Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үкілі домбыра


Үкілі домбыра

«Үкілі домбыра» атты күй сайысының сценарийі.

Қазақ биі

Фанфары ойнайды.

Ортаға жүргізушілер шығады.

1 Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті өнерсүйген қауым, ұстаздар, оқушылар! Бүгін оқушылар сарайында алғаш рет қаламыздың мектеп оқушылары арасында  өткелі отырған «Үкілі домбыра» атты күй сайысына қош келдіңіздер!

2 Жүргізуші:  Қазақтың қара домбырасының үні-күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі - ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама десенші!

1 жүргізуші: Ия, дұрыс айтасың осы ата – бабалар тастап кеткен асыл мұрамызды жалғастыру біздің міндетіміз, сондықтан да осы бүгінгі сайысымыздың мақсаты күйшілік өнерін өскелең ұрпаққа, өнерсүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттау, жас таланттар мен шебер орындаушыларды табу, дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктерін  арттыру.

2 жүргізуші: Балаларға мейірімді оқушылар сарайы аясында  өткелі отырған сайысымызға  қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысуда. Ендеше сайыскерлерімізді ортаға шақыруға рұқсат етіңіздер.

Кезекпен – кезек жүргізушілер шақырып тұрады

1 номерде С.Сейфуллин атындағы гимназия  мектебінің оқушысы Ғаппар Диасты қарсы алыңыздар!

 2 сайыскеріміз № 16 орта мектебінің оқушысы Арыстанбекова Әсемай.

Келесі сайыскерімізде № 16 орта мектебінен келіп отыр, ортаға  Әлібек Әлжәнібекті шақырамыз!

4 сайыскеріміз   № 14 орта мектебінің  оқушысы  Шайкиспарова Аяжан

5 номерлі сайыскеріміз № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Төлеген Темірлан.

Келесі сахнаға № 4 мектеп – лицейінің оқушысы  Молдабаева Айгерімді шақырамыз. 

7 сайыскеріміз  № 7 орта мектебінің оқушысы Заманбек Қанат

Келесі сайыскерімізде № 7 орта мектебінен келіп отыр, олай болса Бақытжанов Нұржанды қарсы  алыңыздар.

9 сайыскеріміз  С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Макашев Абзал

10 номерлі сайыскеріміз № 16 жалпы орта мектебінің оқушысы Мұқышева Арайлым.

11 сайыскеріміз №3  орта мектебінің оқушысы Әбілқасым Даниярды қарсы алыңыздар.

   С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің  оқушысы  Ділдебаева Жайнаны шақырамыз.

Келесі сайыскеріміз № 19 орта мектебінің оқушысы Нақыпбек Жасұлан.

Соңғы сайыскеріміз № 7 орта мектебінің оқушысы Искендиров Ерботаны қарсы алыңыздар!

1 жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін, қазылар алқасымен таныстырып өтейік. (жүргізушілер кезек – кезек)

  1. Күй өнерін аса қадірлейтін, қазақ өнерінің жан ашыры Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегі «Домбыра- терме» үйірмесінің жетекшісі  Сагидуллаев Балтабай Кеңесович.
  2. Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Мукышов Ержан Сагынбекович.
  3. Өнер мектебіндегі, домбыра сыныбының ұстазы Оразалин Махмут Батырханович .

2 жүргізуші: Осы сайысымызды ашып беру үшін құттықтау сөз Оқушылар сарайының директоры Сансызбаева  Гульнара Султановнаға беріледі. Сайыскерлерімізді қошемет көрсетіп, сахна сыртына шығарып салайық!

Ал, құрметті көрермендер сайысымыздың  өткізу тәртіптері мен шарттарын  таныстырып өтейік, сайыс жас ерекшелігіне байланысты бағаланады, олар кіші, орта және жоғары топтар, ескертіп кететін жағдай осы 3 жас ерекшелігінің ішінен бір ғана бас жүлде болады және топтарға қарай І, ІІ, ІІІ дәрежелі орын болып саналады. Оқушы өзі ойнай алатын аспапта, қалауы бойынша 1 күй орындайды.

Бағалау шарттарымен таныс болыңыздар, бірінші орындаушылық шеберлігі, орындалатын күйдің көркемдік деңгейі және сахналық мәдениеті, киім сәні.

1жүргізуші:   Домбыра мұнша  шешен болдың неге?

                         Күй толған көкірегің шежіре ме?

                         Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін

                         Саусағым тиіп кетсе ішегіңе – деп Қасым Аманжолов ағамыз  айтқандай бірінші кезекте кіші топтардың өнерін тамашалаймыз. Олай болса, ортаға бірінші сайыскерімізді қошемет көрсетіп қарсы алайық. С. Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 3 сынып оқушысы Ғаппар Диастың орындауында халық күйі «Келіншек». Жетекшісі Усейнова Фариза Гиниятовна.

2 Жүргізуші: Келесі сайыскерімізді қошеметпен сахна төріне шақырамыз. №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы   Арыстанбекова Әсемай.

Әсел Төлеубаеваның күйі «Атама»

1жүргізуші:  Күй - қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қыл қобызын беу - беулетіп, қос ішегіне тербеткен халық, әрқашан осы өнерді пір тұтқан. Саз әуенімен жүрек сырын, ел тағдырын бейнелеген. Қазақта күйші алуан түрлі болған. Олар «Сүт емген, Ит емген » болып бөлінсе, «Сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан, осы өнерді құрметтеп өскен. Оларға қанмен дарыған болса, «Ит емген» күйшілер шәкіртіне бойындағы бар өнерін үйретіп болып, қолдарына аспап ұстамай, өздері дәруіш болып кеткендер.

2 Жүргізуші: №16 жалпы орта мектебінің 2 сынып оқушысы  Әлібек Әлжәнібектің орындауында  Халық күйі «Жастар биі».

1 жүргізуші: Күй - музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, Күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй -қазақ,қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.

2 Жүргізуші: Олай болса сайысымызды ары қарай жалғастыру үшін кезекті  ортаңғы топтың қатысушыларына береміз. Сахнаға   № 14 орта мектебінің  6 сынып оқушысы  Шайкиспарова Аяжанды шақырамыз. Құрманғазының  күйі «Балбырауын».

1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз № 4 мектеп – лицейінің оқушысы Төлеген Темірлан. Енсеповтің күйі «Балбұлақ».

2 Жүргізуші:  Қазір біреулер дауға айналдырғысы келіп жүрген «Адай» күйінің қалай шыққандығы туралы жазушы Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» деген кітабында жазылды. Онда күйдің Махамбет-Исатай көтерілісі кезінде Гекке отрядына қарсы күресте табандылық көрсеткен жасақшылар арасындағы Адай руынан шыққан азаматтарға арналып шығарылғандығы, көтеріліске Құрманғазының өзі де қатысып, адайлардың ерлігін өз көзімен көргендігі айтылған. Бүгінде «Адай» күйі Маңғыстаудың гимніне айналып отыр. Сахнаға № 4 мектеп – лицейінің оқушысы  Молдабаева Айгерімді шақырамыз.  Құрманғазының күйі «Адай»

1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз № 7 орта мектебінің оқушысы Заманбек Қанат. Қанаттың орндауында «Қыз Ақ желең»

2 Жүргізуші: Келесі сайыскерімізде бізге осы шығарманы алып келіпті. Ендеше осы «Қыз Ақ желең» күйін № 7 орта мектебінің оқушысы Бақытжанов Нұржанның орындауында қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,

Тыңдаймын тыным алмай, жанып-күйіп

Өмірдің сырын ашып жүрегіме

Музаның әміріне басымды иіп.

Алайық ескі күйдің бәрін жиып,

Жандырған ой-қиялды қалың күйік

Шерттіріп құнарлырақ домбыраға

Тербеліп ырғағына тамылжиық - демекші келесі тыңдайтын күйлеріңіз Дәулеткерейдің күйі «Қосалқа». Орындайтын С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 5 сынып оқушысы Макашев Абзал. Қарсы алыңыздар!

2 Жүргізуші: Айжан қыз күйші-домбырашы. Адайдың Қосай атасынан туған күйші қыз өз заманында композитор Құрманғазымен кездесіп, күй тартысқан әрі осы кездесуде орындаған «Адай» («Адай қыз») күйін Айжан қыз шығарған деген деректер халық аузында сақталған. Айжан қыз 1875 жылы патша өкіметінің отаршылдық саясатына мойынсұнбаған елмен бірге басқа жаққа көшіп кеткен. Оның «Айжан қыз» және «Шашбау қақбай» атты күйлері бар. Айжан қыз – адайдың күйшілік мектебін қалыптастырушылардың бірі. Ендеше келесі тыңдайтың күйлеріңіз «Айжан қыз». Орындайтын № 16 жалпы орта мектебінің  6 сынып оқушысы Мұқышева Арайлым.

1 жүргізуші: Келесі сайыскеріміз №3  орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әбілқасым Данияр. Құрманғазының күйі «Адай». Қабыл алыңыздар!

1 жүргізуші: Күй өнері сонау Мизам баба, Айыр қалпақ Айдаhар би, Қорқыт бабалардан қалған. Сол байырғы өнер ұмытылмай ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келеді. Күй тек қазақта ғана бар. Күйдің де түрлі – түрлісі бар. Келесі кезекті жоғарғы топтың күйшілеріне береміз. Сахнаға  С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің 10 сынып оқушысы  Ділдебаева Жайнаны шақырамыз. Боранқұлдың күйі «Кең жайлау».

1 Жүргізуші: № 19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нақыпбек Жасұланның орындауында Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін қабыл алыңыздар!

2 Жүргізуші: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің, жүрегінің дүрсілі – 
Күмбірлеген домбырасы барында – дей отырып ортаға № 7 орта мектебінің оқушысы Искендиров Ерботаны шақырамыз. «Балбырауын» күйі қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші: Асыл – Алтын домбыра

                                Елімменен сырласар

                                Құлақ құршын қандырар

                        Біздің алтын домбыра!   - дегендей біздің бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығару үшін әділқазыларымызды сахна сыртына шығарып саламыз.

2 Жүргізуші: Сахна төріне барлық сайыскерлерімізді шақыруға рұқсат етіңіздер!

Сөз кезегін әділ қазыларға береміз!

1 жүргізуші: Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші? Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан өнерді ұмытпаған, сол ата – бабаларымыз тастап кеткен мұраны жалғастыру біздің болашақ ұрпақтың міндеті.

2 жүргізуші: Құрметті көрермендер осымен біздің  бүгінгі «Үкілі домбыра» атты күй сайысымыз өз мәресіне жетті! Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ұстаз.
Ана
Менің ұстазым
«Саз әлемі» Музыкалық сайыс
Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған патриоттық әндер сайысы
Күй атасы-Құрманғазы, Күй анасы-Дина.
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Қазақстан ұландары ертеңгінің!
үлгілі отбасы
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 4418 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык