|
|
Ыбырай Алтынсарин “Әке мен бала”
Әдебиет 5 «Б» сынып
5.02.15
Сабақтың мақсаты: А)білімділік: Аңыз-әңгімелер туралы оқушыларға түсініктеме беру.Білімдерін толықтыру арқылы шығармашылық қасиеттерін дамытып, әңгімелердің тақырыптары туралы түсінік беру. Ы. Алтынсарин өмірі мен шығармаларын таныстыру.
Ә)дамытушылық: Оқу арқылы тез ойлану, тез жауап беру қабілетін дамыту.
Б)тәрбиелік: Адамгершілік, имангершілік қасиеттерге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа
Сабақтың әдісі мен тәсілдері: Әңгімелеу, баяндау.сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе.
Жұмыс формалары:топтық
Сабақтың барысы.
1.Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты тексеріп тыныштық талап ету.
2.Үй тапсырмасы: тексеру,бағалау.
Сұрақтар.
1.Аңыздар қалай туады.
2.Аңыздар ертегіге ұқсай ма?
3.Аңыздың ертегіден айырмасы қандай?
Тапсырмалар.
1.Сөздер мен сөз тіркестерін дұрыстап айтыңдар.
2.диалог.
3.Мына сөздерді пайдаланып ,сөйлем құраңдар.
4.Сөздер мен сөз тіркестерін, қазақ тіліне аударыңдар.
5.Мәтіннен «айырмашылық» сөзінің антонимін табыңдар.
6.Өздерін білетін аңыздар туралы айтып беріңдер.
Жаңа сабақ
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт – бағдар сілтеген, сөйтіп, сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Ол – тұңғыш ағартушы, педагог – жазушы Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин – аса көрнекті ағартушы, этнограф ғалым, қазақ әдеби және жазба әдеби тілінің негізін қалаушы ақын әрі жазушы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог болған Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы қазанның жиырмасыншы жұлдызында Орта жүздің қыпшақ руында дүниеге келген. Әкесі 1844 жылы Кенесары шапқыншылығы кезінде қаза табады да, жас Ыбырайды атасы, белгілі би Балғожа Жаңбыршыұлы тәрбиелейді.1850 жылы жиырма екінші тамыз күні Орынбор қаласында ашылған мектепке отыз баланың бірі тоғыз жасар Ыбырай болды.
Ыбырай бұл мектепті жеті жыл оқып, 1857 жылы бітірді. Ыбырай ерекше зерек, дарынды болған.
Ыбырай қазақ арасынан көптеп мектеп ашуды аңсады: «Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен?» - дейді. Ол
өнер – білімді, мәдениетті дәріптеп, халықты соған шақырып өлең, әңгіме, мақала жазды. Бұл жөнінде, басқаны былай қойғанда, оның «Өнер – білім бар жұрттар» деген өлеңі айқын дәлел.
- Білімге шақырған өлеңдері
«Кел,балалар,оқылық!» , «Өнер, білім бар жұрттар»
- Табиғат туралы «Өзен», «Жаз».
- Әлеуметтік теңсіздік:
«Залым төреге», «Әй, жігіттер», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері»
- Орыс жазушыларының аудармалары:
И.Б.Паульсонның «Книга для чтения и практических упражнений в русском языке», К.Д.Ушинский «Родное слово», Л.Н. Толстой, Крылов.
- Қазақ ауыз әдебиеті
«Лұқман хакім», «Жиренше шешен», Таза бұлақ», «Қар батыр», «Тазша бала», «Алтын айдар», «Қобыланды батыр»
Ы. Алтынсарин –оқулық авторы
- «Қазақ хрестоматиясына енген тақырыптар
А/ Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс хрестоматиясынан, көбінесе И.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
Ә/ Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
Б/ Қазақ ақындарының ең таңдаулы өлең -жырларынан үзінді.
В/ қазақтың мақал –мәтелдері.
Сөздік жұмысы
ескі таға – старая подкова
иіліп алды – наклонился и взял
ұста - кузнец
аяңдап жүрді – шли медленно,не спеша
азға қанағат ету – довольствоватся малым
көптен құр қаларсың – останешься ни с чем
1.Балаға мінездеме: 1.Баланың мінезіне қарама-қарсы қасиеттер:
Еріншек Еңбексүйгіш
Жалқау Еңбекқор
Жай басар Пысық
Өлеңдерін атап, жазу Әңгімелерін атап, жазу
Әке, таға сөздерінен Бала, шие сөздерінен
сөз тіркестерін құрау сөз тіркестерін құрау
Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы
«Әке мен бала» әңгімесі бойынша талдау жұмыстары.
1 топ 2 топ |
|
Әке |
Бала |
Үлкен кісі |
Жас бала |
Ы.Алтынсаринге қатысты сөздерді талдау
- «Ыбырай Алтынсарин –қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты»
«Оренбурский листок» газетінен
- «Қазақ халқы қарапайым, өнері жоқ халық, бірақ біз қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз»
Ы.Алтынсарин.
- «Халық мектептері үшін ең керектісі –оқытушы. Тамаша педагогика құралдары да, ең жақсы үкімет бұйрықтары да, инспектор бақылауы даоқытушыға тең келе алмайды.»
Ы.Алтынсарин
- Қазақтарға-осы дарынды, ақыл-есі мол халыққакешікпей рухани және қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс бағыт беру қалай дегенмен де қажет болып отыр»
Ы.Алтынсариннің (губернаторға жолдаған баяндамасынан)
Бекіту.
Бағалау
Үйге тапсырма беру
«Әке мен бала» әңгімесінің мазмұнын айту.
«Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |