Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Араб тілі пәнінен сабақтар үлгілері


Араб тілі пәнінен сабақтар үлгілері

Араб тілі пәнінен сабақтар үлгілері

    Ұсынылып отырған жинақта араб тілі пәні мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі сабақтар үлгілері келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.

    Бұл жинақты араб тілі пәнімұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Көп тіл білу – өнер

Қазақстан республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің  рөлі мен маңызы артты. Мәдениеті жоғары ХХІ-ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажеті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр.

Тәуелсіздікке қол жеткен жылдардан бері әлемдегі көптеген елдермен саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени байланыс жасауға кеңінен бет бұрдық. Бұл қарым-қатынастың нәтижелі болуы, ел мен елдің, халық пен халықтың өзара ынтымақтасқан бірлігін өркендетуге тіл білудің мәні күн сайын арта түсуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын, мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Көп тілділік әр мемлекеттің саяси экономикалық және мәдени рухани дамуына бағытталған заңды құбылыс. Біздің ел дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін бұл өте қажетті және маңызды талпыныс. Көп тілді білу тек тілді үйреніп қою емес, ол әлеммен тілдесу, сол елдердің мәдениетін, салт-дәстүрін оқып үйреніп, рухани дамыған, көп мәдениетті тұлға болып қалыптасу. Қазақстанда білім беру үрдісінің жаңа мазмұндағы оқыту жүйесіне үш тілде білім беру – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты болып табылады. Үш тілде білім беру саласына қойылатын талаптар білім беру жүйесінің даму бағыттарын айқындап, оны сапалы ізденістерге бағыттайды.

Жас ұрпаққа ана тілін үйретудің сапасы да, қарқыны да уақыттың талабына сай болу керек. Кез-келген азамат мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті. Еліміздің жастары тілдерді білуге ұмтылуға тиіс, мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілі және өздерінің кәсіби қызметінде ойдағыдай алға ұмтылуға жәрдемдесетін тіл – шет тілі. Сол себепті ана тілімен қоса көп тілді жеткілікті дәрежеде меңгеру және білім мен ғылымның барлық саласында білікті болу біздің жақсарған қоғамымыздың көрсеткіші, алға қарай даму сатысындағы қажетті құбылыс болмақ.

Біздің жастарымыз әлемдегі тілдердің бірін меңгеріп, халықаралық деңгейде өзін таныта алса, білімділігін көрсетсе – бұл біз үшін үлкен жетістік.

Жеке тұлға шетел тілін үйрене отырып, сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихы, мәдениеті, өнері, салт-дәстүрі, ішкі-сыртқы саясаты, білім беру жүйесі, ғылымның соңғы  жаңалықтары, отбасы жағдайы, жастардың өмір сүру қағидалары және толып жатқан салалардан хабардар болады. Бұл өмір туралы ой толғамы әлі толыспаған, көп нәрсеге еліктегіш жастарға үлкен бір жаңалық және беймәлім бір әлемнің есігін ашқанмен тең құбылыс.

Осы тұста, жастарға сол еліміздің мәдениетінің, салт-дәстүрінің, тәлім-тәрбиесінің үлгі болатын жақсы жақтарын үйретіп, жаман жақтарынан аулақ болуға тәрбиелеуіміз керек.

Әр түрлі тілдер – қоғамына сәйкес, сол қоғамды құрайтындардың өзара түсінісуінің басты құралы. Шетел тілдерін оқып-үйрену кез-келген ұлт өкілінің туған ана тілін байытады, оның қолдану аясы мен табиғи әрін ашып, терең түсінуге икемдейді.

Шетел тілін білуді қалаған адам өзіне жаңа біртұтас әлем ашады. Бөгде тілді үйрену жаңа бір құрлықа алып баратын кеме секілді.

Көп тілді білу – өнер. «Жеті жұрттың  тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген ата-бабалардан қалған сөз нақты осы уақытқа сәйкес келмек. Өзге елдің тілін үйрену жеке басыңа, жақсы меңгерсең, елің үшін қажет.

Дегенмен, мемлекеттік тіл тұғыры әрдайым биік. Мемлекет тірегі – мемлекеттік тіл. Ұлт тілі – мемлекет тілі ретінде ұлттық рухани байлығын сақтайтын, байытатын, дамытатын, ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қазына. Алдыңғы ұрпақтармен, ата-бабаларымызбен рухани сабақтастығымызды жоғалтып алмас үшін, бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың сана-сезімін ана тілі негізінде оятып, тәрбиелеп отыру – оқытушылар мен ата-ананың міндеті.

Б.Момышұлы айтқандай, «Тіл – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры ғана емес, ертеңгі де тағдыры».

Ұрпақ тәрбиесі тілден басталады. Тіл – кез-келген халықтың этикалық тарихи тегінің, ұлттық мәдениетінің құнары.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда, дамытуда, тәрбиелеуде ана тілімен қатар шетел тілін меңгеру заман талабы.

Ендеше көптілділік жеке тұлғаның дамыуында және оны тәрбиелеуде ерекше орын алады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгере отырып, оны жетілдіріп, ұштай түсумен қатар, сөз шеберлігі, сөйлеудегі әдептілік секілді қасиеттерді тұлға бойына сіңіреді.

Көптілділікке үйрену арқылы тұлға оқып отырған елдердің мәдени мұрасымен, халқының ғұрып-дәстүрімен, ғылым мен білім салаларының даму дәрежесімен танысады, рухани танымын кеңейтеді. Тілді білу – жан-жақты білімді болу деген сөз. Жеткіншек жастардың өз дәрежесінде тұлға болып қалыптасуы, жан-жақты болуы, білімді болуы қоғамымыздың, өркениетіміздің болашақта дамуына, алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуына жол ашады.

Жас ұрпақты көптілділікке баулу – жоғары оқу орындары мен  жалпы білім беретін мектептерге берілген мемлекеттік тапсырыс.

Осыған орай Ақтөбе қаласындағы №51 гимназияда қазақ, орыс, ағылшын тілдерімен қатар, екінші шет тілі ретінде араб, француз, неміс тілдері оқытылуда.

Көп тіл білу, яғни көптілділік бала тәрбиесінде ерекше роль атқарады.  Жеке тұлға тек қана тіл үйреніп қоймайды, сол үйреніп отырған тілінен, сол елден әр түрлі жақсы қасиеттерін алады. Әр елдің өзіне тән ерекшеліктері, артықшылық қасиеттері мен кемшіліктері бар. Бала соның ішінен өзіне қажеттісін, керегін алады немесе мұғалім соны алуға үйретеді.

Күн, болашақ нұры шығыстан атады. Нағыз мәдениет ошағы алғашында Шығыста тұтанғанына дәлел Шығыс ғұламалары: Әл-Фарабидің Аристотельден  кейінгі екінші ұстаз, Аль-Жауһаридің Эвклидтен кейінгі екінші геометр, Ибн Синаның медицинаның атасы екендігі.

Араб тілін оқи отырып оқушылар осындай ғұламалармен танысады, олардың еңбектерінен тәрбие алады.

Әл-Фараби: «Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз бiр нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» - дейді.

Жеке тұлға қосымша тілдерді оқып, үйрене отырып, өзіне түсініксіз, белгісіз нәрсені ашады.

Әр халықтың өзіне тән халықтық тәрбиесі бар.  Халықтык тәрбие алтын тамырын тереңге жайған мықты еменнің бір бұтағы. Осы бұтақ жайқалу үшін, жеке тұлға бір тілмен емес, бір елмен емес, бірнеше тілді үйреніп, басқа елдермен танысып, сол елдің жақсылықтарын өз бойына жинақтау керек.

Шет тілін оқытудың ең басты міндеті – оқушылардың мәдениетаралық және кәсіби коммуникативтік біліктілігін қалыптастыру, тілін оқып үйренетін елдің мәдениетін, дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мемлекеттің құрылысын, заң ережелерін, тіл өкілдерінің мінез-құлықтарымен танысу, және де олармен таныса отырып, оқушының өз Отанына, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігі, қызығушылығы артады. Ол өзі оқып отырған тілдерін ғана емес, оның ортасын бір-бірімен салыстарады, оның артықшылықтарын алып, кемшіліктерін жоюға тырысады. Осылай жеке тұлға жан-жақты білімді азамат болып шығады.

Тіл үйрену, оқу, білуге деген талпыныс – оқушы үшін, оның дамуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады.

 

 

 

 

  1. Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің септелуі

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі сөздерді дұрыс

септеу.

  ә) дамытушылық:Сөздерді дұрыс айтып, есте

сақтауларын жетілдіру.

б) тәрбиелік: Үлкендерді  құрметтей білуге үйрету.

 

III.    Сабақтың түрі: Ойын.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап арқылы.

 

V.  Көрнекілік:للغةعربيةкітабы. Араб тілі 6-класс. 2006ж.

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Қазақ тілі, орыс тілі.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Шамсия және қамария әріптерін сұрау.

 

Жаңа сабақ:  Зат есімнің септелуі

         Зат есімдер араб тілінде үш септікте септеледі. Олар атау, ілік және табыс септіктері.

           Анық емес халдегі сөздер мен анық халдегі сөздердің септелуі түрліше болып келеді.Анық еместе «ун», «ин», «ән» болып келсе, Анық халде «у», «и», «ә» -ге аяқталады. М: китабун - әл-китабуболып келеді.

Септіктер

Анық халдегі

Зат есімдер

Анық емес халдегі

Зат есімдер

Жалғаулар

Атау

Ілік

Табыс

ألكتاب  

ألكتاب  

ألكتاب  

ألمجلّة     

ألمجلّة

ألمجلّة     

كتاب      

كتاب      

كتاب      

مجلّة      

مجلّة      

مجلّة      

 

«ун»- «у»

«ин»- «и»

 «ән» -«ә»

 

           

 

VII.  Қорытынды. Зат есім септелуін дұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма :  Зат есімдерді септеп келеміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

 

 

  1. Сабақтың тақырыбы : Зат есімді қайталау

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі зат есімнің орны  

 

  ә) дамытушылық:Сөздерді дұрыс айтып, есте

                                             сақтауларын жетілдіру.

б) тәрбиелік: Байыпты болуға бағыттау.

 

III.    Сабақтың түрі: Ойын.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап арқылы.

 

V.     Көрнекілік:للغةعربيةкітабы.Медине қаласы2002Суреттер

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Қазақ тілі, орыс тілі.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Зат есімнің септелуін сұрау.

 

Жаңа сабақ:  Зат есімді қайталау

         Зат есімдер кім? не? Деген сұрақтарға жауап береді. Зат есімге барық жануар түрі, жер су аттары, аймақ, елді мекен атаулары және адам аттары кіреді. Ол араб тілінде مامن деген сұрақтарға жауап береді. М: алма, жүзім, аю, қасқыр, түлк т.б жатады.

 

VII.  Қорытынды. Зат есімді дұрыс қолдану, білу  маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма :  Зат есімдерге мысалдар келтіреміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

 

 

I.      Сабақтың тақырыбы : Сын есім

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі сын есімді дұрыс

                                              қолдана білуге үйрету.

 

  ә) дамытушылық:Кез –келген затты  дұрыс  

                                             сипаттай алуға, әрі орнымен қолдана білуге

                                            бағыттау.

б) тәрбиелік: Әрқашан әдепті, сыпайы  болуға

үйрету

 

III.    Сабақтың түрі:Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:Жарыстыра отыра түсіндіру.

 

V.     Көрнекілік:للغةعربيةкітабы. Араб тілі 5-класс 2001ж. Суреттер

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Зат есімнің септелуін сұрау.

 

Жаңа сабақ:  Сын есім

         Заттың сынын, сипатын, түр - түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз. Сын есімдер ٲيةٌٲيқандай ?деген сұраққа жауап береді.

Қазақ тілінде зат есіммен байланысқанда сын есім зат есімнің алдында тұрады. Ал араб тілінде сын есім зат есімнен кейін орналасады. Ағылшын тілінде де қазақ тілі сияқты сын есім зат есімнің алдында тұрады.

Мысалы: Үлкен шкаф- خزانة   كبيرةa big wardrobe

                 Қызыл гүл-        زهرة   حمر إُ      a red flower

                 Кішкентай бала-ولد  صغير         a little boy

 

VII.  Қорытынды. Сын есімді  дұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма : сын  есімдерге мысалдар жазып келу.

 

IX.    Бағалау:

 

 

 

  1. Сабақтың тақырыбы : Сан есім

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі сан есімді дұрыс

                                              қолдана білуге үйрету .

 

  ә) дамытушылық:Кез –келген затты  дұрыс әрі 

                                             тез санай білуге үйрету.

 

б) тәрбиелік: Әдепті болу асыл қасиет екенін

үйрету

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:Жеке –жеке тұрғызып сөйлету, бір-бірін қайталату.

 

V.     Көрнекілік:للغةعربيةкітабы.Араб тілі. 5-класс.2001ж. . Суреттер

 

VI.    Пәнаралық байланыс :Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Сын есімді  сұрау.

 

Жаңа сабақ:  Сан есім

         Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есім كم؟ (қанша? неше?) деген сұраққа жауап береді.

Араб тілінде 1- ден 10-ға дейінгі есептік сан есімдер мынандай:

Алты-ستة  ست                                                    бір-     واحِدواحِدة

Жеті – سبعة   سبع                                                 екі-إثنان ٍ  إثنتان   

Сегіз-  ثمانية  ثمانٍ                                                 үш-ثلاثٌ   ثلاثةٌ   

Тоғыз- تسعة  تسعٌ                                                 төрт-أربعة أربع   

Он-       ﻋﺸﺮﻋﺸﺮﺔ                                            бес-خمس خمسة     

 

VII.  Қорытынды. Сан есімді дұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма : Сан есімге мысалдар жазып келеміз.

 

IX.    Бағалау:

Пән мұғалімі: Бапиева Ақбота Сейтқазықызы

Ақтөбе қаласы №51 гимназия

 

 

  1. Сабақтың тақырыбы :Бақылаужұмысы

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі сан есімді дұрыс

                                              қолдана білуге үйрету .

 

  ә) дамытушылық:сұрақты орнымен әрі дұрыс

қолдана білуге үйрету.

 

б) тәрбиелік: Адамгершілікті қалыптастыру

 

III.    Сабақтың түрі:Тақтаға сұрақ жазу. Екі бет алып жауаптарын    

          Түсіреді.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап алу.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы

«мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Сан есімді жалпылама сұрап кету естеріне салу.

 

Жаңа сабақ:  Өткенді қайталап кету.

 

VII.  Қорытынды. Сан есімді дұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма :  Сан есімге мысалдар жасап  келеміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

  1. Сабақтың тақырыбы :كم؟сұрау сөзі

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі сан есімді дұрыс

                                              қолдана білуге үйрету .

 

  ә) дамытушылық:сұрақты орнымен әрі дұрыс

қолдана білуге үйрету.

 

б) тәрбиелік: Адамгершілікті қалыптастыру

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап ала отыра түсіндіру.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Сан есімді сұрау.

 

Жаңа сабақ:  كم؟ сұрау сөзі (қанша? неше?) деген мағынаны білдіреді.

كم؟сұрау сөзі қолданылуы мынандай: 1) كم؟ басқа сөздермен байланысқа түскенде тек (род) жағынан өзгермейді.

Мысалы:مجلّة ؟ًكم؟ﻛﺗﺎﺑﺎﻛﻢ

 

VII.  Қорытынды. Сан есімді дұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма :  Сан есімге мысалдар жасап  келеміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

 

I.Сабақтың тақырыбы :Есептік сан есім мен зат есімнің

                                     байланысу жолдары

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі есептік  сан есімді

дұрыс қолдану

  ә) дамытушылық:Оқушыларды сандарды еркін

                                             әрі қысылмай айтуға бағыттау

 

б) тәрбиелік:Имандылықты бойларына дарыту

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап ала отыра түсіндіру.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру :كم؟ сұрау сөзі (қанша? неше?)

 

Жаңа сабақ:1.واحِدواحِدة- Бір сан есімі зат есіммен тек (род) және септік жағынан байланысып, зат есімнен кейін келеді.

Мысалы: бір кітап -ﻮﺍﺤﺪﻛﺘﺎﺏ

                 Бір журнал- ﻢﺟﻞﺔ

2.إثنان ٍ  إثنتان    -екі сан есімі зат есіммен тек(род), септік және сан-мөлшер (екілік түр) тұлғасы жағынан байланысып, зат есімнен кейін келеді.

3.Араб тілінде 3-тен 10-ға дейінгі сан есімдер зат есімдермен байланысқа түскенде, сан есімнің тануинінің бірі түсіп, тек (род) жағынан зат есімге қарама –қарсы түрде бірінші орында тұрады. Ал зат есім анық емес халде, көпше түрде, ілік септігінде сан есімнен кейін тұрады.

М: Үш кітап-ﺜﻠﺎﺛﺔ ﻛﺗﺏ  

Төрт бала  - ﻞﺃﻁﻔﺎﺃﺮﺑﻌﺔ

VII.  Қорытынды. Есептік  сан есіммензат есімнің байланысуын білу,оныдұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма : Есептік сан есімдерге мысалдар жасап  келеміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

 

I.Сабақтың тақырыбы : Реттік сан есім 

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі реттік сан есімді

дұрыс қолдану

  ә) дамытушылық:Оқушыларды сандарды   

                                              ретімен еркін айтуға бағыттау

б) тәрбиелік: Имандылықты бойларына дарыту

 

III.    Сабақтың түрі:Аралас сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап ала отыра түсіндіру.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Есептік сан есімдер жайлы сұрау

 

Жаңа сабақ:Реттік сан есімдер 1-ден 10 –ға дейінгі петтік сан есімдер төмендегідей:

                 му ,әннәс                                     музәккәр

ﺃﻮﻟﻯ                       ﺃﻮﻯ                                                                     

ﮆﺎﯾﺔﮆﺎﻨﻲ

ﮆﺎﻟﭧ                                                                         ﮆﺎﻟﮆﺔ                    ﺮﺍﺒﻌﺔ                   ﻊﺮﺍﺒ

 

VII.  Қорытынды.Реттік  сан есіммен зат есімнің байланысуын білу,оныдұрыс қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма : Реттіксан есімге мысалдар жасап  келеміз.

 

IX.    Бағалау:

I.Сабақтың тақырыбы :Сан есімді қайталау

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Араб тіліндегі есептік  сан есімді

дұрыс қолдану

  ә) дамытушылық:Оқушыларды сандарды еркін

                                             әрі қысылмай айтуға бағыттау

 

б) тәрбиелік: Имандылықты бойларына дарыту

 

III.    Сабақтың түрі:Пікірталас сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап алу.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Математика. Қаржы сауаттылығы

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру :  كم؟ сұрау сөзі (қанша? неше?)

 

Жаңа сабақ:1.Сан есімді қайталау

3-тен 10-ға дейінгі сан есімдер зат есімдермен байланысқа түскенде, сан есімнің тануинінің бірі түсіп, тек (род) жағынан зат есімге қарама –қарсы түрде бірінші орында тұрады. Ал зат есім анық емес халде, көпше түрде, ілік септігінде сан есімнен кейін тұрады.

Үш кітап-ﺜﻠﺎﺛﺔ ﻛﺗﺏ  

Төрт бала  - ﻞﺃﻁﻔﺎﺃﺮﺑﻌﺔ

 

VII.  Қорытынды. Реттік  сан есім мен зат есімнің байланысуы  және есептік сан есімдімді дұрыс  қолдану маңызды.

 

VIII.  Үйге тапсырма: Реттік сан есімніңзат есіммен  байланысқа түсуіне мысалдар жасап  келеміз.

 

IX.    Бағалау:

 

 

I.Сабақтың тақырыбы : Есімдіктер             

 

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік: Есімдіктерді нақтылап жаттап

дұрыс қолдану

ә) дамытушылық:Оқушылардың есімдіктерді  өз 

                                            орнымен тез әрі дұрыс қолдана білулерін дамыту                                            

 

б) тәрбиелік:Үлкендерді сыйлай білуге дағдыландыру

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Пікірсайыс

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Ағылшын, қазақ, орыс тілдері.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру :  Жалпы сан есімдердің бір-бірінен айырмашылы-

ғын сұрау.

 

Жаңа сабақ:1.Есімдіктер.  а)(Жіктеу есімдіктері)

          біз-   ﻧﺣﻥмен -ﺃﻧﺎ

          сендер (мр)  ﺃﻧﺗﻡсен(мр)ﺃﻧﺖ

          олар(мр)   ﻫﻢсен(мс)ﺃﻧﺖ

           ол-  (мс)  ﻫﻲ                                                       ол(мр)  ﻫﻮ

ә)Қосылып жазылатын есімдіктер

ﻬﻢﻛﻡﻧﺎ  ﻬﺎﻩﻙﻙﻲ

М: менікі, менде-ﻠﻲ  оның кітабы(мр)-ﻜﺘﺎﺑﻪ

Біздікі, бізде-ﻠﻧﺎ      оның кітабы(мс)-  ﻜﺘﺎﺑﻬﺎ

VII.  Қорытынды. Есептік  сан есіммен зат есімнің байланысуын білу,оныдұрыс қолдану маңызды.

б) Сілтеу есімдіктері

бұл, мына, осы(мр)ﻫﺬﺍ - 

бұл, мына, осы(мр) - ﻫﺬﻩ 

VIII.  Үйге тапсырма :  Есептік және реттік сан есімдерге мысалдар жасап  келеміз.

IX.    Бағалау:

 

 

I.Сабақтың тақырыбы :Етістік

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Сөйлемді құрғанда етістікті орнымен

қолдана білу

  ә) дамытушылық:Сөйлемд еркін әрі тез құра білуге

                                            дағдыландыру

 

б) тәрбиелік: Имандылықты бойларына дарыту

 

III.    Сабақтың түрі: Пікірталас сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Сұрақ қоя жауап алу.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Орыс тілі

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру :  Есімдіктер тізбегін сұрау

 

Жаңа сабақ:    Етістік

Заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктерﻤﺬﺍﻔﻌﻝ؟   ﻤﺬﺍﻔﻌت؟(не істеді?) деген сұраққа жауап береді.

М:       ؟ﺭﺴﺎﻠﺔﻜﺭﻴﻢﻜﺘﺐﻜﺭﻴﻢ؟ﻤﺬﺍﻔﻌﻝ

Араб тілінде етістік әрқашан зат есімнің алдында тұрады.

М:    ﺻﻭﺭﺓﻠﻴﻠﻰﺭﺴﻤﺎﺕﻜﺘﺎﺑﺎﺃﺭﻤﺎﻦﻘﺭﺃ

Кету- ﺫﻫﺐ                     отыру-ﺠﻟﺱ                          айту-ﻘﺎﻝ

Оқу-   ﻘﺭﺃ                      ойнау-         ﻠﻌﺐ                         жазу-ﻜﺗﺐ

VII.  Қорытынды.Араб  тіліндегі етістіктің орны бөлек.

 

VIII.  Үйге тапсырма:Өткен етістіктерге сөйлемдер құрап келу

 

IX.    Бағалау:

 

                                                     

I.Сабақтың тақырыбы :Етістіктің шақтары және оның жіктелуі

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Етістіктің шақтарының жіктелуін

қолдана білу

  ә) дамытушылық:Шақтарды еркін әрі дұрыс

                                             жіктей білуге дағдыландыру

б) тәрбиелік:Сыпайлы сөйлесе білуге үйрету               

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Жарыстыру.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : казак тілі, ағылшын тілі.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Етістіктер мысалдарын тексеру

Жаңа сабақ:    Етістікшақтары және оның жіктелуі

Етістіктер үш шағы бар. Олар : өткен шақ, осы шақ және келер шақ.

1.     Өткен шақ.Өткен шақ іс- әрекеттің баяндап тұрған уақыттан бұрын болғанынкөрсетедіﻣﺎﺬﺎ  ﻔﻌﻝ؟ ﻣﺎﺬﺎ    ﻔﻌت؟(не істеді?) деген сұраққа жауап береді. М:.          ﺭﺴﺎﻠﺔﻜﺭﻴﻢﻜﺘﺐﻜﺭﻴﻢ؟ﻣﺎﺬﺎ  ﻔﻌﻝ

ﻜﺘﺎﺑﺎﺃﺭﻤﺎﻦﻘﺭﺃ

                                                      Арман кітап окыды

                                                         Arman read a book

 2.    Осы шақ. Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқаніс-әрекетті білдіреді. М : Ол қалада тұрады-ﻴﺴﻜﻦ ﻔﻲ ﺍﻠﻤﺪﻴﻨﺔ  

3. Келер шақ. Келер шақ іс әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді.М: Мен киноға барамын- ﺇﻠﻰ ﺍﻠﺴﻴﻨﻣﺎ    ﺃﺬﻫﺏﺴﻭﻒ

 

VII.  Қорытынды.Етістік шақтарын жіктеп мысалдар  жазып келеміз.

 

VIII.  Үйге тапсырма: Етістікшақтарына мысалдар  құрап келу

 

IX.    Бағалау:

 

 

I.Сабақтың тақырыбы :Етістіктің болымсыз түрі

II.      Сабақ мақсаты:а) білімділік:Етістіктіңболымсыз түрін өз  

                                             орныменқолдана білу

  ә) дамытушылық:Етістіктіңболымсыз түрін дұрыс

қолдана білу

б) тәрбиелік:Сыпайлы сөйлесе білуге үйрету               

 

III.    Сабақтың түрі: Түсіндіру сабағы.

 

IV.    Сабақтың әдісі:  Жарыстыру.

 

V.     Көрнекілік:Араб тілі (Б.С.Тасымов)للغةعربيةкітабы.Алматы 

         «мектеп» 1988ж. 1- бөлім

 

VI.    Пәнаралық байланыс : Орыс тілі, ағылшын тілі.

 

Сабақтың барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу, ә) түгендеу,б) сынып тазалығын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру : Етістіктер мысалдарын тексеру

Жаңа сабақ:    Етістікшақтары және оның жіктелуі

Етістіктер үш шағы бар. Олар : өткен шақ, осы шақ және келер шақ.

1.     Өткен шақ.Өткен шақ іс- әрекеттің баяндап тұрған уақыттан бұрын болғанын көрсетеді. ﻤﺬﺍﻔﻌﻝ؟   ﻤﺬﺍ  ﻔﻌت؟(не істеді?) деген сұраққа жауап береді. М:       ؟ﺭﺴﺎﻠﺔﻜﺭﻴﻢﻜﺘﺐﻜﺭﻴﻢ؟ﻤﺬﺍ  ﻔﻌﻝ

ﺻﻭﺭﺓﻠﻴﻠﻰﺭﺴﻤﺎﺕﻜﺘﺎﺑﺎﺃﺭﻤﺎﻦﻘﺭﺃ

 2.    Осы шақ. Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқаніс-әрекетті білдіреді. М : Ол қалада тұрады-ﻴﺴﻜﻦ ﻔﻲ ﺍﻠﻤﺪﻴﻨﺔ  

3. Келер шақ. Келер шақ іс әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатындығын білдіреді.М: Мен киноға барамын- ﺇﻠﻰ ﺍﻠﺴﻴﻨﻣﺎ    ﺃﺬﻫﺏﺴﻭﻒ

 

VII.  Қорытынды.Етістік шақтарын жіктеп мысалдар  жасап келеміз.

 

VIII.  Үйге тапсырма: Етістікшақтарына мыслдар  құрап келу

 

IX.    Бағалау:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Сан есімді қайталау
Сан есімнің зат есіммен байланысы. Дене тазалығы
Сан есім
Топтау сан есім. Бөлшектік сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Ағылшын тілі грамматикасы
Сан есімнен өткенді қайталау.
Сан есімнің емлесі
Сан есімнің емлесі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6045 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык