали Айғаным

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппе: Ал достар, енді сендерді әрі қарай жетелейтін достарың Ана тілі болмақ.
Айналайын балғындар,
Менен білім алдыңдар.
Әр сөзімді жаттаған,
Достар үшін мақтаған
Рахмет айтып шаттанам,
Риза болып аттанам.
Алда ұзақ жасым бар,
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар!
Барлығы: Қош бол, құтты Әліппе!

Мұғалім: Ал енді балалар әліппемен қоштастық.
Бәріміз қол соғып, Ана тілін қарсы алайық!
(Ортаға ана тілі шығады)

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Мен Әліппеден оқып білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Әліппені қалай меңгерсеңдер, мені де солай оқыңдар.

Мұғалім: Ана тіліне арнаған қандай өнерлерің бар?

Ақниет: Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Ақтілек: Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.
Оқушылардың орындауында

Хор: «Ана тілі»

Мұғалім: Балалар, «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір-біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті.
Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға,
Тілек айтар қонақтар.
Сөз кезегін берейік.
Мектеп басшысы: Газимова Халампыр Шапхатқызы, мектеп әдіскері Рыскалиева Қалдыгүл, тәрбие жөніндегі орынбасар: Толюбаева Мереке және мектеп психологі:Дармаганбетова Бағила ортаға шақырайық.
Мұғалім: Рахмет енді сөз кезегін бүгінгі біздің қуанышымызға ортақ болып ат салысқан ата – аналарымызға сөз кезегін берейік.
Құрметті ұстаздар мен ата – аналар! Бүгінгі біздің «Қош бол, құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол, сүйікті әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен аштық білім есігін, Тербетеміз Тәуелсіз ел бесігін.
Әліппе білім бастауы!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Әліппемен аштық білім есігін. Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3612 | Қосты: Джилгелдыева Турсынай Дуйсенбаевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык