Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі |
Көрсетілім: 2771 |
|
|
|
О дыбысы және әрпі
Тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Мақсаты: 1.Одыбысы және әріп таңбасымен
таныстыру. Сөз ойлап табу,сөйлем құрап айтуға
үйрету.
2.Балалардың сөздік қорларын молайту,ойлау
қабілетін , дүнетанымын кеңейту,тілін дамыту.
3.Ұқыптылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,топтастыру,ойын.
Көрнекілік: кеспе әріптер,суреттер,сызбалар,әліппе дәптері.
Сөздік жұмыс: орман,от,оймақ,ожау,орындық,орман,
Іс-әрекет
кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Қызығушылығын
Ояту кезеңі
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу сыйлайық,
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық. Балалар бірге айтып,қимылмен орындайды.
Ұйымдастыру кезеңі Өткенді қайталау.
-Дыбыс деген не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Әріп деп нені айтамыз?
-Д.О Қай дыбыстан басталады? Шарты Сурет атаулары қандай дыбыстан басталып тұрғанын тауып,тиісті әріпке сызық арқылы қос.
---Жаңа сабақ:
Тақтаға «Бауырсақ»ертегісінің суреті ілінеді.Кейіпкерлерін атайды .Бұлар нелер?
Олар қайда өмір сүреді?
-«орман» сөзі қандай дыбыстан басталып тұр?
-Ендеше бүгін біз о дыбысымен танысамыз.Дыбысты айтып көріп дауысты екенін анықтайды.Ешқандай кедергісіз еркін айтылады,созып айта аламыз
-Енді ертегіге қайта оралайық.Бауырсақты түлкіге жегізбеу үшін жабайы аңдардың тапсырмасын орындайық.Сол арқылы О дыбысымен танысатын боламыз.
1.Қоянның тапсырмасы
-Д.о»Не артық?»
Шарты суретте заттардың ішінде не артық,қалғанын бір сөзбен қалай атауға болады?
-Ойыншық сөзі О дыбысынан басталады.
Балаларды әріп таңбасымен таныстыру.
-Неге ұқсас?
-математикада 0-ге ұқсайды.
2.Қасқырдың тапсырмасы
Д.О.»Орнын тап»ойыны О дыбысының орнын табу.Сөздің басында,ортасында,кейбір басқа тілден енген сөздерде сөздің соңында кездеседі.
-орамал,ою,орындық-
-доп,моншақ,домбыра-
-пальто,кресло-
Сөздерді буынға бөлу.
3.Аюдың тапсырмасы
Дәптермен жұмыс
О әрпін жазу.әріптің жазу ережесімен таныстыру.Ауаға жазып қол жаттыктыру.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың ,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
4.Түлкінің тапсырмасы
ОТАН, ТОҒАЙ, ТОН сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
-Отанымыз қалай аталады?
-Отан туралы қандай тақпақ,мақалдар білесіңдер?
-Ал,ендеше балалар Бауырсақпен бірге мына буындарды оқиық.
-Балалар бауырсақ атасы мен әжесіне қайтып келіп,олар өте қатты қуанып жатыр.Сендерге риза болып алғыстарын білдіруде.
Сурет бойынша 3-4сөзден сөйлем құрастырту.
Д.О»Кім зерек?»ойыны дауысты дыбыстарды қызыл түсті үйге,дауыссыз дыбыстарды көк түсті үйге сызық арқылы қос.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Сұрақ-жауап
-бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
-О дыбысы қандай дыбыс екен?
-Әріп таңбасы неге ұқсас?
-О дыбысына байланысты сөздер айту.Жақсы араласқан балаларды атап,мадақтау..
Балалардың жауаптары
тыңдалады.
Алмұрт-А,шар-Ш,піл-П,радио-Р,нан-Н,уық-У,лақ-Л,тарақ-Т,йогурт-Й,ғарышкер-Ғ
т.с.с.
-жабайы аңдар
-орманда
-о дыбысынан басталады.
-Алма артық,қалғаны ойыншықтар.
-допқа, дөңгелекке,
Тоқашқа
-сөз басында,
-сөз ортасында
-сөз соңында,
Балалар екі жолға баспа әрпін толтырып жазады.
Кимылмен келтіріп тұрады
Балалар өз білгендерін айтады.
О-й,ой,т-ой,той,о-р,ор,т-ор,тор,тол,ой-на,Ай-на,Ай-ша.
-балалар тапсырманы орындайды.
-О дыбысымен
-дауысты дыбыс,қызыл түске боялған
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |