Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Абай-дана,Абай-дара қазақта!


Абай-дана,Абай-дара қазақта!
Сыныптан тыс шара
Тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта!
Мақсаты: Оқушыларға биыл Абай атамыздың 170 жыл екенін естеріне
сала отырып ,өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби-кеш ұйымдастыру.
Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, көрініске қажетті
жабдықтар, ақын- жазушылардың пікрлері жазылған қабырға газеттер т.б
Әдісі: Сценарий бойынша өткізу
Барысы:
1-ж. Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай!
Ана тілдің арқасы, ұғып келем,
Желілерін ойыңның үзіп алмай.
2-ж.Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.
1-ж. Қазақтың рухани кемеңгері,ойшылы,білім мен бостандық жолындағы
қажымас күрескері - Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
2-ж. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған...» , - деп жазған Ахаң.
1-ж. Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Абай-дана, Абай -дара қазақта!»
атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
2-ж. Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған
кемеңгер Абай Құнанбаевқа - 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы
қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналмақ.
1-ж. Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты
Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген
2-ж.Абайдың арғы атасы- Ырғызбай да, атасы- Өскенбай да өз кезінің атақты
адамдары,Тобықты руының билеушілері болған.
1-ж Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі
Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан
ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.
-Абайдың балалық шағына көз жүгіртейік.
2-ж. Абай атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан гөрі басқа
бір ермек, бір бөлек бір дос тапты.Онысы әсіресе әжесі,одан қала берсе, шешесі.
Абай ауыра бастағанда бір күні кешке ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұраған еді.
Ойланып отырған әжесі:
-Е,е бұлдыр-бұлдыр күн өткен бұрынғыда кім өткен......(Әжесі мен Абай сөйлесіп отырады)
1-ж. Абай соны ұғып , келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып,:
-Е,е .... бұлдыр-бұлдыр күн өткен, бұрынғыдан кім өткен?-деп әңгіме тыңдағысы келгенін білдіруші еді.
2-ж.Шеше әңгімелерін бар пейілін беріп жүргенде күндердің күнінде бұл үйге екі бөгде қонақ
кеп қонды. Бірі - қартаң, бірі жас қонақ.
Қонақтармен жай сұрасып,амандасып болған соң,Ұлжан Абайға жымиып:
Ұлжан: -Ал,балам,әжеңмен екеуімізді қажи беруші едің, жырдың дүкені,міне,жаңа келді.
Мына кісі-Барлас деген ақын.
Барлас: -Е ,балам, шешенің судай төгілген,тыңдаушың бордай егілген»,-дегендей сөйлеуді де,
тыңдауды да сүйген ел -елдағы.Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға Байкөкше де жалықпас,-деп
жолдасына қарайды.
1-ж.Осы түнде ас піскенге дейін Барлас «Қобыланды » жырын жырлады.
Ертеңінде Ұлжан Барлас пен Байкөкшені жібермеді.
Ұлжан: -Жүрмеңдер,асықпай,әлі біраз күн қонақ боп жатып кетіңдер,-деді.Бұл-Абайдың тілегі еді.
2-ж.Абай күндіз де,түнде де Барластардың қасынан шықпайды. Барлас пен Байкөкше бір айдай Абай үйінде болады.
1-ж. Ұғымтал,зеректігіне қатты риза боп, Барлас оңашада Абайға:
Барлас: -Шырағым ер жетерсің,
Ер жетсең,сірә,не етерсің?!
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің,-деп домбырасын ұсынады.
Ұлжан: Тағы да келе жүріңдер.Анау кәрі әжесі мен бізді де көп сейілттіңдер! Жолдарың болсын! Келген сапарларың тыста бір азырақ ырым байлаттым. Ала кетіңдер.Риза,қош боп аттаныңдар!
(Абай тысқа шығып,Барластарды аттандырды) Абай риза боп қуанып кеп,анасын қысып,белінен,мұрнынан сүйді.
2-ж. Қуанышты көңілмен, Барлас пен Байкөкшенің өнеріне сүйсініп Абай қатты қуанып, ұйқыға кетеді.
(Қалғып кеткен Абай түс көреді)
Диалог – Айымгүл мен Есет.
1-ж. Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында,кітапты көп оқып өз бетінше көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың классик ақындары Низами,Сағди, Хафиз,Науаи,Физули шығармаларын қызыға оқиды. Басқа да әдеби мұралармен,қисса, дастан, ертегілермен осы кезде танысады.
2-ж.Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп қалмай, араб,парсы,түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді.
1-ж Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,сезім көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
2-ж. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.Осыған орай, Абайдың алғашқы өлеңдерінің бірі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіне кезек берсек.
Ғылым таппай мақтанба: 5-сынып оқушылары
1-ж. Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
2-ж. Табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.Тағы да бір топ өлеңдеріне кезек берсек.(Азамат,Қонай,Мерей)
1-жАкадемик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын айтқан.
2-ж. Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай 9-сынып оқушысы Қалдымырза Жұлдызайдың орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әніне кезек берсек.
1-ж.Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала-
оның поэмалары.Олар : «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.Соның бір дәлелі ретінде «Масғұт» поэмасын тамашалаңыздар.
9-сынып оқушылары дайындаған «Масғұт» поэмасы.
2-ж.Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-ккөркем әңгіме емес,алайда оларды даналық сөздер,мақала,ғылымдық,философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
Қарасөздеріне байланысты көрініс.
1-ж.Абай атамызды күллі әлем таниды. Оның достары да аз емес. Әлемге әйгілі данышпанымыз туралы өзге ұлттың ақын-жазушыларының пікірі қандай? Тындап көрелік.
Абайға арналған өзге ұлт өкілдерінің пікірлері.
2ж Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Абай өзінің халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды. Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді,»,-деп Елбасымыз айтқандай Абай мұрасын жалғастырушы кейінгі ұрпақ не дейді? Абай атасының рухына бағыштаған жас жеткіншектерге кезек берсек.
Абай өлеңдері. 9-10сынып оқушылары.
1-ж. Әннің де естісі бар,есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
2-ж. Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді,Гүлбаршын,ә?!
1ж- Атсақ,айтайық. Абайдың әні «Көзімнің қарасы»
2-ж.Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
1-ж. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Абай мұрасы-халық ұлағаты»
Ғылым таппай мақтанба. Абай
Абай Құнанбаевтың өмірі мен қызметі
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
Әуезов Ақын қонақтар
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Абай
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
Абай. "Құлақтан кіріп, бойды алар"
Абай-дара, Абай-дана
Бөлім: Уроки / Сыныптан тыс жұмыстар | Көрсетілім: 20030 | Қосты: Көпбаева Света Мухамбетқалиқызы | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык