Тақырыбы: А-ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Әке мен бала
Мақсаты: 1. Оқушылардың А-ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі туралы түсініктеме беру, Әке мен бала әңгімесінің мазмұнын меңгерту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, есте сақтау қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.
3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Презентация, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының әдістері.
Түрі: Жаңа білім беру сабағы
Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
Сабақтың барысы:
І.Итермелеу
1.Сыныпты 5 топқа бөлу.
Психологиялық дайындық
Сыныбымыз тап- таза
Бор да дайын тақтада.
Ойымызды жинақтап,
Отырайық партаға.
- Дыбыс. Дыбыс нешеге бөлінеді? (екіге: дауысты, дауыссыз)
- Дауысты дыбыстың қандай түрлерін білесіңдер? (жуан, жіңішке)
- Жуан дауысты дыбыстарды ата.
- Жіңішке дауысты дыбыстарды ата.
- Жұп дауысты дыбыстарды ата.
2.Терминдер арқылы болжау стратегиясы.Сабақтың мақсатын айту.
А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү. ұста
ІІ. Конструкциялау.
49 – жаттығу: Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу. Берілген сөздердегі а, ә дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын анықтау.
ар-әр дау-дәу
ал-әл сат-сәт
аз-әз сал-сәл
дал-дәл сан-сән
Дәптермен жұмыс
49 - жаттығу
Ар- әр.
Ыбырай Алтынсарин туралы мәлімет беру: Ыбырай Алтынсарин-тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш мектеп ашқан, оқулық жазған.
Мәтінмен жұмыс: «Әке мен бала» мәтінімен таныстыру. Мәтінді бөлімдерге бөлу. Әр бөлімді топта жеке – жеке оқып талдау, дауыстап оқыту. (ойлан/жұптас, талқыла) әдісін қолдану.
1. Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың ескі тағасын көріп, баласына:
— Анау тағаны, балам, ала жүр! — дейді. Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — дейді.
Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп алады да, жүре береді.
2. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі кайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатады. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алады. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем-бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.
3. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым-ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салады. Біткеннен соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жейді.
4. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға ерініп едің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің.
5. Бұдан былай есіңде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — дейді.
1. Шығарма авторы кім?
2. Әңгіме кім жайлы?
3. Әкесі қандай?
4. Баласы қандай?
5. Автор болсаңыз әңгімені қалай аяқтар едіңіз?
Сергіту сәті: электронды сергіту сәті.
ІІІ.Нұсқалау:
«Ішіне – сыртына» әдісі арқылы жуан айтылатын сөздерді шеңбердің ішіне және жіңішке айтылатын сөздерді шеңбердің сыртына бөліп жазу.
( Бала, әке, шие, ұста, тиын, егін)
Әке, шие, егін
Бұл сөздердің не себепті жуан немесе жіңішке
айтылып тұрғанын дәлелдеу.
Мақалдың мағынасын ашу, талдау.
«Талаптыға нұр жауар» түсіндіру, екі баланы салыстыру. (Венн диаграммасы)
Кейіпкер: еңбектенген жоқ, тағаны алмады, ақылсыз бала,
сатып алмады.
Суреттегі: еңбектенеді, мақсат қояды, ақылды бала.
Ұқсастығы: Жас бала.
- Бүгінгі сабақтан өздеріңе не алдыңдар? (Әр оқушы өз ойын айтады. Мысалы: үлкенді сыйлау, жалқауланбау...)
Үйге тапсырма: 57-59 бет оқу, мазмұндау, мақалды жаттау.
Бағалау.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Материалы / Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Көрсетілім: 2460 |
|
|
|
А-ә дыбыстары мен әріптері және олардың емлесі. Әке мен бала

Автор Тәжит Манат Жанатқызы
№ ЖББОМ
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.

Бөлімдер
Авторлық бағдарлама |
Коучинг жоспарлары |
Мектеп әкімшілігі |
Мектептен тыс мекемелер |
Сыныптан тыс жұмыс |
Оқушымен жұмыс |
Тәрбие сағаты |
Ата-аналармен жұмыс |
Қосымша жинақтар |
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар |
Қазақ тілінен ашық сабақтар |
Әдебиеттен ашық сабақтар |
Открытие уроки по русскому языку |
Уроки литературы |
Ағылшын тілінен ашық сабақтар |
Биологиядан ашық сабақтар |
Химиядан ашық сабақтар |
Физикадан ашық сабақтар |
Математикадан ашық сабақтар |
Информатикадан ашық сабақтар |
Тарихтан ашық сабақтар |
Географиядан ашық сабақтар |
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар |
Психологиядан ашық сабақтар |
АӘД пәнінен ашық сабақтар |
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар |
Құқықтан ашық сабақтар |
Экономикадан ашық сабақтар |
Музыкадан ашық сабақтар |
Технологиядан ашық сабақтар |
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар |
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар |