Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы


«Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән-би байқауы

«Бейбітшілік пен  жасампаздықтың 20 жылдығына» орай ұйымдастырылған «Айгөлек»  ән-би байқауы

«Айгөлек» ән-би байқауы
Көңілді  бимен сахнаны ашу
(сахнаға балалар түрлі аңдардың киімімен шығады)
1- жүргізуші:
Қазақ елі  қашан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Жүздеген ұлт бірге өмір сүреді.
2 -жүргізуші:
Қазақстан Тәуелсіздікті аңсап келді,
Телегей теңіз аңсаған мансап келді.
Қазақтың  бойтұмары ана тілін
Ту етіп, айғақ етіп жар сап келді.
1- жүргізуші:
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық , жалын-от бар ма, сірә,
Отан-әнмен жүрегім тербеледі.
 
Тәуелсіздіктің  20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Айгөлек» ән - би  балалар байқауын тамашалаңыздар.
 
2- жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз де,
Үлкен –кіші, жасымыз, кәріміз де.
Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
1- жүргізуші:
Бүгін  біздің балабақшада дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Әннен  шашу шашылсын, би биленіп
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
2- жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, бүлдіршіндердің өнер сайысы «Айгөлек» байқауына қош келдіңіздер! Иә, балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын, қызықты да бақытты кезең.
1 жүргізуші:
Балдәурен-балалықтың балғын үні,
Балдәурен-қуаныш пен шаттық үйі.
Балдәурен бақыт кешкен балдырғанның ,
Жайраңдап, қырда ашылған қызыл гүлі.
 
2- жүргізуші: Міне, көптен күткен сәтте келіп жетті. Олай болса «Айгөлек»  ән-бибайқауын ашық деп жариялаймыз.
 
1-жүргізуші: Құрметті өнер сүйер қауым, кішкентай көрермендер және ата-аналар, сіздердің алдарыңызда сынға түсетін бүлдіршіндерімізді шақыруға рұхсат етіңіздер. Қане бүлдіршіндерді қошеметтеп қарсы алайық.
 
1- жүргізуші:
Мың бұрала билейді,
Әнді де шырқай салады.
Кім болды екен бұл ару-
деп халқым қарады,
Нұрланып тұр жанары.
Әрине, бұл біздің балабақшамыздың өнерлі тәрбиеленушісі Сертай  Махаббат  болады.
2- жүргізуші:
Өнерлі жігіт ол біздің,
Өнері бойда тасыған.
Мырзахмет Мирасты,
Қарсы алайық асыға.
 
1- жүргізуші:
Балғын тәтті бөбектер,
Ата-анаң сені суреттер.
Мың бұралған, билерің,
Көрген жанды елітер-деп
 
сахнаға  «Құлыншақтар» би тобын шақырамыз.
 
2- жүргізуші:
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Сәкенұлы Мадияр ән шырқаса,
Жан барма екен қызығып тамсанбаған.
1- жүргізуші:
«Айгөлек» деп ән салған,
Тыңдаған жұрт тамсанған.
Шығады  қазір  ортаға
Қожаберген Сұлтан !
2- жүргізуші:   Біздің талантты бөбектерімізге әділ баға беретін, мейірімді әділ қазылармен таныс болайық. Бірінен-бірі өткен үміткерлерімізді бағалау қиынға соғады-ау деймін. Ендеше, таныс болыңыздар  :
1.Тоқтамысова Айнұр – балабақша меңгерушісі
2.Жарекин Оралбай –  аулымыздың  әншісі
3.Төребекова Лиза – балабақша кіші  қызметкері
 
1- жүргізуші: Байқаудың шарттарымен таныс болайық, вокаль номинациясы және би номинациясы бойынша І- айналымда бүлдіршіндер өздері өнерлерін ортаға салады, ІІ-айналымда жетекші апайларымен өнер көрсетеді.
 
2- жүргізуші: Бүлдіршіндердің жанкүйерлері және де өнер сүйер қауым өздеріңіздің көңілдеріңізден шыққан бүлдіршіндеріңізге дауыс бере аласыздар. Ол үшін қолдарыңыздағы билеттеріңізді, әр өнерпаздың реттік саны жазылған жәшікке салуға болады.
 
1-жүргізуші:         Шашу,шашу, шашайық
Ақ сандықты ашайық.
Бүгінгі күн, бұл тойдың ,
Бастаңғысын жасайық.
«Айгөлек» ән, би байқауын  бастаймыз.
1- жүргізуші: Бүлдірішіндер  ән номинациясы бойынша байқауымызды   бастаймыз.
Бал-балалық балдырған шақ сан арман,
Барлық бала армандауға жаралған.
Алтын бесік ұлан-байтақ елімде.
Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Айгөлектің алғашқы болып шымылдығын «Біз- өмірдің гүліміз» әнімен 
«Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі  Сәкенұлы Мадияр ашады.
 
2- жүргізуші:
Біз көңілді ұланбыз,
Ән шырқаймыз сайраңдап.
Бақытты елде туғанбыз,
Жаз гүліндей жайраңдап-
 
деп ,сахнаға өнерлі жігіт «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Мырзахмет  Мирасты
«Жау, жау жаңбыр» әнімен шақырамыз.
 
1- жүргізуші:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Біз әрі қарай жалғастырамыз, сайысқа түсетін кім екен? Келесі өнерпазымызға сәттілік  тілеп, сахнаға шақырайық.
Ең кішкентай әншіміз, «Ақбота» тобының  
тәрбиеленушісі  Қожаберген Сұлтанды
«Көкек» әнімен қарсы   алайық.
 
2- жүргізуші: Өнерпаздарымызға тарту ретінде «Ақбота» тобының тәрбиеленушілері Абат  Әли мен  Бекбергенұлы Бейбарыстың «Би билегім келеді» әнін қабыл алайық.
 
1- жүргізуші: Бүлдіршіндер би номинациясы бойынша байқауымызды бастаймыз. Ән мен бидің   көңілді  кеші жалғасуда бізбен бірге болыңыздар!
 
2- жүргізуші:  Олай  болса, қарсы алыңыздар, алдарыңызда мың бұралған биші қызымыз «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі  Сертай Махаббат  «Түрік биімен»
 
 
1- жүргізуші:
Рахмет, Махаббат! Тамаша көңіл-күй сыйладың. Ендеше келесі өнерпаздарымыз «Ақбота» тобының тәрбиеленушілері «Құлыншақ» би тобын қазақтың буын биі  «Қара жорғамен» шақырамыз.
2-жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің І-айналымындағы өнеріне тәнті болсақ, қазылар алқасынан бағасын сұрайық.
(Балаларды бағалайды)
Бүлдіршіндеріміз дайын болғанша, ертегілер еліне саяхат жасайық.
Ән: «Ертегілер елінде»
Орындайтын: музыка жетекшісі  Әсемгүл  мен «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Ерасыл
 
1- жүргізуші: Құрметті көрермендер, «Айгөлек» ән-би 
байқауы әлі де жалғасуда, бізбен бірге болыңыздар. Ендеше ІІ айналымға кезек берейік.
 
2- жүргізуші: Бүлдіршіндер ән жанры бойынша, сахнаға шығатын өнерпазымыз «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Сәкенұлы Мадияр «Қошақаным қайда екен?»  әнін тәрбиеші Тоқтамысова Гүлнұр апайымен орындамақшы.
 
1 -жүргізуші: Келесі болып сахнаға «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Мырзахмет Мирасты шақырмақшымыз. Мирас бізге «Әнші балапан» әнін тәрбиеші Ермағанбетова Дана апайымен  орындап бермекші.
 
2 -жүргізуші: «Айгөлек-ау, айгөлек» - деп кім ән салмақшы екен, сахна төріне ең кішкентай әншіміз «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі  Қожаберген Сұлтанды қошеметтеп шақырайық. «Айгөлек» әнін музыка жетекшісі Жұбатқанова  Әсемгүл апайымен орындамақшы екен.
 
1- жүргізуші: Би байқауының ІІ айналымына кезек берейік, бізбен бірге болыңыздар. Мың  бұралған  бишілердің биін  тамашалаудан жалықпаңыздар.Балғын биші қызымыз «Гүлдер» тобының тәрбиеленушісі Сертай  Махаббат  тәрбиеші  Тоқтамысова Гүлнұр апайымен «Чарли Чаплин» биін ұсынбақшы,  қабыл алайық. Ищите достоверную информацию о слотах с моментальным выводом на карту сбербанка на официальных сайтах. Огромное количество казино предлагают выплаты выигрышей на банковские карты всех известных банков в России.
 
2- жүргізуші:Келесі тамашалайтындарыңыз «Ақбота» тобының «Құлыншақ» би тобының өнері.
Құлыншақтар «Шөжелер»  биін тәрбиешілерімен орындап бермекші. Қошметтеп қарсы алайық.
1- жүргізуші: Қазылар алқасы «Айгөлектің» жұлдыздарын анықтағанша,
« Ақбота» тобының бүлдіршін жігіттерінің «Балбырауын» биін тамашалайық.
 
2-жүргізуші:
Кімдер биші, кім күшті,
Өнеріне қарайық.
Әділ қазы алқасы ,
Таланттарды табайық.
(Қазылар алқасы мен көрермен дауыстарын жинап, жеңімпаздарды марапаттау сәті)
 
1- жүргізуші:
Бойларыңда от бар екен байқадым,
Жүректерде шоқ бар екен байқадым.
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.
2-жүргізуші:
 
Бүлдіршіндер  ән-биді  дөңгелентті,
Көрерменнің  көңілі көкке  жетті.
Егерде сіздер рұхсат етсеңіздер
Шақырамыз шырқауға «Айгөлекті»
(Айгөлек әні шырқалады)
Тақырыбы:  « АЙГӨЛЕК» ән-би  байқауы

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Айгөлек байқауы өтті
«Саз әлемі» Музыкалық сайыс
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Балдырған арулар мен сал-серілер сайысы
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көктем аруы-2014» сайысы.
«Наурыз – көктем,Наурыз- жыр, Наурыз-думанға»
Дарындылар додасы сценарий
Абай оқулары
" Заттың атын білдіретін сөздер" " Көктем аруы-2015"
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 7700 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык