Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Әліппемен қоштасу


Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Мерекелік кешті «Әліппе» әнімен Жалғасбаев Есет пен Әбуғали Нұрай ашады. Оқушылар билейді.
Дамир:
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,
Ұстазым маған кілтін алып берді.

Айым: Балалар, біз бүгінгі кешті бірден бастап кеттік қой. Біз нені ұмытып кеттік?
Хормен: Амандасуды
Айым: Дұрыс
Расул:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқалар.
Руслан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Еркебулан:
Оқитын, әрі жазатын
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімнің кілтін ашатын.

Айым : хор «Әліппе»
Айым: - Достар! Осы мен әліппемен қоштасуды жөн көрмей тұрмын.
Айназик: - Ой, не болды? Неге олай дейсің?
Айым: Ал мен жылағым келіп тұр.
Айназик: О, несі, неге жылағың келіп тұр?
Айым: Айтпаймын, өздерің тауып алыңдар.
Медина: Дауласпаңдар балалар! Мен сендерден бұрын біліп тұрмын. Себебі, біз 4 ай бойы оқыған білім атасы «Әліппемен» қоштасқымыз келмей тұр. Солай ма? Балалар, біз әліппеден не үйрендік?
Сатиев:
Әліппені жаттауға,
Дәптерлерді қаптауға,
Үйретеді, мектебімде үйретеді.
Достарымды санауға,
Денсаулықты сақтауға,
Үйретеді, мектебімде үйретеді.

Азамат:
Қосу менен алуды,
Белгісізді табуды.
Үйретеді, мектебімде үйретеді.
Әндер айта білуге,
Ойнап, күлуге,
Үйретеді, мектебімде үйретеді.

осы Әліппе сөзінің әр әрпін саралап айтсақ.
Ә — әлемді
Л – легімен
І – ізгілік
П – парасатпен
П – паш
Е – етеміз.

Анель: Мен бір нәрсені түсінбей тұрмын. Әліппемен қоштассақ қандай сабақ болады?
Сая:
Туған елдің тілімен,
Түсіндірер бәріңе.
Ана тілі пәнімен
Ана тілім елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі.

Мейіржан:
Ана тілі –біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз.
Ана тілін бағаласақ қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.

Жансая:
Біз білімді баламыз
Күнде бестік аламыз
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақты бастаймыз

Медина: «Ана тілі» әнін шырқап берейік.
Анель : Қыздар, осы біздің кластың ұлдары мәдениетті, сыпайы сөйлеуді біледі ме екен?
Дамир : неге білмейміз, жүріңдер жігіттер.
Анель : қыздар бері келіңдер
Ән «Не деу керек?» көрініс.
Дамир мен Руслан: Балалар, осы мына шырша не істеп тұр?
Алинура мен Сая: Соны да білмейсіңдер ма? Жаңа жыл келе жатыр.
Дамир мен Руслан: Шыршаның ойыншықтары қайда?
Алинура мен Сая: оны білмейміз.

Мыстан кіріп келеді. Қойды қуып келеді.
Мыстан : мен сендерді жеймін. Неге шулап тұрсыңдар? Қандай әдемі қыздар? Қандай әдемі ұлдар? Сондай аттетитный. Шетінен бастап жеймін.
Қой :
Айым: Балалар, осы шыршаның ойыншығын тығып тастаған Мыстан емес пе екен? Өзінен сұрайық. Мыстан әже осы шыршаның ойыншығы сізде емес пе?
Мыстан: бермеймін
(оқушылар жалынады)
Мыстан олай болса маған би билеп берсін.
Би «Лента»
Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
Асыға күткен Жаңа жыл!
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!
Жаңа заман, жаңа ойлар
Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Амансың ба, Жаңа жыл!
Балалар биылғы келген жыл - Қой жылы.

Қоржындағы сұрақтар:
- «Бүлдіршін» сөзін буынға бөл. Дыбыстық талдау жаса.

Айназик:
42 жауынгер
Сапын түзеп тұрады,
Бүлдіршіндер қауымы
Сырын терең ұғады. (Алфавит)

Инабат :
Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады енді нешеуі,
Қане, кім шешеді? (5 бес)

Мирас:
Табақта үш алма
Қолымда екі алма
Қосқанда барлығы
Болады неше алма? (5 бес)

Жаңа жыл» сөзінің қандай буындардан тұрады?

Даниярда 10 алма бар. Оның 3 –уін досына берді. Даниярда неше алма қалды?

Маржанда бейнелеу өнері сабағына 7 фломастер және 2 қалам бар. Барлығы неше фломастер және қаламы болды?

Аяз ата шақыру
Мың бұралған ақ қайыңдай
Қыздар шықсын ортаға.
Ал, ендеше қол соғайық
Қошеметпен қлоқала.
Ән «Буги-Вуги»
Би «Ковбой»
Ән «Егер саған ұнаса былай жаса»
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы дәстүр көбейсін
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Әліппе-білім анасы
Қош бол, сүйікті әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Қош бол, Әліппе!
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Әліппе, саған мың алғыс!
Қош бол сүйікті Әліппе
Әліппеге Рахмет
Әліппемен аштық білім есігін. Тербетеміз тәуелсіз ел бесігін.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1717 | Қосты: Садыкова Айнагүл Сембайқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык