Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жол қозғалысы ережелері


Жол қозғалысы ережелері

Жол қозғалысы ережелері

Түсініктеме хат
Кішкентай балалар кіші жастан бастап жол қозғалысының толыққақылы қатысушылары болып саналады. Барлық балалар қоғамдық көміктің жолаушылары немесе жаяу жүргіншілер болып табылады, бірақ алдымен тек ересектермен бірге. Кейін,есейе келе,олар жолдан өтуде немесе көлікте жүруде, қала бойынша дербес қозғала алады. Басты мақсат баланың денсаулығын,мүмкін тіпті өмірін сақтай отырып, жолдарда жиі туындайтын қауіпті жағдайлардың алдын алып, толықтай көшеде өзін қалай ұстау керектігіне балаларды үйрету.
    Психолого-педагогикалық зерттеулер бойынша, мектеп жасындағы балаларда тәжірибелік білім мен теориялық білім арасында мәнді айырма болады. Көшеде өзін қалай  ұстау керек, қандай жол қозғалысы ережелерін сақтау қажет екешнін балаларға көп жәнеоқытып айтуға болады, бірақ балалар жолдағы шынайы қауіпті сезе алмайды. өзденін жылдам және епті санай отырып жене жақындаған автомобильге дейінгі қашықтықты және оның жылдам дығын дұрыс анықтай алмай, балалар өз мүмкіндіктерін жиі асыра бағалайды. Қосалқы мектеп оқушыларында жалпы моторика, көру-кеңістіктік бейілделу жиі бұзылғанын ескере отырып, олар жылдам өзгеретін жол жағдайында қауіпті жайттарды әрқашан болжай алмайды, бұл жол-көлік жағдайларына әкеледі. Ойындарда қалыптас қан олардың өмірлік тәжірибесі көлік құралдарының нақтылы әрекеті туралы ештеңе білдірмейді. Мысалы, ойын машиналарына қарағанда, нақтылы машиналар мен автобустар бірден орнында тоқтай алмайды.
    Бәкірибеден көргеніміздей, қосалқы мектеп оқушыларындағы білімдердің болуы, бұл білімге сәйкес тәртіпті әрқашан болдыра бермейді. Ақыл-есі артта қалған балалармен жұмыс кезінде, осындай балалардың тұлға ерекшеліктерін жақсы түсіне білу қажет, оқытуда нақтылы нәтижелерге қол жеткізе білу керек.
    Қосалкы мектепте жол қозғалысы ережелерін оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда жол қозғалысы ережелерін сақтау маңыздылығын тусінуін қалыптастыру, балалармен жол-көлік жағдайларының алдан-алу болып табылады.
    Оқыту тапсырмаларына кіреді:
- жол қозғалысы ережелерінің білімін қалыптастыру;
- көлікте және жолдарда өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Оқытушы оқушыларға жол қозғалысының ережелері туралы анық түсінік берін, оларды жолда туындайтын нақтылы жағдайларда, тәжірибеде сезініп қолдана білуге үйретуі керек.
Теориялық мәліметтер оқыту тапсырмалары есебімен алынған, жолаушылар мен жүргіншілерге, жүргізүшілер мен велосипедшілерге қатысты ережелер.
ЖЖЕ сабақтарында алынған білімдер балаларды жолдағы бақытсыз жағдайлардан сақтауы керек.
Сабақтар тақырыптары қосалқы мектепте сабақ беру ерекшеліктеріне сәйкес алынған: материал аздаған үлестермен беріледі; сыныптан сыныпқа үнемі қайталанады және бірррруақытта жаңа мәліметтермен толықтырылады (біртіндеп күрделенеді, оқушылардың біліміндегі теориялық бөлімі ұлғаяды)
Сабақта әртүрлі әдістемелік амалдар қолданылуы мүмкін. Бұл түргізілуінің формасы бойынша дәстүрлі емес және сабақтар дағы әртүрлі ойын сәттері болуы мүмкін.
Естен шығармау қажет: оқығанды шынайы өмірдегі әрекеттермен бекітпесе және өмірде ересектердіңьөздері жол қозғалысы ережелерін сақтамаса, баланы жолда өзін дұрыс ұстауға бір-де бір ойын үйрете алмайды
Жол қозғалысы ережесін сақтау дербес, әртүрлі шараларға, ұжымдық сапарға қатысу уақытында оқушылар тәртіптерінің критерий болуы керек.
Жолаушылар мен жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелерін дұрыс сақтау дағдысы балаларда қалыптасуы тиіс.
Көшелерде және жолдарда оқушылардың қауіпсіз жүру ережелерін оқуға 1-4 сыныптарда жылына 16 сағаттан бөлінеді.
 
Тестілік сұрақ (дұрыс жауапты дөңгелекте)
 
1. Бағдаршамның жасыл белгісі ескертеді:
а) «Жол бос! Жүріңіз!»
б) «Тоқта!»
в) «Назар аударыңыз! Дайындалыңыз!»
 
2. Бағдаршамның қызыл белгісінде жаяу жүргінші:
а) жүреді;
б) күтеді;
в)  тоқтайды
 
3. 103 – кімнің телефоны?
а) полицияның;
б) өртсөндіру қызметінің;
в) жедел жәрдемнің
 
4. 102 - кімнің телефоны?
а) өртсөндіру қызметінің;
б) полицияның;
в) жедел жәрдемнің.
 
5. 101 - кімнің телефоны?
а) өртсөндіру қызметінің;
б) жедел жәрдемнің;
в) полицияның.
 
6. Жолдың шетімен жүреді:
а) келе жатқан көмікке қарсы;
б) өтетін бөлікке жақын;
в) қозғалыс бағыты бойынша.
 
7. Бағдаршамның сары белгісінде жолдан өтуге бола ма?
а) Жоқ, болмайды;
б) Иә, болады;
в) Болады, егер автомашиналар болмаса.
 
8. Көлік қозғалысына реттеуші ненің көмегімен жетекшілік етеді?
а) рацияның;
б) жезлдің;
в) дауыс зорайтқыштың.
 
9. Қиылыс – бұл
а) екі немесе бірнеше көшелер қиылысатын жер;
б) тротуармен өтетін жолдың   қиылыцсқан жері;
в) белгі атауы.
 
 
10. Бағдаршамда түстер қалай орналасқан (жоғарыдан төменге) ?
а) қызыл, сары, жасыл;
б) сары, жасыл, қызыл;
в) жасыл, қызыл, сары.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Менің мектепке барар жолым.
Технологиялық карта
Жолда жүру ережесін сақтайық!
Бағдаршам.
«Бағдаршам және біз»
Абайла , бағдаршам ! Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Сақ бол¸балдырған!
Жол ережесін білесің бе?
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 11861 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык