Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Математика еліне саяхат


Математика еліне саяхат

 

Математика еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты:

1). Қосу кестесі туралы білімдерін, есептерді шығару дағдыларын бекіту. Оқушылардың өтілген тақырыптарды қай деңгейде           түсінгенін көрсету.

2), Логикалық ойлау қабілетін, және ауызша есептеу қабілетін, және ауызша есептеу қабілетін дамыт, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды шығару, ой-пікірін білдіруін дамыту.

3), Сыйластыққа, ізгілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктері: слайд, плакаттар, суреттер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбер. «Қуанамын мен де»

Психологиялық дайындық

 Сабақта арланба да, қорықпа,

     Айтқанымды орындаңдар.

     Білесіңдер ме  өздерің-

     Бес саусақ бар қолыңда

     Қайтадан бір санап ал,

     Құпиясы және бар.

    «5»алады  сондықтан

     Қол көтерген балалар

Оқушыларға санға байланысты ертегі айту.

   Ерте кезде алғаш адамдар жазуды, оқуды білмеген. Күндердің күнінде аң аулауға шыққан бір аңшы келе жатса, жолдың шетінде жалғыз таяқша сияқты 1 деген цирф (сан) жатыр екен. Кенет оған тіл бітіп, әлгі аңшыға былай депті: «Эй, адам, мені өзіңмен алып кет те, жерге егіп, суар. Күнде суарсаң, менен көптеген сандар өсіп шығады. Ауласына еккен 1 деген ағаштан  суарған сайын көптеген сандар пайда бола беріпті.

       Олар 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,10, 100, 1000.  Әлгі ағаш сендер сияқты

үлкейген сайын, сандар да көбейе береді.

     Содан бері адамдар сандарды оқып, таңбалайтын болыпты:

Өткен сабақты пысықтау

 Сұрақ - жауап алу

  1. Аптада неше күн бар?
  2. Бүгін қай күн?
  3. 5+3 өрнегінің мәні.
  4. Қосудың компоненті.
  5. 6 – 2 айырманың мәнін тап.
  6. Азайтудың компоненті.

7.Кесіндіні өлшейтін құрал?

  1. 6 санының құрамы?

9.Геометриялық фигураларды ата.

3.Қызығушылықты ояту:  Математикалық жұмбақ.

                           Аулада 5 үйрек,

                            Қорада 2үйрек.

1 үйрек тығылды,

1 үйрек жығылды.

Қалғаны неше үйрек?   (5)

 

Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.

Себетте қанша алма болды? (10)

 

Тиін 6 алма, ал кірпі 3 алма теріп алды.

Тиін кірпіге қарағанда неше алма артық жинап алды?  (3)

Қоянның тапсырмасы

І. 4 + 3 =   2 + 5 =   6 – 1 +3 =   9 – 2 =   6 -  5 + 0 =  

 6 – 0 +3 =    3 – 3 +3 + 0 =

ІІ. Топтық жұмыс

І топ  -  10 санның құрамы

ІІ топ – 9 санның құрамы

Түлкінің тапсырмасы

Салыстыру.

3 * 3 + 6         6+3 *3           7 – 2 * 5        8 -5 * 4          5 + 4 * 2

7* 7 – 2           6+4* 10        4+1 * 6          4 + 3 * 2        8 +1 * 10

4* 4 + 3           2+6 * 5         10 * 8 +1      9 – 9 * 0         2 + 2 * 2

 

9 – 3 *4               3 + 3 * 3

10 – 3 * 5            5 + 2 * 4

8 – 2 * 4             1 + 2 * 3

Қасқырдың тапсырмасы

«Сықырлы өрнектер» ойыны. (Карточкада жазылған өрнектер.)

Есеп шығару.   (Оқудықпен жұмыс)

Аюдың  тапсырмасы

Азайғыш

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

Азайтқыш

9

7

5

8

6

4

2

0

3

1

Айырманың мәні

                   

 

Қосылғыш

1

3

4

2

3

5

6

10

7

5

Қосылғыш

9

7

5

8

6

4

2

0

3

1

Қосындының мәні

                   

 

Арыстанның тапсырмасы

1.Бір-бірімен жарысқан
Төрт аю,бір арыстан.
Екі қоян,бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді?   8

Көлден ұшқан 10 қаз
Қайтып қонды 9 қаз
Қонбады оның нешеуі
Кәне ,кім тез табады?   1

Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Оң қолымда неше алма?
Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Сол қолымда неше алма?  6, 8

«Гүл  теру»  ойыны

 

Сабақты қорытындылау

 

 

Сонау-сонау алысқа

Жүзсек деген кемемен

Тылсым сырлар ғарышқа

Ұшсын десең денелер

Жасау үшін бәрің де

Математика-ғылым бұл

Сондықтан да балалар

Сол ғылымның тілін біл!

 

Үйге тапсырма.

Оқушыларды бағалау.

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Бұрыш, тікбұрыш, тіктөртбұрыш».
Қызықты математика
Математикадан ойын-сабақ.
Әріпті өрнектерді салыстыру
математикалық есеп 1 сынып
Есептер шығару
Математика ойын әлемінде
Қосындыдан санды азайту
Пысықтау ашық сабақ
10 санының құрамы
Бөлім: Уроки / Математика | Көрсетілім: 4276 | Қосты: Воронова Куляим Бексултановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык