Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өткізгіштерді тізбектей және пареллель жалғау


Өткізгіштерді тізбектей және пареллель жалғау

Өткізгіштерді тізбектей және пареллель жалғау


Мақсаты: 
Білімділік: Электр тізбегі және оның элементтерімен таныстыру, өткізгіштерді жалғау әдістерін көрсетіп, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Дамытушылық: оқушылардың таным объектілерін салыстыра білуін, қорытындылар жасай білу машығын жетілдіруіне жағдай жасау 
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.
Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шамдар,резисторлар, слайдтар, жеке карточкалар 
   Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру. 
                                ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
                                ІІІ. Есеп шығару 
                                IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
                                V . Қорытындылау
    Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру
    ІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
Өткiзгiштер тiзбектей қосу: Барлық өткiзгiштер тiзбекке бiрiнен кейiн бiрi тiзiлiп қосылады. 

Өткiзгiштер тiзбектей қосылғанда: 
       

а) барлық өткiзгiштердегi ток күшi бiрдей 
б) тiзбектегi кернеу бөлiктер кернеулерiнiң қосындысына тең 
в) өткiзгiштердегi кернеу олардың кедергiлерiне 
тура пропорционал 
г) тiзбектей қосылған n өткiзгiштердiң толық кедергiсi бөлiктердiң кедергiлерiнiң қосындысына тең: 

Өткiзгiштер параллель қосу. 
Өткiзгiштер параллель қосылғанда: 
          
а) тарамдалмаған бөлiктегi ток күшi тарамдалған бөлiктердегi ток күштерiнiң қосындысына тең 
б) параллель қосылған тiзбек бөлiктерiндегi кернеулер бiрдей 
в) тарамдалған тiзбектiң бөлiктерiндегi ток күштерi олардың кедергiлерiне керi пропорционал 
Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең: 
мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Меншiктi кедергiнiң сандық мәнi берiлген материaлдан жасалған ұзындығы 1 метр және көлденең қимасының ауданы 1 м2 болатын цилиндiрлiк өткiзгiштiң кедергiсiне тең.

ІІІ. Есеп шығару 
№587, 588, 589, 590
                               

IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
А тобы

1. Бір сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек?
(Жауабы: І=7 мА.)
2. Өткізгіштің көлденең кимасы арқылы әр минут сайын 42 Кл-ға тең электр мөлшері өткен кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер.
(Жауабы: І= 0,7 А.)
3. Ток күші 0,5 А болғанда, 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытка созылады?
(Жауабы: t=15 с.)
4. Бір миллиард электронның заряды қанша кулонға тең? е = -1,6*10-19 Кл.
(Жауабы: е = -1,6*10-10 Кл.) 
5. Металл өткізгіштегі ток күші 0,8 мкА болғанда, 1 с ішінде оның қимасы арқылы өтетін электрондар санын есептеңдер.
(Жауабы: N = 5*1012.)

Б тобы

1. Алюминий және мыс сымдарының массалары мен көлденең қималарының аудандары бірдей. Осы сымдардың кедергілері үлкен? ρ А= 0,028Ом*мм2/м; ρМ = 0,017Ом*мм2/м. 
2. Қолда біртекті екі өткізгіш бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе артық. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі көп және неше есе?
3. Кедергісі 6 Ом реостат жасауға пайдаланылған көлденең қимасының ауданы 2 мм2 темір сымның массасын анықтаңдар. ρТ = 0,1Ом*мм2/м.
4. Ұзындығы 2 км, кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай? ρМ=0,017 Ом*мм2/м.
5. Мыс сымнан жасалған катушканың кедергісі R = 10,8 Ом мыс сымның салмағы Р = 34 Н. Катушкаға неше метр сым оралған және ол сымның d диаметрі қандай? ρМ = 0,017Ом*мм2/м. 

С тобы

1. 1-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = R3 = 3 Ом, R2 = 6 Ом, R4 = 5 Ом, R5 = 10 Ом, R6 = 30 Ом, ал жалпы кернеу UАВ = 48 В болса, тізбектегі токтың таралуын табыңдар. 
2. 2-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 6,4 Ом, R2 = 4,2 Ом, R3 = 12 Ом, R4 = 6 Ом, R5 = 3 Ом, R6 = 8 Ом, R7 = 20 Ом. Амперметрдің корсетуі 10 А болса, тізбектегі жалпы кернеуді және токтардың таралуын табыңдар.
3. 3-суреттегі тізбектің барлық кедергілері бірдей және әрқайсысы 34 Ом және тізбектің ұштарындағы жалпы кернеу 7,3 В болса, тізбектегі жалпы токты табыңдар.
4. 4-суреттегі тізбектің кедергілері R1 = 1,25 Ом, R2 = 1 Ом, R3 = 3 Ом, R4 = 7 Ом және жалпы кернеуі 2,8 В болса, амперметрдің керсетуін табыңдар. 

V . Қорытындылау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.
Өткізгіштің электр кедергісі.Тізбек бөлігі үшін Ом заңы
Тұрақты электр тогы тарауын қорытындылау
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль- Ленц заңы
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Өткізгіштерді тізбектей және паралель жалғау.
Электр тогы
Тұрақты электр тогын тарауын қорытындылау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 6286 | Қосты: Тоқтасынова Алуа Жанатқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык