Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»


Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сыныбы:7

Пәні:Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»

Сабақтың мақсаты:

Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығы, «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен таныстыру. Әңгімені С.Мұратбековтың «Жусан иісімен» салыстыру арқылы шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау. Кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау. Өмір шындығын таныту.

Оқушы ойын ашық жеткізе білуге, шығармашылықпен айналысуға, талдау жасау кезінде білімін, ойын дамытуға ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,дәлелді пікір айтуға баулу.

Кейіпкер тағдырына ортақтастыра отырып, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: ой қозғау, іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

Көрнекілігі: жазушы портреті, сөзжұмбақ, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-       Амандасу.

-       Оқушыларды кезекші арқылы түгендеу.

-       Сынып бөлмесі мен оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

«Әдебиет - тек асыл мұратпен, таза ар-намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген екен ұлыларымыз. Ендеше осы асқар тауға жетелейтін қасиетті әдебиет сабағын бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

- Балалар, өткен сабақта қандай әңгімемен таныстық? (С.Мұратбеков «Жусан иісі»).

- Біз осы оқу жылында еліміздің түкпір-түкпірінен шыққан ақын-жазушылармен таныстық. Ауылымыздың тумасы жерлес жазушыларымызды да шолдық. Соның бірі – Сайын Мұратбеков. Жазушының «Жусан иісі» әңгімесін өткен сабақтарда қызыға оқыдыңдар. Қане, өткен сабақта өтілген шығарманың мазмұнына байланысты құрастырылған сөзжұмбақты шешіп, үйге берілген тапсырманы пысықтап өтейік.

Сұрақтары:

1. «Жусан иісі» шығармасының авторы (Мұратбеков)

2. С.Мұратбеков қай ауылда дүниеге келген? (Қоңыр)

3. «Жусан иісі» шығармасының басты кейіпкері кім? (Аян). Қосымша сұрақ: Аян қандай бала?

4. Аянға көмек көрсеткен сынықшы кім? (Асылбек). Қосымша сұрақ: Аянның Асылбек қартқа баруына қандай жағдай итермеледі?

5. Аян сауат ашқаннан кейін соғыстағы ағасына не жіберді? (Хат). Аянның ағасы соғыстан оралды ма?

6. Аянның ұстазы (Иманжанов)

7. Оқиға қай жерде болған? (Жусандытөбе)

8. Аян кіммен төбелесті? (Есікбай)

9. Аян Асылбек қартқа аяғын салдырғанда қандай қасиет көрсетті? (Төзім). Қосымша сұрақ: Аянның төзімділігін тағы қандай іс-әрекеттерінен байқауға болады?

10. Аян ертегіні қай уақыттарда айтушы еді? (Кешкі)

11. Аян халық ауыз әдебиетінің қай түрін шебер айтушы еді? (Ертегі). Неліктен Аянның ертегілері үнемі «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталады?

12. Аян әжесінен айырылған соң, кімді паналады? «Жусан иісі» әңгімесі немен аяқталды?

М

Ұ

Р

А

Т

Б

Е

К

О

В

 

 

 

 

 

Қ

О

Ң

Ы

Р

 

 

 

 

 

А

Я

Н

 

 

А

С

Ы

Л

Б

Е

К

 

 

 

 

Х

А

Т

 

 

И

М

А

Н

Ж

А

Н

О

В

Ж

У

С

А

Н

Д

Ы

Т

Ө

Б

Е

 

 

 

Е

С

І

К

Б

А

Й

 

 

 

 

Т

Ө

З

І

М

 

 

 

К

Е

Ш

К

І

 

Е

Р

Т

Е

Г

І

 

Б

А

П

А

Й

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ендеше, бүгін Оралхан Бөкейдің өмірі, шығармашылығымен және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесімен танысамыз. Бәріміз тақтадағы Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректерге назар аударамыз. Өмірімен таныспас бұрын,

Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір...

(Ғафу Қайырбеков)

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл - Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия. Оралхан дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі еңбек майданынан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Ол 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебінен         соң, аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторшы болып жұмыс істеген. 1963-1969 жылдары Оралхан Бөкей С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқыды.

1965-1968 жылдары ол Большенарым ауданының «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысының «Коммунизм туы» («Дидар») газетінде әдеби қызметкер болды.

Оралхан Бөкей 1968 жылы республикалык «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді. Оның журналист боп, жазушы болып қалыптасуына Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Ешкімге белгісіз Шыңғыстайдағы тракторшы баланың бойынан жалындаған талант отын байқаған Шерхан Мұртаза оны Алматыға жетелеп әкеп, дуылдаған қаламгерлер қауымының қалың ортасына салды да жіберді. ОралханБөкей бір сөзінде «Мені әдебиетке әкелген журналистика» дейді.Өмірінің соңына дейін ол журналистика мен жазушылықты қатар алып жүрді.

1974-1983 жылдары Оралхан Бөкей «Жұлдыз» журналының проза бөлімінің меңгерушісі, 1983-1991 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, 1991-1993 жылдары бас редакторы болды.

Оралхан Бөкей 1993 жылы17 мамырдаҮндістан жерінде, Делиде қайтас болды.

Шығармалары:

«Қайдасың, қасқа құлыным», «Мұзтау», «Үркер ауып барады», «Өз отыңды өшірме», «Біздің жақта қыс ұзақ», «Құлыным менің», «Апамның астауы», «Бәрі де майдан», «Жетім бота», т.б. Оралхан Бөкейдің қай шығармалары болсын көтерген, қалам сілтеген негізгі тақырыбы – адам тағдыры, табиғат, олардың тұтастығы, бірлігі.

Марапаттары:

ü1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты

ü1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты

ü1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.

Айтып өткенімдей, бүгінгі өтетініміз О.Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі. Мен сендерге алдын-ала әңгімемен танысып келуге тапсырма берген болатынмын.

а) Әңгіме мазмұнын талдау(кестемен жазбаша жұмыс)

Әңгіменің аталуы

«Тортай мінер ақ боз ат»

Авторы

Оралхан Бөкей

Тақырыбы

Жетім өмірі

Идеясы

Жас бозбаланың биік арманының соғыс салдарынан орындалмай қалуы.

Кейіпкерлер

Тортай, фермер баласы

Қай кезеңді суреттейді?

Соғыстан кейінгі жылдарды

Әңгіме немен аяқталды?

Тортай арманына жете алмады

ә) Кейіпкерлер мінезін талдау (ауызша талдау)

Кейіпкер

Мінезі

Менің ойым

б) Әңгіме тілін талдау (тақтамен жазбаша жұмыс)

Жер, су аттары

Тұрақты тіркес

Мақал-мәтел

 

-        Салықсалған

-        Моңғолия

-        Ит басына іркіт төгілу (молшылық)

-        Қой аузынан шөп алмас (момын)

-        Ұядай қылып жинау (жинақы)

-        Мұрнын көкке көтеру (паңдану)

-        Ішкені – алдыда, ішпегені – артта (байлық)

-        Тақымы қотыр тайға тимеу (жолы болмау)

-        Ораза-намаз тоқтықта

-        Тоқ бала аш баламен ойнамайды

в) «Жусан иісі» мен «Тортай мінер ақ боз ат» шығармаларын салыстыру.

«Жусан иісі» повесі

Аян

«Тортай мінер ақ боз ат»

Тортай

 

Ертегі шығарады

Кітап оқығанды жақсы көреді

Ұқсастығы

Жетім, дене кемістігі бар, қиялшыл, төзімді, досқа адал

г) Екі шығармаға байланысты проблемалық сұрақтар қою.

  1. «Жусан иісі» повесі мен «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі қалай аяқталды? (Оқушылар кітаптан екі шығарманың аяғын тауып оқиды)
  2. Жетім балалардың армандарының орындалмай қалуына не кедергі болды? (Сұрапыл соғыс)
  3. Екі оқиғаны қалай аяқтар едіңдер? (Оқушылар өз ойларын айтады)
  4. Аян кеткенде, басқа балалармен көңілсіз болып Аянды қимаған кім? Тортайды өзімен бірге алып кететін шамасының жоқтығына қиналған кім? (Ол – Аянды қимаған оның жолдасы еді, Тортай үшін қиналған досы Ораш еді. Олар – осы шығармалардың авторлары - Оралхан Бөкей мен Сайын Мұратбеков).
  5. Тортай  кітап  туралы қандай  пікірде ? Кітапты неге пір тұтты?
  6. Кітаптың адам өмірі, мінез құлқы үшін қандай маңызы бар?
  7. Қос шығарма сендерге не үйретті? (Ойларын айтады)

ІV. Шығармашылық жұмыс.

Тортайға хат жазу.

V. Қорытындылау (оқушылар Инсерт кестесін толтырады)

V - білемін

+ - білдім

? – білгім келеді

 

   

VI. Үй тапсырмасын беру

 Аян мен Тортайдың «Баяғыда бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілерін құрау.

VII. Бағалау. Оқушыларды берген жауаптарына, белсенділіктеріне қарай бағалаймын.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
С.Мұратбеков. Жусан иісі
Алтайдай асқақ асыл адам.
Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат»
«Алтайдың асыл жыршысы» Оралхан Бөкеймен танысу кеші
Қайдасың, қасқа құлыным
С.Мұратбеков Жусан иісі повесіндегі Аян бейнесі
Мұратбеков «Жусан иісі» әңгімесін талдау.
Оралхан Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі
Оралхан Бөкей " Апамның астауы" әңгімесі
Бөлім: Уроки / Әдебиет | Көрсетілім: 61553 | Қосты: Мухаметжанова Индира | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык