Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі


Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

 
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
1) Білімділік: Оралхан Бөкейдің өмірімен, шығармашылығымен, «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің мазмұнымен таныса отырып, шығарманың көркемдік идеясын ұғындыру; сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру;
2) Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өз көзқарастарын  сыни тұрғыдан шығармашылықпен жеткізе білуге баулу;
3) Тәрбиелік:оқушыларды кейіпкерлер бейнесі арқылы адамның жан дүниесін түсіне білуге, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа оқу материалдарын оқып-үйрену сабағы
Оқытудың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау», «Топтастыру», «Диалог құру
«еркін жазу» стратегиялары.
Сабақтың көрнекілігі: оқушылардың О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына байланысты дайындаған слайдтары, шы,ғармаларының тақырыптарына байланысты суреттер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. (Сынып оқушылары 3 топқа бөліне отырғызылған)
ІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту
ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру
1)  «Ой ашар»
- С. Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасы прозалық жанрдың қай түріне жатады? (әңгіме)
- Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі)
- Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім)
2)«Шешуін тауып көр» - оқушылар бір-біріне үйден дайындап келген сұрақтарды қояды. Бұл тапсырмаға қойылатын талап: оқулықтағы сұрақтар қайталанбауы керек және «ойламаған жерден», яғни кейбір оқушы аса көңіл бөлмейтін, бірақ шығармадағы «өз орны» бар детальдар назарға алынуы тиіс. Бағалау кезінде сұрақ дайындаушының да, оған жауап берушінің де еңбегі ескеріледі.  
IІI. Мағынаны тану. 1) Оқушылар дайындаған слайдтар бойынша Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығана шолу жасаймыз.
2) 3 топқа әңгіме мазмұны таратылады. Түсіндірме сөздік жұмысын жүргізіледі.
Түсіндірме сөздік
Иығы - жоғарғы жағы деген мағынада жұмсалған.
Күреңсе - мамық шөп
Маялау - шөпті үйіп жинау
Көңіл хошы - көңіл күйі
3) Әңгіменің мазмұнына қарай топ оқушылары бір-бірін жалғайды, өзара пікір алмаса отырып, толықтырады
«ДЖИГСО-1» стратегиясы
(мәтін мазмұны оқушыларға таратылып, әңгіменің мазмұнына байланысты сурет тақтаға ілінеді, оқушыларға уақыт беріледі)
Топ оқушылары бір-бірінің ойын жалғай отырып, шығарманың мазмұны тыңдалынады.
4) Жетелеуші сұрақтар:
- Үзінді кім туралы, авторы кім деп ойлайсыздар?
- Әңгіме неге "Тортай мінер ақ боз ат..." деп аталған?
- Әңгіменің тақырыбы туралы не айтасыздар
5)  Мәтіннен бейнелі сөздерді табу
Эпитеттер - жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние
Теңеулер - табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма
Мақал - мәтел - Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Ораза - намаз тоқтықта ғана.
Фразеологизмдер - Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу
6) Топтар кейіпкер бейнесін ашып суреттейді
1-топ: Тортай бейнесін Аян бейнесімен салыстырады.
2-топ: Тортайдың тағдырын казіргі уақытпен байланыстыру
3-топ: Тортай не үшін  жапа шекті, кім кінәлі? Деген сұраққа жауап береді
7) Бас кейіпкерлерге мінездеме беру
Ораз
Тортай 
IV. Ой толғаныс
- Шығарманың сіз үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
V. Үйге тапсырма беру: (Менің бақытты балалық шағым»  тақырыбына эссе жазып келу.Соғыстан кейінгі балалық шақ пен бүгінгі таңдағы балалық шақты салыстыра ой толғау.
VІ Бағалау

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Мұратбеков. Жусан иісі
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
«Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші
Кітаппен бірге ер жетеміз
Қаздар қайтып барады
ОМЖ әдебиет 7а сыныбы
Апамның астауы. Баубек Бұлқышев
Оралхан Бөкей " Апамның астауы" әңгімесі
Ә. Нұрпейісов "Балықшылар" әңгімесі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4440 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык