Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Өмір қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша 7 – сыныпқа арналған тақырыптық -күнтізбелік жоспар


Өмір қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша 7 – сыныпқа арналған тақырыптық -күнтізбелік жоспар

Өмір қауіпсіздігінің негіздері пәні бойынша

7 – сыныпқа арналған тақырыптық -күнтізбелік жоспар

 Түсінік хат

   Балаларға қамқорлық үнемі үлкендердің қарауында болуы керек. Балалардың денсаулығы мен өмірін кез келген төтенше жағдайдан қорғау-негізгі тапсырма. Осыған байланысты үлкендердің балаларды төтенше жағдайдан қорғау білімдері болуы керек, сонымен қатар балаларды төтенше жағдай болған кезде қалай әрекет жасау керек екендігіне үйрету керек. Мектеп жасындағы  балаларды жай және ойын түрінде  өмір қауіпсіздік негіздеріне (ӨҚН) оқыту керек.

  Адам үшін ең қымбаты- өмір. Өмір сүру –адам үшін ең басты байлық. Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрі көп.Сондықтан да өмірді сақтап қалу әркімнің өзіне байланысты. Ол үшін сақтана білу керек. Әр адам өміріне өзі ие болу болуға тиісті.

        Оқушылардың өздерінің жеке басының және қоршаған адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, болуы мүмкін апат, қирау және алапат зардаптарынан дұрыс қорғана білуді қатерлі жағдайларда сауатты шешім қабылдай және болжай алу,сондай-ақ адам тіршілігінің барлық саласындағы қауіпті жағдайлардың алдын- алып, өзіне және басқаларға көмек көрсете білуін қалыптастыру.

    Теориялық алынған білімімен іс-жүзінде атқарылатын қауіпсіздік шараларын меңгеру, адамдардың қандай да болмасын экстремалды жағдайларда өмірін сақтап қалуға себеп болады. Арнайы дайындалған адамдар экстремалды жағдайларда қашанда дұрыс шешім қабылдай алады. Орта мектептерде, арнайы кәсіби– техникалық оқу орындарымен жоғарғы оқу орындарында, ӨҚН  пәні бөлімдері жан-жақты қамтылып оқытылып, оқушыларға терең білім беріледі. «Өзіңді-өзің құтқарсаң, қасыңдағы мың адамның өмірін сақтайсың»- делінген ертеде. Қазіргі уақытта адам үнемі қауіп-қатер үстінде, сондықтан теориялық алынған білім әртүрлі қауіп- қатер кезінде төтенше жағдайларда, іс –жүзінде қолданылуы тиіс.

   Сондықтан  да  оқушыға өміріне төнген қауіптен құтылу үшін өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныс болғандары дұрыс.

     Балаларға үйретілген білім, өмірде төтенше жағдайдан құтқарылуға көмектеседі.  «Өмір қауіпсіздігі негіздері»  бойынша тақырыптық –күнтізбелік жоспары «Өмір қауіпсіздігі негіздері» атты оқу құралы негізінде / авторы: Ардақ Мұқышева, Салиха Төрениязова Алматы «Өлке»баспасы,2009/ және «Валеология» кітабы, ғаламтор материалдарын негізге ала отырып құрастырылды. ӨҚН пәні «2014-2015 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаты бойынша дене шынықтыру пәнімен кіріктіріліп оқытылады.

Мақсаты мен міндеттері:

Адам өміріне төнетін қауіп-қатердің түрлерімен таныстыру

  • Балаларға экологиялық мәдениет, салауатты өмірді тәжірибеде бекіту және түсіндіру,
  • қауіпті заттармен абай болу, көшеде өзін дұрыс ұстау
  • Төтенше жағдайда ескерту шараларынан кейін өздерінің әрекеттеріне сенімділікті енгізу
  • өмір жағдайларында бір-біріне қамқорлық және өзара көмектер көрсету
  • Жауапкершілікті арттырып, қайратты, тапқыр, сабырлы, жігерлі болуға шыңдау

 Күтілетін нәтиже:

  • бір және бірнеше көзден ақпарат ала алады
  • алынған ақпаратқа сыни қорытынды жасай білуі
  • ақпаратты мазмұнына қарай топтастырады
  • өзіне-өзі сенімділікпен және жауапкершіліктен қарайтын тұлға қалыптасады

 Пәннің атауы:  өмір қауіпсіздігінің негіздері

Сынып : 7

Пәннің жылдық оқу жүктемесі:  15 сағат


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Жер бетінде болатын үдерістердің нәтижесінде туындайтын төтенше жағдайлар
Жол қозғалысы ережелері
ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Адам және табиғи апаттар
Экология негіздері
Экология негіздері
Кәсіби қызметтерге сипаттама жасау
Дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы
Биология сабағында жаңа технологиялармен жұмыс жасау нәтижелері
Бөлім: Уроки / Дене шынықтыру | Көрсетілім: 16667 | Қосты: Байдукешев Арман Жусыпович | Ілмек сөздер:
avatar
• 7 сентября 2015 06:46
отличный сайт
avatar
• 29 октября 2015 03:10
Осы сайтты тауып алғаныма өте қуаныштымын
avatar
• 11 ноября 2015 08:54
калай скачать етіледі
avatar
• 20 ноября 2015 04:25
өте жақсы сайт, сайтқа калай кіруге болады
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык