Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Мұғалім болу- ұлағатты іс


Мұғалім болу- ұлағатты іс

“Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайыстың  сценарийі

 

Өтілетін орны:

Өтілетін мерзімі:

Жүргізушілер:

Жүргізушілер фанфармен ортаға шығады.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Ассалаумағаллейкум, ұстаздарым,

Жайнаған жүрегіңіңде жарқылдарың.

2-Жүргізуші, Әсел:

Армысың, жиылған топ, үлкен-кіші,

Армысың, айналайын, алтындарым!

 

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті қонақтар, баршаңызды бүгінгі облыстық семинар аясындағы “Мұғалім болу- ұлағатты іс” атты шығармашылық сайысқа қош келіпсіздер дейміз.

2-Жүргізуші, Әсел:

Сайыстың мақсаты :

  1. Мектеп мұғалімдерінің шығармашылығын дамыту
  2. Кәсіптік деңгейін арттыру
  3. Топтық жұмыс жасауға үйрету

 Мектеп мұғалімдері  еңбек  өтіліне  қарай  3 топқа  топтастырылды.

1-топ, жас буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 1-7 жылға  дейінгі  мұғалімдер. 

2-топ,  орта буын мұғалімдері тобы, бұл топқа еңбек өтілі  8-17 жылға дейінгі мұғалімдер біріктірілді.  

3-топ,  жоғары буын мұғалімдері тобы, бұл топта еңбек өтілі 18-28 жыл аралығындағы мұғалімдер топтастырылды.

Ал еңбек өтілі 30-40 жыл аралығындағы мұғалімдер ардагер ұстаз ретінде қазылар алқасы құрамынан орын алды.

2-Жүргізуші, Әсел:

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы, таныс болыңыздар, үш буын өкілдері:

1-топ, жас буын өкілдері «Жас қырандар» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – жасыл түс, яғни білім саласында енді көктеп келе жатқан жасыл жапырақ белгісі.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – қызыл түс, яғни білім саласында қып-қызыл оттың, жалындаған жастық шақтың белгісі.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы, бұл буынның ерекше белгісі – сары түс, яғни білім саласында кемел шақтың, іс-тәжірибенің толысқандығының белгісі.

 

1-жүргізуші, Дәулет:

Бүгін сайыстың қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Ахтаев Мұхтар Бексултанович – Оңтүстік Қазақстан облысы білім беру жүйесін жетілдіру  технологиясы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  2. Тамара Махалқызы – орталықтың басшы кадрлар кабинетінің басқарушысы
  3. Құрманбекова Шарапат – орталықтың басшы кадрлар кабинетінің әдіскері
  4. Сұлтанқұлов Әбдіжаппар – аудандық білім беру бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы
  5. Тұрғанова Ақмарал Жақсыбайқызы – аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
  6. Елеуісова Әлиза Қалмаханқызы – мектептің ардагер ұстазы, химия пәні мұғалімі 
  7. Сахаева Тоқсұлу – мектептің ардагер ұстазы, бастауыш сынып мұғалімі
  8. Елібаев Саин Әбдікерімұлы – мектептің ардагер ұстазы, дене шынықтыру пәні мұғалімі

1-Жүргізуші, Дәулет:

Құрметті көрермендер, қазылар алқасы жұмысының қиындығын тек қазалр алқасы құрамында болып көргендер ғана біледі. Біз бүгін «Тура биде туған жоқ» дегенді ұстанып, әділдіктің ақ жолынан таймыңыздар дей отырып, ақ  түсті шарфты ұсынып отырмыз. Қабыл алыңыздар.

(ақ шарф тағылады)

Қадірменді қонақтар, өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен командаларға сәттілік тілей отырып, сахнадан шығарып салайық.  

2-Жүргізуші, Әсел:

Құрметті қонақтар, сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар:

І кезең. Шығармашылық көрме.

ІІ кезең. Эссе, мұғалімдер сырттай төмендегі тақырыптар бойынша ой-толғау жазған болатын:

  1. Еркін тақырып.
  2. «Қол жетті, міне, аңсаған күнге...»
  3. Менің ұстаздық кредом...

ІІІ кезең. Сахна төрінде өткелі отыр...  ол мынадай бөлімдерден тұрады...

  1.  Команда мүшелерімен таныстыру. Топтың аты, эмблемасы, газеті (3 мин)
  2. Сән  үлгісі. Болашақ  мұғалім  моделі (3 мин)

(Мұғалім -  кеше, бүгін,  ертең)

3. Панорамалық  сабақ (5мин)  «Жаңашылдық жолында»,   Әрбір сабақ  ақ жауын болып жауады.

4. Тосын  тапсырма (5мин)

3 командаға плакат, шар, қайшы, клей, түрлі қағаз,  фломастер  таратылып беріледі.

            Команда  мүшелері бұйым жасайды, оны  қорғайды. Әр  командадан  6 адам қатысады.

  5. “Мұғалім болу қандайды?... ’’ рольдік  көрініс (әзіл, 5 мин)

  7. Өнер (команданың  барлық  мүшелері қатысуы  тиіс) (5мин)

 

  • Топтар сайыстың алғашқы бөліміне дайындылып болғанша назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауындағы «Қуаныш» биін ұсынамыз.

 

  •  Республикалық «Әнші балапан» байқауының жүлдегері  жас әнші Бостан Ақботаның орындауында «Ән шашу» әнін қабыл алыңыздар.

 

2-Жүргізуші, Әсел:

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман.

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулы әні сияқталған.

Сайыстың бірінші бөлімі «Таныстыру». Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан бірінші бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

  •             Назарларыңызға  «Салтанат» би тобының орындауында «Өрлеу» биін ұсынамыз.   

 

1-Жүргізуші, Даулет:

Көтеріп жүктің салмағын,

Жолында өмір талмадың.

Мерейің қандай шуақты,

Ұстазым – асыл арманым!

 

Сайыстың келесі кезеңі -  сән  үлгісі, «Болашақ  мұғалім  моделі», яғни біздің ұстаздарымыз мұғалімнің кешегі, бүгінгі және ертеңгі киім үлгісін көрсетеді.

       Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

 

            Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

 

  • Назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.

 

2-Жүргізуші,Әсел:

Балғындарға баянды,

Сырын төккен – ұстазым!

Шәкіртіне аяулы

Нұрын төккен – ұстазым!

, «Сайыстың келесі кезеңі – панорамалық сабақ үлгісі Әрбір сабақ ақ жауын боп жауады», яғни әр топтан бір мұғалім жаңашыл үлгідегі сабақ үлгісін қорғайды.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

 

1-Жүргізуші,Дәулет:

Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай.

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой, Алла – ай.

 

1- Жүргізуші,Дәулет:

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал.

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көре-тұғын көзім бар.

Сайыстың келесі кезеңі - Тосын  тапсырма

3 командаға 1 плакат, 5  шар, қайшы, клей, түрлі түсті қағаз, скоч,  фломастер  таратылып беріледі.

  Сайыс ережесі бойынша команда  мүшелері  түгел қатысып, жасалған бұйымды 2 команда мүшесі қорғайды.Бұйымды жасауға берілетін уақыт мөлшері  – 5 минут.

 

  • Командалар өз бұйымдарын жасап болғанша назарларыңызға «Жұлдызша» би тобының орындауында «Жас ұландар» биін ұсынамыз, қарсы алыңыздар.

 

Ендеше бұйымды қорғау үшін сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

 

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

Дәулет:

  • Әсел, сен қалай ойлайсың, нағыз мұғалім қандай болу керек?

Әсел:

  • Ой, Дәулет, білетінім нағыз мұғалім 56 түрлі мамандық иесі болуы керек дегенді әжемнен естігенім бар.... ендеше осы сұрақ айналасында біздің сайысқа қатысушы ұстаздар ізденісін әзіл түрінде әзірлеген екен. Сайыстың келесі кезеңі – «Мұғалім болу қандайды?...» рольдік  көрініс әзіл түрінде, берілетін уақыт мөлшері - 5 мин.

Ендеше сахна төріне алғашқы болып «Жас қырандар» тобын шақырамыз.

  • «Өрлеу» тобы
  • «Нұрлы жол» тобы

 

Қазылар алқасынан осы бөлімнің бағасын көрсетуін өтінеміз.

 

Әсел:

  •  Дәулет, міне , келесі жылы екеуміз де мектеп бітіреміз. Шыныңды айтшы, кім болғың келеді?

Дәулет:

  • Әсел, осы сұрағыңа өлең шумақтарымен жауап беріп көрейін...

 

Мұғалімдер үлес қосар сана менен ақылға,

Мың алғыс бір сабағына татыр ма?

Болуды мен санаймын ең зор бақыт,

Мұғалімдер армиясы сапында.

 

Әсел:

  • Иә, Дәулет, талабыңа нұр жаусын, дегенмен мұғалімдік еңбектің зор құрмет, әрі қиын, әрі қызық екендігіне біз бүгінгі «өзін-өзі басқару күні» тағы да көзімізді жеткіздік. Біздің ұстаздарымыз сабақтарын шебер өткізіп, шәкірттерін биік шыңға жетелеп қана қоймай, шеттерінен ӨНЕРПАЗ...  

Дәулет:

  • Олай болса, сахна төріне жас буын өкілдерінің «Жас қырандар» тобын «Халықтар достығы» биімен қарсы алыңыздар.

 

  • «Өрлеу» тобының ұстаздарының салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дайындаған спорттық биін қарсы алыңыздар.

 

 

  • «Нұрлы жол» тобының  ұлт-аспаптар ансамблі сүйемелдеуімен орындайтын Шәмші Қалдаяқовтың әндерінен попурриді қабыл алыңыздар.

 

І- Жүргізуші,Дәулет:

            Құрметті қонақтар, қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын шығарып болғанша Пірімбет Назымның орындауында «Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.          

2- Жүргізуші,Әсел:

            Сахна төріне өздеріңіздің зор қошеметтеріңізбен мектебіміздің ұстаздарын шақырамыз.

1-топ, жас буын өкілдері «Жас қырандар» тобы.

2-топ, орта буын өкілдері «Өрлеу» тобы.

3-топ, жоғары буын өкілдері «Нұрлы жол» тобы.

 

Сайыстың қорытындысын жариялау үшін сахна төріне қазылар алқасы құрамын шақырамыз.

 

1-Жүргізуші, Дәулет:

Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерін шыңдай берсін, қалыспаңдар.

Көрерменің көбейсін күннен – күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да.

 

2- Жүргізуші, Әсел:

Тіршілік-  арман, бәрімізге де орын бар,

Басады кейде онсыз да қиын жалын бар

Қуаныш та бар, өкініш те бар жолдарда,

Ұстазым менің, достарым менің, Бәрің де аман болыңдар! – дей отырып, бүгінгі сайысты аяқтаймыз.

 

 

1- Жүргізуші, Дәулет:

     Көңіл қойып тыңдаған, тамашалаған барша көрерменге зор ілтипатымызды білдіреміз.

 

2- Жүргізуші,Әсел:

      Келесі кездескенше күн нұрлы болсын, еңбектеріңіз шыңдала берсін, құрметті ұстаздар!

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Толағай» эстафеталық ойын
«Толағай» эстафеталық ойын
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
«Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» жеңгелер мен арулар сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
Ел рәміздері – ұлттық мақтаныш
Қазақшаңыз қалай?
МЕКТЕП БІТІРУ КЕШІ
«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Мектеп әкімшілігі | Көрсетілім: 4013 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык