Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » 10 санының құрамы


10 санының құрамы
Математика 1 сынып
Тақырыбы: 10 санының құрамы
Сабақтың мақсаты:
1. 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез келген 10 саннан кем санды 10-ға дейін толықтыру, 10 санының құрамын пайдаланып, мәні 10-ға тең қосынды,оған кері айыру құрастыру бастайды.
2. Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттеріне және сөйлеуге дағдыландыру,жұмыс істеугей.
3. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, әңгімелеу, пәнаралық сабақ.
Әдіс-тәсіл: Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлер.
сабақ барысы:
№ Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1 Ұйымдастыру Сәлеметсіздер ма, балаларІ Оқушылвр орнынан тұрып тұр
2 Сабаққа әзірлеу

Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз
Сабақты біз бастаймыз.

Бүгінгі сабағымыз ерекше болады. Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
— Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? Айтып беріңдер?
Мақта қыз бен мысық ертегісі. Бұл ертегіні өткен ана тілі сабағында оқыған болатынбыз. Суретке қарап осы ертегіні кім бастаймын дейді.

Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Үздік оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.



Енді мысық бізден көмек сұрап тұр. Мысыққа құйрығын қайта алуға көмектесеміз бе? Ол үшін біз тапсырмаларды орындауға көмектесейік. Сәт сапар, достар!
Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Қыз: Келмесең келме–деп,мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: — Неге шақырдың? — деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық: — Ендеше қатығыңды төгем-дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын-дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады. — Мақта қыз құйрығымды берші-дейді. Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді.

3 . Ми гимнастикасы:
Ауызша жұмыс Сиырдың тапсырмасы:
1. «Санның көршілерін» тап
2 Өсу және кему ретімен сана
3 6-дан кем сандарды ата
4. 7-ден артық сандарды ата
5. 4-ке тең сан, ол кандай сан?
6. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Үйде неше мысық отыр?


1.


2.Сандарды өсу және кему ретімен санау
3. 6-дан кем сандар: 0 1 2 3 4 5
4. 7-ден артық сандар: 8 9 10
5. 4-ке 4-тің өзі ғана тең
6. Үйде 4 мысық отыр.
4 Өткенді қайталау
(проблеманы анықтау идентификацичсы) Ағаштың тапсырмасы 1. Өрнектерді пайдалана отырып, кестені толтыр:
8-2 6+2
10-2 7+3
4+2 5-2
9-2 7+2
Қосылғыш

Қосылғыш

Қосындының
мәні

Азайғыш

Азйтқыш

Айырманың мәні

2. Азайтқышы 3-ке тең, өрнектердің мәнін тап
4-3 3-1 8-3
3+4 5-3 3-3
3-0 7+1 5-4

5 Жаңа сабақ Қыздардың тапсырмасы:
1.Тақтада берілген дөнгелектерді 10-ға толтыр.
Қандай ережені қолданамыз?

2. Азайғышы 10 болатын айырманың мәнін тап.

1.



Қосылғыштардың орнын ауыстырсақ та, қосындының мәні өзгермейді

10 - =

6 Жүппен жұмыс 1.«Шырша безендіру» ойыны (комуникативтік құзыреттілік)

Көршіге түсіндіре отырып орында:
Шырша мен ойыншықтардың қосындысының мәні 10 шығатындай етіп сәйкестендір.
1 3 2 4 5

7 9 6 5 8

7 Сергіту сәті Пеш үстінде мысық отыр,
Екі көзін қысып отыр.
Ол тышқанды жегісі кеп,
Оның тісі қышып отыр.

8 Логикалық тапсырмалар Дүкеншінің тапсырмасы: 1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды?
2. Бір кг темір ауыр ма, әлде бір кг мақта ауыр ма?
3. 1 жұмыртқа 5 минут піссе, 4 жұмыртқа неше минут піседі?
4. 2 жылқының неше тұяғы бар?

9 Дәптермен жүмыс 1. Көркем жазу. Сандарды үлгі бойынша жазу
2. «Кім шапшаң» ойыны
3. Есепті шығар: № 3 тапсырма( 85 –бет оқулық)
.

10 Топтық жұмыс
Тауықтың тапсырмасы:
1. Есептің шартын толықтырып алып есепте.
Ағашта торғай отырды. Оның 3-еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
1-топ: Ағашта торғай отырды. Оның 3-еуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
2-топ: Ағашта 6 торғай отырды. Оның ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
3-топ: Ағашта торғай отырды. Оның 3-еуі ұшып кетті.
Есептің сұрағын құрастырыңдар.
4-топ: Ағашта 6 торғай отырды. Оның ұшып кетті.
Есептің сұрағын құрастырыңдар.
5-топ: Ағашта торғай отырды. Оның -еуі ұшып кетті. Ағашта 6 торғай қалды.

11 Геометриялық тапсырмалар Тышқанның тапсырмасы:
Оқушыларға конверт беріледі. Конверттің ішінен фигуралардан бір зат жасап шығару. 1-қатар- гүл, 2-қатар –ғарыш кемесі,3- қатар мысық.
Оқушылар үшбұрыштардан құрастырады
12 Қорытындылау Қосндының мәні 10 –ға тең болатын екі санды бір түспен боя.





13 Бекіту
.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қайталау сабағы
Есеп (қанша қысқа?).
Буынға бөлейік
1-ден 10 дейінгі сандар
Есеп құрастыр, оны шығар.
математикалық есеп 1 сынып
Қош бол, сүйікті даярлық!
Мақта қыз бен мысық
0- 7 сандары
0- 7 сандары

Автор Жаңабай Анар Ғалымқызы

Рудный қаласы №7 орта мектебінің, бастауыш сынып мұғалімі

Бөлім: Материалы / Математикадан ашық сабақтар | Көрсетілім: 4401 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
Авторлық бағдарлама
Коучинг жоспарлары
Мектеп әкімшілігі
Мектептен тыс мекемелер
Сыныптан тыс жұмыс
Оқушымен жұмыс
Тәрбие сағаты
Ата-аналармен жұмыс
Қосымша жинақтар
Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар
Қазақ тілінен ашық сабақтар
Әдебиеттен ашық сабақтар
Открытие уроки по русскому языку
Уроки литературы
Ағылшын тілінен ашық сабақтар
Биологиядан ашық сабақтар
Химиядан ашық сабақтар
Физикадан ашық сабақтар
Математикадан ашық сабақтар
Информатикадан ашық сабақтар
Тарихтан ашық сабақтар
Географиядан ашық сабақтар
Адам және қоғам пәнінен ашық сабақтар
Психологиядан ашық сабақтар
АӘД пәнінен ашық сабақтар
Өзін-өзі тану пәнінен ашық сабақтар
Құқықтан ашық сабақтар
Экономикадан ашық сабақтар
Музыкадан ашық сабақтар
Технологиядан ашық сабақтар
Дене шынықтыру пәнінен ашық сабақтар
Сызу сурет пәндерінен ашық сабақтар