Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Менің мектепке барар жолым.


Менің мектепке барар жолым.

 

Менің мектепке барар жолым.

Мақсаты:1.Оқушылардың жолда жүру ережесін меңгеру дағдысын қалыптастыру.

                  2.Көшедегі әдептілік,мәдени қарым-қатынас дегеннің не екенінен хабардар ету.

                  3.Адами ізгілікке,әдептілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Жол ережелері кітапша,суреттер.

Сынып сағатының жүрісі:

 I.Ұйымдастыру.

 II.Негізгі бөлімі:

    1.Тақырыбын,мақсатын таныстыру.

    2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

    Жолда жүру ережесін білу-әрбір баланың басты міндеті.Ол өзінің өмірін сақтандыратынын әр бала білуге тиіс.

    Біз ауылдық жерде тұрамыз.Бізде көшедегі жолды реттеп тұратын бағдаршамдар,көше қозғалысын реттейтін МАЙ қызметкерлері жоқ.Дегенмен,көше қозғалысының жол ережесін білуге тиіспіз.Себебі,бізде жыл сайын көбейіп келе жатқан автомобильдер,мотоциклдер өте көп.Вокзал маңындағы пойыздар да баршылық,жеңіл машиналар өте көп.

   Ауылдарда үйлер ретсіз салынғандықтан көшеде машиналардың жүруіне қауіп төндіреді.Сондықтан мынадай ережелерді білуге тиіспіз.Біз бұл ережелерді есте мұқият сақтай білсек,мектепке қатынау,мектептен үйге қатынау-бізге қауіп төндірмейді.

    3.Ережелер оқу.

*Жақын келіп қалған көлік алдынан кенет жүгіріп шықпа.Ол көліктің тежегіші ұстамауы мүмкін.

*Тасада да,тоқтап тұрған көлік маңына да барып ойнамау керек.

*Машина жолдың бойына ойнауға,машиналар соңынан жүгіруге,жармасуға болмайды.

*Машиналар жолына велосипед теппеңдер.

*60км/сағ.жылдамдықпен келе жатқан машина өзін тоқтатқанша 20-24м.ілгері кетеді.Егер жол тайғақ болса,40-42м.ілгері кететінін біл.

   Көшеде жүрудің де мәдени,тәртіптілік ережелерін білуің керек.

*Көшеге шығар алдында киіміңді жөнге келтір.Қалай болса,солай киінбе.

*Таныс адамдар кездессе,сәлемдесіп өт.

*Үлкендерге жол бер,айналып өтуге асықпа.

 

*Жолда күшік,мысық ертіп шығып ойнама.

*Көшеде түзу,әдемі жүр.Лас сөздер айтпа.

   4.Оқушылар тақпақтары:

1-оқушы:Көшеде бағдаршам болмаса,

                  Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе.

                  Кідірме,абыржып онда аса

                  Сенгейсің,өзіңнің көзіңе.

2-оқушы:Ұшқалақ бала ұрыншақ,

                  Ойлылық керек ұғынсақ.

                  Машина алдын кеспесек,

                  Майып боп уайым шекпесек.

3-оқушы:Мен білем,бәрін мен деме,

                  Отырған жоқсың бөлмеде

                  Машина өтіп кеткесін

                  Жолаушы алға беттесін.

   5.Көрініс.

Бірнеше оқушы көлік жүретін жолда бір-бірін қуып,велосипед теуіп,ойнап жүреді,кенеттен машина келіп,біреуін қағып кете жаздайды.

  6.Әңгімелету.

*Көрініс бойынша көргендерін әңгімелету.

*Оқылған ережелер бойынша түсінгендерін,әр баланың қай ауылдан қалай келетінін әңгімелету.

*2-ші ауылдан келетін балалар үшін темір жол ережесін,пойыздан өту жөнінде әңгімелету.

III.Қорытындылау.

  7.Сұрақ-жауап.

  8.Түйіндеу,мұғалім сөзі.

IV.Аяқтау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жол апатының алдын алу»
Жолда және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық таныту мәдениеті
Жолда жүру ережесін сақтайық!
«Бағдаршам және біз»
Жол тәртібін жадыңда ұста.
Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!
Жолың болсын,балақай!
Көшеде сақ бол!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Сақ бол¸балдырған!
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 17769 | Қосты: Алия Шайпакова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык