Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атамекен - алтын бесік.


Атамекен - алтын бесік.

Атамекен - алтын бесік.

Сабақтың тақырыбы: Атамекен - алтын бесік

Сабақтың мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп-дауындағы, өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.

Міндеттері: - Атамекенді қадірлей білу, атамекенге қызмет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағлұмат беру;

- Оқушылардың өз атамкені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту;

- Өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімін арттыру.

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: ақпараттық,сұрақ-жауап, диалог, ой-толғау.

Оқыту формасы:дара, жұптық, топтық.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, флипчарт, маркерлер, бейне баян.

Сілтеме: Оқулық авторлары: Б.А. Әрінова, Ж.Ж. Әкімбаева,

 Ж.Б. Қажығалиева, Р.О. Ізғұттынова.

Сабақтың барысы: 1. Психологиялық ахуал."Нұрға бөлену"

І.Білу. 1.Құпиялы қорап әдісі. Үй тапсырмасын тексеру.

-Азаматтық парыз, "Жақсы азамат болу " дегенді қалай түсінесің?

- Адам бойында азаматтық қасиет болмаған жағдайда не болар еді деп ойлайсың?

- Азаматтықа қарама-қарсы қандай ұғымдарды білесің?

- Өз еліңнің азаматы екеніңді қалай көрсетесің?

Бағалау."Ым-ишарамен"

2.Бейне баян.

- Осы бейнебаянды көріп отырып, өздеріңде қандай сезім пайда болды?

- Ендеше бүгінгі сабақ не түралы болмақ?

- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоясыңдар?

Стикерге мақсаттарын жазып, "Болжам

ағашына" жапсырады.

Кесілген қима қағаздарды таңдап алып, "Дыбыссыз қадам жасау" арқылы өз топтарын табады.

"Атамекен", "Туған жер", "Отан- ана"

ІІ. Түсіну. 1.Мәтінмен жұмыс. Бір шымшым топырақ.

                  2. Топпен жұмыс.

 І-топ:Мәтіннен туған жер, атамекенге байланысты негізгі ойды теріп жазады. "Түртіп алу" стратегиясы.

 ІІ топ: Автордың түйінді пікірін идеясын, постерге салады.

ІІІ-топ: Мәтіндегі Жақыптың іс-әрекетіне баға береді.

Бағалау. "Екі жұлдыз- бір тілек"

ІІІ. Қолдану. Логикалық тізбек құрастыру әдісі.

І-топ: Жаңа ақпарат.

ІІ-топ: Отан сүйер ұлан бол!

ІІІ-топ: Дәйек сөздің мағнасын ашу.

Ерінен айрылған- көмгенше жылайды.

Елінен айрылған-өлгенше жылайды.

Тапсырмалар оқылып, топта талданып, берілген тапсырманың бөлігі кесіліп таратылады. Музыка ойнағанда оқушылар партаны айнала билейді, музыка тоқтағанда тапсыманың кесілген бөлігін дұрыс жинақтап құрайды.

ІҮ. Талдау. Ән айту.

Әр бір топ туған жер, атамекен тақырыбына байланысты тарихы бар өлеңнен бір шумақ өлең айтады.

Ү. Синтез.

І-топ.Тақырыпқа байланысты өлең кұрастыру.

ІІ-топ.Эссе. Атамекен- мақтанышым.

ІІІ-топ. Тақырыпты постерге салу, қорғау.

 

ҮІ.Бағалау. Көршіңмен  мақтан.      

 

Үй тапсырмасы. Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелмен диалогке түсуге дайындық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ана деп ән салам" Еспенбетова Ақзираның авторлық әнінің мәтіні мен минусовкасы
Айбергенов, Ана, Аруана – бауыр дүние
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім
Қос сөздер
Қастек Баянбаев. "Араша"
Заттың атын білдіретін сөздер. Жауқазын. Бәйшешек
Заттың атын білдіретін сөздер. "Сауысқан мен көкек"
Заттың атын білдіретін сөздер. Құстарым, келіңдер
Қар
М.Жұмабаевтың "Қарағым" өлеңі
Бөлім: Уроки / Ашық сабақтар | Көрсетілім: 3611 | Қосты: Кабышева Зауреш Болатовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык