Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Секіру



Секіру

   Сабақтың мақсаты:

   а)шығармашылықты көлденеңінен лақтырып, екі қолмен қағып алуға және жүгіріп келіп бір аяқпен серпіліп ұзындыққа секіруге үйрету.

  ә)батылдыққа, ептілікке, мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

  б)секіру арқылы қимыл-қозғалысын жетілдіру.

  Спорт құралдары: Құм толтырылған шұңқыр, өлшеуіш, балалар санына сай сай шығыршықтар.

  ДАЙЫНДЫҚ БӨЛІМІ

  Балалар аяқтарының ұшымен, өкшемен жүріп, оң, сол жақтарымен секіру, жүгіру және теріс қарап жүгіру. 2-3 минут тоқтамай жүгіру. Қолдарына шығармашылық алып, үш топқа бөлініп, жаттығулар орындайды.

  1. Екі қолмен шығыршықты жоғары көтеріп тұрған бастапқы қалыпқа келу (7-8 рет)
  2. Аяқты қатар қойып, тұрған бастапқы қалыпта кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет)
  3. Аяқты алшақ қойып тұрған бастапқы қалыпта, кеудені оңға бұрып шығыршықтың ортасына қарап, қайтадан бастапқы қалыпқа келу (әр жаққа 4-5 рет)
  4. Негізгі тұрыста жерге тигізіп ұстап тұрған шығыршықтан аттап өтіп қайтадан бастапқы қалыпқа келу (6-8 рет)
  5. Шығыршықты жерге жатқызып қойып тұрған бастапқы қалыпта, оны табанның ортасымен басып айналып жүру (2-3 рет)
  6. Қолды белге ұстап, тұрған бастапқы қалыпта шығыршықтың ішіне секіріп түсіп, қайта секіріп шығу (1-2 минут)
  7. Жай жүріп дем алып, дем шығару

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Спорт алаңындағы секіруге арналған жерге келіп, бірінің артынан бірі тұрып, 3-5 метр қашықтықтан жүгіріп келіп бір аяғымен серпіле неғұрлым алысқа секіруге жаттығу.Секіруге арналған шұңқырдың шетінде бір-бірден тұрып, қос аяқтап секіру арқылы сыныптағы ең жақсы секіретін оқушыны анықтау.

  Секіртпемен орындалатын жаттығулар:

  1. Ара қашықтықтарын 2-3 метр етіп тұрып, бір бала шығыршықты екінші бір балаға көлбете лақтырып, екі қолмен ұстауға үйренеді. Мұнда батылдық, ептілік жасап, шығыршықтан жасқанбай ұстауға дағдыландыру керек. Содан соң шығыршықты белдеріне салып айналдыруға үйренеді.
  2. Ара қашықтықтары 3-4 метр болатын екі қатарға қарама-қарсы тұрып, шығыршықты бір-бірлеріне бір қолмен лақтырып, екі қолмен ұстауға жаттықтыру (4-5 минут)
  3. Қатарда тұрған балалар оңға бұрылу арқылы екі қатар сап түзеп, үш қадам жерден жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. Әр баланың көрсеткен нәтижесі журналға жазылды.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Алаңның екі жағынан қарама-қарсы 9 шығыршықтан жерге қатар тастап қойып, балалар алаңды айналып жүріп келе жатып олардан біртіндеп қос аяқтап секіріп өту. Шығыршықты бір-бірлеріне дөңгелетіп, ұстап ойнау. 2-3 минут

   «Секіртпемен секіре түс» ойынын ойнау, сапқа тұрғызу, сыныпқа апару.

 

                    «Секіртпемен секіре түс»

       «Кім шапшаң» секіріп жетеді?

       Командаға бөлініп, межелі жерге дейін секіріп бару.

       «Кім ұзақ секіреді?»

       Балалар екі-екіден бөлініп, әр түрлі жаттығулар жасап, ұзақ секіруі керек. Кімде-кім ұзақ секірсе, сол ұтады.

       Бұл ойындарды ойнау үшін балалар өз бетімен неше түрлі жаттығулар жасай білуі керек. Ондай жаттығулардың мынадай түрлері бар:

  1. Қос аяқтап секіру
  2. Сыңар аяқтап, алма кезек секіру
  3. Аяқты қайшы қойып секіру
  4. Отырып секіру
  5. Екеулеп қол ұстасып секіру
  6. Көзді шарт жұмып секіру
  7. Теріс айналып тұрып секіру
  8. Қолды қайшы ұстап секіру

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұру ,ауысу,секіру секілді допсыз жаттығулар.
Баскетбол. Допты қағып алу және беру
Тепе – теңдікті сақтау.
Эстафеталық жарыс
Орнынан ұзындыққа секіру, секірме жіппен секіру, қолды бүгіп жазу.
Баспен тұру,күшпен қолға көтерілу.Ағашаттан секіру. 125см.биіктігі.
Ағаш аттан секіру
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Баскетбол ойыны : допты жерге соғып алып жүру.
Екпін алып ұзындыққа секіру
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 17464 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык