Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шешен билер. Ашық сабақ


Шешен билер. Ашық сабақ

Шешен билер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Х модуль бойынша өткен тақырыптарын

                     қаншалықты меңгергендерін тексеру.

Дамытушылық: Сұхбат, әңгімелеу, мазмұндау, нақыл сөздер мен мақал –  

                               мәтелдер арқылы оқушылардың ауызекі сөйлем мәдениетін

                               дамыту

Тәрбиелік:Оқушыларға қазақ халқының би, шешендерінің сөздерінің мәнін

                    терең түсіне білуге және тілге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып

                    тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, топпен жұмыс, жұппен жұмыс,

                                                топтастыру,

Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет,орыс әдебиеті

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, би шешендердің суреттері, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып, оларды сабаққа дайындап

                                         аламын

Балалар біздің бүгінгі сабағымызда қонақтар болады.

Сынып үш топқа бөлінген.

1 топ Төле би ауылы

2 топ Қазыбек би ауылы

3 топ Әйтеке би ауылы

Үш топ бір-бірімен жарысқа түседі.

Сайыс барысында берілетін тапсырмалардың түрлері:

1.Сұрақ-жауап

2.Монолог (әңгімелеу)

3.Шағын көрініс көрсету

4.Сөйлем құрастыру

5.Сұхбат

6.Топтастыру

Үй тапсырмасы:

Сұрақ-жауап

Үш топтың оқушылары барлығы қатысады, қай топ бірінші қол көтерсе сол топ жауап береді. Қай топ көп сұрақтарға жауап берсе, сол топтың ұпай саны көп болады.

Шешендік өнер дегеніміз не?

Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық  тілде не деп атайды?

Шешендік өнер қай жағдайда дамиды?

Ресейдегі шешендік өнердің негізін салған атақты орыс ғалымы кім?

Ол қандай еңбек жазған?

Қазақ шешендік сөздерінің бастауы неден басталады?

Қазақ шешендік өнерінің өзіне тән қандай ерекшеліктері бар?

Шешендік сөздердің түрлерін атаңдар

Шешендік арнау дегеніміз не?

Шешендік толғау дегеніміз не?

Шешендік дау дегеніміз не?

Қандай шешен билерді білесіңдер?

Монолог (әңгімелеу)

Интерактивті тақтадан Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің суреттері мен ескерткіштері көрсетіліп тұрады.

Төле би ауылы Төле би туралы

Қазыбек би ауылы Қазыбек би туралы

Әйтеке би ауылы Әйтеке би туралы өздері дайындап келген мәліметтерін айтып береді. Өмірбаяндарын, нақыл сөздерін айтады.

Әр топтың жауап бергендеріне қарай ұпай сандары қойылады.

Шағын көрініс көрсету

Көріністі барлық топтың оқушылары қосылып қояды.Бұл көрініске ұпай саны қойылмайды.

Сөйлем құрастыру

Интерактивті тақтада сөздер тұрады, сол сөздерден сөйлемдер құрастырып жазу керек

Шешен, әзіл, толғау, құндылық, шындық, тапқырлық, арнау, дау, жұмбақ.

Оқушылар құрастырған сөйлемдерін оқып шығады.

Мысалы: Қазақ халқында шешендер өте көп.

Шешендік толғаудың түрлері көп

Сұхбат құрастыру

Төле би ауылы Қазыбек би туралы

Қазыбек би ауылы Әйтеке би туралы

Әйтеке би ауылы Төле би туралы сұхбат құрастырады.

Құрастырған сұхбаттарын әр топтан екі оқушы шығып оқып береді.

-Төле би қай жылы дүниеге келген?

-

-Төле би туралы не білесің?

-

-Қазыбек қай жылы, қай жерде туған?

-

-Әйтеке туралы не білесіңдер?

-

Топтастыру

Шешен билер деген тақырыпқа кластер жасау.Оқушылар кластерді интерактивті тақтада жазып көрсетеді.Әр топ оқушылары шығып, бір сөзден интерактивті тақтада жазап, шешен, билер сөзіне сипаттама береді.

 

Қорытынды:

-Шешен билерді атаңдар

-Төле би деген кім?

-Орта жүздің биі кім?

-Әйтеке би туралы не білесіңдер?

-Сабақ қалай өтті, сендерге ұнады ма?

Оқушылар берілген тапсырмалардың барлығын орындап болған соң әр топтың жинаған ұпай саны көрсетіледі.

Бағалау: Оқушылардың барлығы жауап бергендеріне қарай бағаланады.

Үш топтың ұпай сандары көрсетіліп, әр оқушы жеке-жеке бағаланады.

Үй тапсырма:Қазақтың шешен билерінің 5 нақыл сөздерін жаттау. Нақыл

сөздердің мағынасын ашу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері
Арналы бұлақ- асыл сөз
Үш арыстың үлгілері.
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ билері
Сөз сыры
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Ұлттық шешендік өнер
Қазақтың би-шешендері
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Қазақ тілі | Көрсетілім: 12391 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык