Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алтайдай асқақ асыл адам.


Алтайдай асқақ асыл адам.

Алтайдай асқақ асыл адам.

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

Балтабай ауылы

Балтабай орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ауганбаева Нуржамал Рамазанқызы

Конференция сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Алтайдай асқақ асыл адам.

Сабақтын мақсаты:

 а) Білімділік: Жазушы Оралхан Бөкей  шығармашылығын меңгерту; шығармаларын оқыту, талдау арқылы оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын  ұғындыру.

ә) Дамытушылық: оқушы белсенділігін  арттыру; дербес ойын,  көзқарасын, ізденімпаздығын қалыптастыру.

б) Тәрбиелік: халықтың рухани байлығы - әдебиетті игерту  арқылы имандылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа, т.б. ізгі қасиеттерге баулу.

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту технологиясы

Көрнекіліктер: Оралхан Бөкей шығармалары, жазушы туралы, ақын-жазушы,ғалым, өнер адамдарының пікірлері, жазушы портреті, ізденістер мен пікірлер слайды.

Сабақтың өту барысы: Акт залы ерекше  безендіріліп, білім мерекесі тәрізді әсер туғызуы керек. Биікке жазушы О. Бөкейдің портреті ілінеді. Сахнаның бір жағында жазушы туралы пікір жазылады:

Мұзтаудың мұзбалағы «Үлкен әдебиетке бар даусымен айқайлап «Адам» деп келіп, ізгілік, адалдық, сұлулық пен тереңдікті нысана етіп, зеңгір өнер аспанында қалықтаған өр Алтай ақиығын жұрт дауылды, аптапты, боранды ер сыналар күндерде көбірек іздейді».

Сахнаның екінші жағында жазушы шығармашылығы туралы кітап, газет- журналдар көрмесі ұйымдастырылады. Интерактивті тақтада жазушы шығармашылығы, ол туралы естеліктер мен пікірлер жазылған ақын-жазушылардың сөздері жазылады.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың зейінін  сабақ мақсатына жұмылдыру.

  • Қымбатты балалар және сабақ қонақтары! Біз бүгін адамды ардақтап, оның ұлылығын жырлап өткен, әдебиетімізге өзіндік өрнегін салған, туған жері Алтайдай асқақ , ұлттық көркемөнерімізде  өзгеше орны бар ерекше талант иесі Оралхан Бөкей шығармашылығы жайлы әңгіме етпекпіз.

Қазақ әдебиетіндегі  сүлей суреткер  ғұмырнамасы жайлы айту орынды болар.

Бұл туралы 11 «А» сынып оқушысы Чорманова Айдана жазушы өмірбаянынан сыр шертеді.

  • Көрінуші ең көнелердің көзіндей, жазғандарың қара  өлеңнің  сөзіндей.

Асқақ едің, нар едің,Туған өлкең-өр Алтайдың өзіндей,- деп Серік Тұрғынбеков  айтпақшы, Оралхан Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің сүлей суреткері ретінде танылған жазушы шығармаланрына тоқталайық.

Бұл туралы 9 « А» сынып оқушысы Тұрғынбек Ұлжан айтып береді.

«Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сәл жұмбақтап, өзіндік тың пәлсапа түйе отырып  жазылған»,- деп жазушы Талаптан Ахметжан айтқандай,оның «Біздің жақта қыс ұзақ», «Қайдасың,

 қасқа құлыным?», «Үркер ауып барады», « Қамшыгер», «Өз отыңды өшірме» сияқты кітаптары асқақ рух, биік адамгершіліктің отын лаулата жағады. Озғын мен тозғынды, өрелі мен өресізді, жауыздық пен мәрттікті, тайыздық пен тереңдікті, өткінші мен өмірлікті қатар дамыта отырып, күнге шыжғырып,  аязға қариды. Жүрегіңді шымырлатып, жүйкеңді ширықтыратын  шындыққа не жетсін.О.Бөкей тек шындықты  айтады,көзіңе жас тұнып, көкірегіңе шер байланады. Адамның жанын мұң тазартады.

 

Мұңның аяғы күреске, даналыққа өріс ашады. Ойланған адам дертсіз болмайды. Ақыл дерті - өсу, тазару.

«Оралхан бір оқылатын жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер»,- деп жазушы драматург Дулат Исабеков айтқандай, « Біздің  жақта қыс ұзақ» повесіндегі заман келбетін, адам келбетін суреттейтін тұстары жайлы кім не айтқысы келеді? – деген сауал тасталады. Бұл жөнінде 11 «а» сынып оқушылары Кадіров Жандос, Қайрат Айгерім  өз пікірін білдіреді.

  • Мұңсыз адам - ойсыз. Жаны ауырмаған пенде шіркіннің өзгенің де жаны мұрнының ұшына кеп қиналатынын қайдан білсін?

Басы ауырмағанның  құдаймен ісі жоқ. Жақсылық  істесең – жақсылық оралар.

Табиғат- екеш оған да оң көзбен қарап, жұмсақ алақанмен  аялап,

жайсаңдық жасасаң - өз үйің , жұтына түседі» - деген аксиомаға табан тірететін «Сайтан көпір»  әңгімесі жайлы пікір білдірсек. Бұл шығарма турасында

11 «А» сынып оқушысы Абдусамет Бахадур таратып айтып береді.

-  «Адамдарды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы деседе болады» -деп академик ғалым

Серік Қирабаев айтып өткендей, Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесіндегі қазақ даласына кесапат әкелген соғыс лаңы, Сарқынды шал көзқарасы, «Дүниедегі ең таза зат – таң алдында түсер таңғы шуақ» деген пікірлерге орай өз көзқарастарыңды ортаға салсаңдар, - деп өтініш білдіргенбіз, сондықтан

11 «А» сынып оқушысы Чорманова Айдананы ортаға шақырамыз.

  • «Жазушы Бөкеев – туған өлкесі әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес», -деп тілші ғалым Рабиға Сыздық айтпақшы, «Қар қызы», «Құм мінезі», «Атаукере», «Өліара», «Мұзтау», «Үркер ауып барады» шығармалары турасында ой  - пікір білдірген. Бұл туралы келесі оқушылар өз ойларын ортаға салады.
  • Таңғы шықтай мөлдір сезімді  жас жігіт пен еліктің лағындай үркек арудың табысқан сәттегі саналы түрдегі махаббаты мен жастардың қайсар қылықтары «Жетім бота» әңгімесіндегі оқырманды қилы қиялдарға еліктетер сөз құдіреті туралы айтпасқа бола ма? Бұл туралы  11 «А» сынып оқушысы Серікқызы Мейіргүл баян етеді.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдардағы еліміздің  алыс шетіндегі бір қазақ ауылының тұрмыс – тіршілігі сөз болатын Тортайдың  арман – мүддесінің символы – ақ боз ат, орындалған, орындалмаған армандар жайлы әңгіме қалай аталады?

Бұл сұрауға осы шығарманы талдау үшін 11 «А» сынып оқушысы Бақытжан Марфуған жауап береді:

  • Өмірдің мәні мен мазмұны саналатын салмағы зіл қара тас сан сауалдарға жауап іздейтін «Өз отыңды өшірме» романындағы талайды зар қақтырып, ақыры зорлық қақпанына түскен Оспан тағдыры жайлы ешкім бей-жай қалмайтын шығар. Бұл туралы 11 «А» сынып оқушысы Ақжан Дидар баяндағысы келеді.
  • Жазушының қай шығармасын алсақ та, айтайын деген ойын, идеясын нанымды, шынайы жеткізеді, ұлт рухы, халық дәстүрі тұнық күйінде елес береді. Оған «Атау кере», «Өліара», «Үркер ауып барады»,  «Бәрі де майдан» , «Құм мінезі», шығармалары дәлел.

Оралхан - кесек талант иесі. Ол өмір туралы ғұмыр бойы зерттеп, ол туралы қарымды қалам тербеді.Өмірінің соңына шейін туған жерінен кіндігін үзбеді. Жылына ең кемі екі рет қатынап, келген сайын атына мініп, Алтайдың қойны – қонышын сүзіп, еңбек адамдарымен емен – жарқын сырласып, түрлі мамандық иелері – болашақ кейіпкерлерімен қауышып, алған әсерлерін қорытып, шығармаларын жазып отырған.

 Алтай қойнауында  омарта ұстаушылардан оралысымен Оралхан Шыңғысайдағы үйінде тапжылмай отырып, 20 күнде «Атаукере» повесін жазып тастаған. Бұл жөнінде 11 «А» сынып оқушысы Жадыра Айбек айтып береді.

  • Оралхан Бөкей – заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер.

 Сенека: «Уағыз айтып, жақсылыққа жетелеуден гөрі, өнеге арқылы үйреткен жөн» - депті. Жазушы шығармасы жайлы Нұр Гүлшат өз ойын айтады.

  • Жазушы шығармашылығы, жазушы еңбегі, келбеті, азаматтық тұлғасы туралы нендей пікір қосар едіңдер? Бұл туралы 11 «А» сынып оқушысы Бақытжан Марфуға өз пікірін айтады: «Оралханның сүйсіне сөз қылатын бір артықшылығы оның осы кезге дейін азын-аулақ шығармаларының бәрінде де табиғи сұлулыққа, жер, су , орман сұлулығына деген қамқорлық, қамқорлық қана емес-ау, шын құштарлық, перзенттік сүйінпеншілік сезіледі. Сондай ыстық леп, терең тыныстар еседі» - деген болатын Төлеген Тоқбергенов».  

Бұдан кейін 11 «А» сыныпоқушысы Сейітқазиева Ажар қорытынды пікір айтады: «Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді! Заңғар тауларынан құлап аққан өзендеріндей тасқын еді. Тауларының сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш – өркеш тастарындай қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді», - деген еді жазушы Қасым Қайсенов».  Бұдан кейін Бақытжан Марфуға Шерхан Мұртаза сөзімен түйіндейді.: «Оралхан – дүниеден озғалы он жылдан асты. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар жасқа – ақыл, кәріге- қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады, кітаптары әлі де өмір сүре береді».

 Ұйымдастырушы мұғалім конференция соңында:

Өр едің өр Алтайдай тірегім ең, айырылды қазақ  сендей түлегінен. Өзіңді қастерлеген туған елдің, жатарсың орын алып жүрегінен, - деп ақын Марфуға Айтхожина жырлағандай,

 Көрінуші едің көнелердің көзіндей, жазғандарың – қара өлеңнің сөзіндей, асқақ едің, нар едің – Туған өлкең-өр Алтайдың өзіндей, -деп Серік Тұрғынбеков айтқандай, Оралхан өз ғұмырында қара сөздің «жілігін шағып, майын ішкен», сонысымен өзін де, елін де, туған әдебиетін де асқаралы биікке шығарып кеткен, жыл сайын елі еске алып, көркем сөзбен шығармашылығын мерекелейтін Алтайдай асқақ асыл адам Мұзтаудың мұзбалағы еді.Оның шығармалары қазақ әдебиетінде мәңгілік жасайды. Ол – қадірлі, ол – құрметті. Сондықтан да ол «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин Комсомалы сыйлығының, Н. Островский атындағы Бүкілодақтың әдеби сыйлықтың иегері болды», -  деп қорытындылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қамар сұлу
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
«Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші
Қайдасың, қасқа құлыным
Кітаппен бірге ер жетеміз
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей " Апамның астауы" әңгімесі
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 3077 | Қосты: Ауғанбаева Нуржамал Рамазанқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык