|
|
Ұзындыққа секіру. Қозғалмалы ойындар.
Тақырыбы. Ұзындыққа секіру. Қозғалмалы ойындар.
Мақсаты. 1) Оқушыларды қимылдың ептілігіне үйрету, ұзындыққа секіру жаттығуларын жасауға үйрену. 2) Адамгершілік, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу. 3) Дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту.
Керекті құрал-жабдықтар: доптар, секіргіштер, 2 түсті маркер, обручтер, ақын-жазушы, спортшылардың портреттері, математикалық есептер жиынтығы.
Өтетін орны. Спорт зал
Сабақ барысы
Ұйымдастыру |
2 мин |
Үйренейік, жақсы әдеттен қашпайық, Жалқаулықты бойдан сылып тастайық! Спортты жанымызға серік етіп, Салауатты өмір салтын сақтайық! |
|
Жүгіру және жүру жаттығуларын жасаймыз |
3 мин |
|
|
Оқушылар шеңбер жасап тұрыңдар! Бой жазу жаттығуларын жасау. |
8 мин |
|
|
|
|
Бірге: Топылдаймыз аяқпен , Шапалақтаймыз қолменен, Басымызды шұлғимыз, Қолымызды көтереміз, Қолымызды береміз Бір-бірімізге «Сәттілік» тілейміз. Тізбектеле сапқа тұру |
|
Жаңа сабақ |
2 мин |
|
|
1.«Жүйрік пойыз» ойыны |
5 мин |
Оқушылар тізбек сап түзет тұрады. «Баста!» деген бұйрық берілісімен тізбектегі бірінші тұрған ойыншы қолымен паровоздың дөңгелегінің қимылын жасай тез жүріп, қарсы қабырға қолын тигізіп айналып келгенде, оған екінші ойыншы ілеседі. Сөйтіп командадағы барлық ойыншы біткенше жүріс жалғаса береді.Пойыздың толық құрамы орнына қайтып келгенде, топтың қосымша тапсырмасы ақын-жазушылардың, спортшылардың аты-жөнін астына маркермен жазады. Болған кезде ұзақ гудок береді. |
|
|
|
1 топ Илья Ильин Ольга Рыпакова Серік Сапиев Мұхтар Әуезов Фариза Оңғарсынова Шерхан Мұртаза |
2 топ Әділбек Ниязымбетов Александр Винокуров Қажымұқан Тұманбай Молдағалиев Мағжан Жұмабаев Бердібек Соқпақбаев |
2. «Обручпен секіру» |
4 мин |
Обручтың ішінде тұрып, үстінен бір айналдырып, алға тастайды, үстіне секіріп ортасына түседі. Өзі секіре алатындай қашықтыққа тастау керек. Кейін қарай жүгіріп келеді |
|
3. Доппен жаттығу |
4 мин |
Допты екі аяқтың арасына қысып алып секіреді.Қарсы қабырғаға жеткенде, математикалық есепті қатесіз шығарып, мәнін жазу керек. Кейін қарай, допты қолына алып жүгіріп келеді. Есепті қатесіз шығарып, тез келген оқушыға 1 ұпай |
|
4. Алысқа секіру |
5мин |
Тізбекті саппен бір сызыққа келіп тұрған екі команданың бір-бір ойыншысы екі аяқпен 5 рет секіреді. Қайсысы алысқа секірсе, сол өз командасына 1 ұпай алып береді. |
|
5.«Әуе доп» ойыны |
4 мин |
Допты әуелете лақтырғанда, оны қарсы топтың ойыншысы екінші доппен қағып түсіруі керек. Қағып түсірген оқушыға 1 ұпай. |
|
6. Секіргішпен секіру |
4 мин |
Секіргішпен секіру жарысы. |
|
Қорытынды |
4 мин |
1.Сапқа тұру 2.Тыныс алу жаттығуларын жасау. |
|
|
|
|
|
Бағалау |
|
Сабаққа жақсы қатысқан, жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларды атап өту. |
|
Үй тапсырмасы |
|
Үй жағдайларында секіру жаттығуларын жасап үйрену. |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |