Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » "Ш"дыбысы


Сабақтың тақырыбы: Ш дыбысы
Мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Ш дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Балалардың ш дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіріп, сол сөздерді қатыстырып бірнеше сөйлем құрату арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: кеспе әріптер, суреттер
Оқу іс-әрекетінің барысы:
І.Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
ІІ.Үй жұмысын тексеру
-Дыбыс дегеніміз не?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
ІІІ.Негізгі бөлім
1.Балалар,кім ш дыбысына байланысты тақпақ,жаңылтпаш айтып береді?
2.Жұмбақтар жасыру
Зулап түсіп төменге,
Шыға алмас менсіз бөгенге (шана)
Тікен-тікен тік пісте
Қысы жазы бір түсте (шырша)
-Шана сөзін айтып көріңдерші , ең бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ш әрпімен таныстыру: ш дыбысының баспа, жазба түрін көрсету.
Ш дыбысын ауаға жаздыру.
3. Сергіту сәті
Отырып-ақ орнымда,
Айдын көлді кешемін.
Сен білмесең егер де,
Былай ескек есейін
4. Тіл ұстарту жаттығуы
Шы-шы-шы Әкем менің аңшы.
5. Дәптермен жұмыс
Ш дыбысына байланысты байланысты берілген суреттердің аттарын атап, оларға дыбыстық талдау жасату. Қайшы, шаңырақ, ағаш сөздерінде ш дыбысы қай жерде тұрғанын талдату. Үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып , ш әрпінің баспа түрін жаздыру.
6. «Сөз ойла, тез ойла» дидактикалық ойыны.
Ш дыбысына сөз ойлату, сөзді дұрыс айтқан балаға ұсақ ойыншықтардан бір-бірден беріп отыру. Сөзді көп әрі дұрыс ойлаған болса, көп ойыншыққа ие болады. Кімнің ойыншықтарының саны артық болса, сол бала ұтады. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық. Осы сөздерден сөйлем құрату. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сақтау үшін сол дыбыс басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, қай дыбыстан басталатынын тапқызу.
7. Қорытындылау
Шырша сөзі қай дыбыстан басталады? Ш дыбысы дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па? - Шана сөзінде қанша буын бар? Шапалақ ұру арқылы буынға бөлдіру.
8. Оқушыларды мадақтау. Үйге: Ш дыбысын жазу
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
К дыбысы және әрпі.
Өө дыбысы мен әрпі
Ы дыбысы және әрпі.
Т дыбысы және әрпі.
А а дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Н н дыбысы мен әріп таңбасы.
Ч дыбысы мен әрпі.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4813 | Қосты: Исаджанова Зияда Айдархановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык