Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұ ұ дыбысы мен әріпі


Ұ ұ дыбысы мен әріпі

Ұ  ұ  дыбысы мен әріпі.

Мақсыты:Ұдыбысы мен әріпін таныту,сол әріп арқылы беоілген оқу мен жазуға үйрету.Ұ дыбысына  байланысты сөздер ойлатып талдау.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік:Оқушыларды партада дұрыс отыруға,сауатты,қатесіз,таза,Коллиграфиясын сақтап жазуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Аралас сабақ.

Сабақ әдісі:Сұрақ-жауап,түсіндіру.

Көрнекілігі:Суреттер,кеспе әріп,түрлі түсті бор,Ұ дыбысының баспа және жазба түрі,кадоскоп,плакат.

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Психологиялық дайындық.

Отан-қамқор анамыз,

Біз бақытты баламыз.

2.<<Аттарды баптау>> ойыны.

-Қазанның 25 күні ауылда ат жарыс болады.Сол жарысқа аттарды баптап дайындауға көмектесуміз керек.Әр аттың өз тапсырмасы бар,сол тапсырманы орындаумыз керек.Сода көмектескеніміз болады.

Тапсырма:1.Жауын сөзін кепе әріппен құрастыру.

Дыбыстық талдау жаса.

2.Жылқы сөзін тақтаға әр түсті бормен жазу,буынға бөлу.

3.Берілген сурет атауын атау.Сурет бойынша сөйлем құру.

Сөйлем сызбасын сызу.

3.Жаңа сабақ:     Жұмбақ.

Темір құсты алып батпан,

Көк аспанда қалықтатқан.

Ағаларды кімдер дейді,

Алдымен тез тауып мақтан.      (ұшқыш)

-Ұшқыш сөзі қай жыбыстан басталып тұр?

-Олай болса,біз бүгін Ұ ұ дыбысымен танысымыз.

-Бәріміз Ұ дыбысын айтып көрейік.

-Ол қандай дыбыс?

-Жуан дыбысты дыбыс.

-Оны қайдан білдіңдер?

-Созып айтуға болады.

-Қай үйге кіргісеміз?

-Қызыл үйге кіргісеміз.

4.<<Сөз ойла,тез ойла>>  ойыны.  Ұ дыбысына сөз ойлату.

-Ойлаған сөздерді қима  әріптен құрату.

Ұн,құс,ұшқыш.

-Ұдыбысы сөздің қай жерінде  кездеседі екен.

-Сөз басында,ортасында келеді.

5.Ұйқасын тап.

  Ұр-ұр-ұр                                                       Ұқ-ұқ-ұқ

Бекарыс бұрышқа тұр                                    Басыңды  төмен бұқ

6.Оқулықпен жұмыс

-Сурет бойынша сөйлем ойлату.

-Бағандағы сөздерді оқыту.Мағынасын түсіндіру.

-Тізбектей оқыту.

-Түсінгенін айтқызу.

7.Дәптермен жұмыс.  Ұ,ұ  әрпінің жазылу элементтерін     түсіндіру.Ауаға жазып саусақтарын жаттықтыру.

8.Диктант жазу.

Ұн.ұр,ұш,құс,ұт.

9.Сабақты бекіту.

<<Кім шапшаң>>   ойыны.Кадаскоп.

Тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрау.

Қорытылындылау:Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?

10.Бағалау.

 

 

 

Дүниетану. 4 сынып

 

Сабақтың мақсаты:  Ауаның ластануы. Ауаны қорғау

Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып мазмұнын меңгерту.

                                   2. Ойын элементтерін пайдалана отырып ,ойлау сезіну

                                       қабілетін дамыту.                           

                                   3. Оқушыларды табиғатты қорғауға, аялауға баулу.

 

Көрнекілігі:  Топтастыру, допкадоскоп, ҚР-ның картасы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру

                                 a)Психологиялық дайындық

         Бестік алар баламыз

         Білімнен бақыт табамыз

         Дүниетануды көп оқып,

         Өсе берсін санамыз.

                                  ә) Сыныпты топқа бөлу

                                      Ауа, жарық, су тобы

                                   б) Үй тапсырмасын бекіту

1.Ауа қандай, не істейді?(Тірек сызба)

2.Су мен ауаның қасиеттерін салыстыру  (Венн диаграммасы)

3.Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы қандай?

Сергіту сәті: Су мен туралы мақалдар жарысын ұйымдастыру

                       Бір тамшы су-жерге пайда

                       Сусыз өмір болмайды.

                        Ауасыз –тіршілік жоқ.

Жаңа сабақ: Жерді айнала қоршап тұрған газды қабат-атмосфера. Оның қалыңдығы 100 км-ға дейін жетеді. Ауа –әр түрлі газдардың қоспасы. Оның құрамы негізінен азот пен оттегіден тұрады.Бұл газдар су мен жер қыртысында бар. Ауа қоспасындағы ең көп газ-азот. Ол ауаның үштен екі бөлігін алып тұрады, яғни 78 %-азот. Ал 21% оттегінің үлесінде. Егер адам тәулігіне 4-5 метр су-тамақ  ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады.

 

Ауаның ластануы жайлы:  Табиғаттағы заттар айналымы арасында-белгілі бір  үйлесімділік бар. Олар әр қабаттағы өзінің белгілі бір мөлшерін сақтайды. Сондықтан ауаның құрамы тұрақты болып шығады. Өркениет пайда болған кезден бастап ауаға кездейсоқ заттар қосыла береді.

-жанартау атқылағанда ауаға бу күйінде заттар, улы газдар араласады.

-жел арқылы шаң-тозаңдар ұшып шығады.

-орман далалықтар өртенген кезде көп мөлшерде газдар ұшып шығады.

-өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары иірігенде газ заттарды да ауаға тарайды.

-завод,фабрикалардан түтін шығады. Олар да ауаны ластайды. Сондықтан мүржелерге сүзгіш қойылады.

 

Ауаны қорғау; жануарлар да, адам да, ауа құрамына сәйкес тыныс алуға үйренген. Қоспа

Құрамы өзгергенде адамдар түрлі ауруға ұшырайды. Адамдар қоршаған ортасына жауапкершілікпен қарау керек. Өйткені ауамен дем аламыз. Далалыққа саяхатқа шыққанда өрт шықпау үшін, жанған отты сөндіріп кету керек.Ауаны таза ұстау үшін айналамызды көгалдандырып,ағаш отырғыз. Қазақта мақал бар : «Бір тал  кессең, он тал ек». Сынпты көгалдандырып , гүл өсір. Дала өанша лас десек те, ең лас ауа бөлме ішінде болады. Сондықтан желдеткіш үнемі ашып отыру қажет.

   3. мәтінді оқушыларға үзіп оқыту.

   4. Оқушы түсінгенін айту.

   5. Дәптермен жұмыс. « Ауаның ластануы» тақырыбында сурет салу.

 

Қорытындылау: Кадоскоп арқылы сабақты қорыту.

 

  1. Ауа қалай ластанады?
  2. Ауаны ластаушы заттар?
  3.  Ластанған ауаның зияны қандай?
  4. Ауаны қорғауға сен қандай үлес  қосасың?

 

Үйге тапсырма : 63-бет , оқу, мазмұнын айту.

Бағалау парағы бойынша баға қою.

 

 

 

2  -сынып.  Математика

Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаты:  1.      6-ны қосу, азайту кестесін еске түсіру

                                       2.      Екі амалмен шығатын есептер мен жаттығуларды

                                                 Қарастыру.

Көрнекілігі:   қима қағаз, плакат, кадаскоп.

Сабақ  түрі:   аралас сабақ

Әдісі:            Сұрақ- жауап

Сабақтың барысы:   1.    Ұйымдастыру

                                      а/  Психологиялық дайындық

                                             есептеуді білмейтін адам,

                                           Түк түсінбейтін  надан.

                                       2. Үй  тапсырмасын тексеру 

Өткен  сабақты  пысықтау

« Кім  тез  есептейді?» Ауызша   есеп

 7+6 =13     8+6=  14            9+6  =15

 13- 6 = 7    14- 6=  8            15- 6= 9

Кадаскоп арқылы шығару

  1. Тақтамен  жұмыс:

№ 1 «Қай  қатар  алда?» жарыс

6+6=12        13-6=7

12-6=66+7=13

7+6=1313-7=6

№ 3. Өрнекті жаз және мәнін  тап:

 

6+a                                   a-6

a=70        6+70=76                     a=76    76-6=70

a=73        6+73=79                      a=79       79-6=73

a=9          6+9=15                        a=15        15-6=9

  1.  Сергіту сәті:  Ойын есеп:

Табақта он бес  алма,

Қолымда бес алма.

Барлығын қосканда,

Болады неше  алма?

  15+5 = 20

№ 4,1 есепті оқытып, талдау.

  • 30 m2) I-30 m
  • ? 8 м артықII-? 8 м артық

   Шешуі: (30+8)+30=68                                                  Шешуі:   30+8=38м

Жауабы: 68 метр                                                           Жауабы: 38 метр

 

Осы екі есеп ұқсастығы  мен  айырмашылығын салыстыру.

  1. Өз бетінше жұмыс жасату.

X+6= 13                       14-x=6

X=13-6                         x=14-6

X=7                               x=8

7+6=13                        14-8=6

13=13                           6=6

Қорытындылау:   Біз 6- ны  қосу ,  азайтуға  есептер шығардық.

 

Үйге  тапсырма :  № 6 есеп, 66 бет.

Оқушыларды  бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Ш"дыбысы
Г дыбысы мен әріпі
Ауаның құрамы.
Үү дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Жер бетіндегі тіршілік үшін ауаның маңызы
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
О дыбысы және әрпі
Ауаның ластануы. Ауаны қорғау
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 6025 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык