Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Есептер шығару


Есептер шығару

Есептер шығару

Ақмола облысы  Степногорск қаласы

Бестөбе кенті №1 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Хамзина Бейбітгүл Елеукенқызы

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару

Сабақтың мақсаты:

1) Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделіп есептеу дағдыларын қалыптастыру

2) Оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, ойша есептеу қабілеттерін дамыту

3) Оқушыларды тапқырлыққа, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, сыйластыққа, ізеттілікке баулу

Сабақтың түрі: Пысықтау, бекіту 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау

Сабақтың көрнекілігі:  презентация

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық дайындық

Қане, біздер ойлайық

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болса да,

Шешпей оны қоймайық

ІІ.Өткен сабақты қайталау. Үй тапсырмасын тексеру

5-тапсырма 113-бет

Тірек білімдерін жетілдіру.

25555

«Қандай сандар калдырылған?» ойын-жаттығуы

ІІІ. Жаңа сабақ

1-топ Қырандар

Ұраны: Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады

2-топ Алғырлар

Ұраны: Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп

3-топ Зеректер
Ұраны: Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнін жоқ

Тапсырмалар

1- Түсініп шығар

2- Құрастыр

3- Ойлан!

4- Кел, ойнайық

5-Сергіту сәті

6- Ойланып, тез айтайық!

7- Санды мақалдар

8-Кім жылдам?

9- Мен саған, сен маған!

1-тапсырма. Түсініп шығар

Бірінші вагонда 35 жолаушы,  ал екіншісінде біріншіге қарағанда 5 жолаушы артық. Екі вагонда неше жолаушы келе жатыр?

2-тапсырма. Құрастыр

Жүзім дөңгелектерінде жазылған көршілес сандарды бір-біріне қосып, нәтижесін дөңгелектерге жазып, жүзім құрастыру

1-топ                                                           2-топ           3-топ

3-тапсырма. Ойлан!

Көрсетілген өлшем бірліктерін өрнекте

1-топ                                                            2-топ              3-топ

1 сағ 5 мин =   мин1 сағ 30 мин=мин              83 см =      дм   см

1 дм 5 см =      см85 мин=сағ     мин               1 сағ 30 мин=мин

83 мин=      сағ    мин 30см = дм70 мин=      сағ   мин

4-тапсырма. Кел, ойнайық

Өрнек түрінде жазып, мәнін табу

А) 83 санынан 45 пен 5-тің қосындысын азайт           

Ә) 37 санына 26 мен 6-ның айырмасын қос

Б) 50 мен 25-тің қосындысына 5-ті қос

5. Сергіту сәті

     Қатты нөсер басылды.

Күн жарқырай ашылды

Неше түрлі әдемі

Кемпірқосақ жасалды

6-тапсырма. Ойланып, тез айтайық!

1-топ                     2-топ                        3-топ

25+32                  86-42                          88-81

25+44                  68-45                          38-20

69-53                   97-61                          42+34

77+21                  12+57                         76-34

7-тапсырма. Санды  мақалдар

Құрамында саны бар мақал айту.

1. Білекті 1-ді жығады

    Білімді 1000-ды жығады

2. Тіл к3ті, піл к3ті емес, тіл к3ті

3. Ер қаруы 5 қару

4. Білгенің қанша, білмегенің 99

5. 6-н балдақ қол сәні, әшекей кесте т-10 сәні

6. Ер 1 рет, қорқақ 1000 рет өледі

8-тапсырма.  Кім жылдам?

Сурет бойынша теңдеу құру және оны шығару.

1-топ                               2-топ                           3-топ

Х-12=67-27                 34+х=98-23                9+х=68-50

9-тапсырма. Мен саған, сен маған!

Көлден ұшқан 15 қаз                                            Бес бұтақты ағашта,
Қайтып қонды 9 қаз                                             Бұтақ сайын бір алма
Қонбады оның нешеуі                                         Біреуін бер Маратқа
Кәне ,кім тез табады? (6)                                    Сонда қалмақ неше алма (4)

Бір-бірімен жарысқан                                          Үшеуі қызыл, үшеуі ақ
Төрт аю,бір арыстан.                                           Оң қолымда неше алма?
Екі қоян,бір түлкі,                                               Төртеуі қызыл, төртеуі ақ
Бәрі нешеу кім білді? (8)                                    Сол қолымда неше алма? (6 және 8)

Кәмила әжесінің үйінде 1 апта 3 күн болды. Кәмила әжесінің үйінде барлығы неше күн болды?

Асқар жазда Алакөлде 1 ай және 1 апта демалды. Асқар Алакөлде барлығы неше күн демалды?

Қорытынды: 

Мен білдім: ...

Мен үйрендім: ...

Мен білгім\үйренгім келеді: ...

Үйге тапсырма: 3-тапсырма 115-бет

Бағалау. Белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Математика еліне саяхат
Ондықтарды қосу және азайту. Сайыс сабагы.
Қызықты математика
Қызықты математика
«Тапқыр достар» сайысы
Үш таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері
математикалық есеп 1 сынып
0- 7 сандары
0- 7 сандары
Ойлы бала озар
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 16765 | Қосты: Хамзина Бейбетгуль Елеукеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык