Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үш арыстың үлгілері.


Үш арыстың үлгілері.

Үш арыстың үлгілері.

 Сабақтың тақырыбы: Үш арыстың үлгілері.

 

Сабақтың мақсаты: - Халық шығармаларын және оның бір түрі өтірік          

                                        өлеңді қорытындылап,  қазақтың бас билері туралы

                                        білімдерін толықтырып, шешендік сөздердің

                                        мағынасын түсінулеріне  жағдай жасау.

  

                                      - Түсініп оқу, мәнерлеп оқу  дағдыларын,

                                         шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

                                      - Сөз қадірін түсіне білуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Әйтеке би, Қазыбек би,Төле би суреттері.

 

Әдісі: түсіндіру, ізденушілік, баяндау, тест.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді түсіндіру сабағы.

 

Техникалық жабдықтар: компьютер, проектор. 

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

 

Сабақ барысы

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Сабаққа мақсат қою.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

    - Үйге қандай тапсырма берілді?

    1. Өтірік өлеңді әуенмен жатқа айту.

    2. Сурет бойынша өтірік өлең құрастыру.

    - Қане, кім айтады?

     4-6 оқушы өтірік өлеңді жатқа оқиды.    

     Сурет бойынша шығарған өз өтірік өлеңдерін кім оқиды?

     3-4 оқушы оқиды.

    - Балалар, өтірік өлең қандай шығармаға түріне жатады?

   

ІV. Тірек білім.

- Қандай халық шығармаларын білеміз? 

 

 Шешендік сөздер суырып салма ақындықпен туыстас.

           - «Суырыпсалма» дегенді қалай түсінеміз?

                      

          Шешендік сөздер – терең оймен, шебер тілмен айтылған халық шығармасы. Ол тапқырлық пен шешендікке үйрететін көркем сөз үлгісі болып табылады.

           Аумалы-төкпелі заманды бастан кешкен қазақ халқының өзіндік басқару жүйесі болды. Ел қамын жеген ерлері, сөзін сөйлеп, жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері, әр елдің, әр ауылдың өз тыңдар ақсақалы болған. Мұндай халық өкілі қазақтан басқа халықта болмаған. Олар қазіргі соттың, прокурордың, әкімнің қызметін бір өзі атқарған. Демек би-шешендер тек қана қазақ халқына тән құбылыс.

      

Қазір Нұрлан Оразалиннің «Үш би» өлеңін тыңдайық.

Ойдың қозғап жасынын

Қайта туған ғасырым.

Төле би мен Қазыбек.

Әйтеке би асылым.

Айбын болған еліме.

Айдын болған көліме.

Айналайын үш биім,

Пана болған жеріме.

Елдік туын ұстаған,

Ел намысын ұштаған.

Қалың қазақ пір тұтар

Қасиетті үш бабам.

    - Өлеңде кімдер туралы айтылған?

Билер туралы бірінші сыныптан білетінімізді еске түсіріп, қосымша мәлімет жинап келу оқушыларға тапсырылған болатын. Енді сол оқушыларды тыңдайық.

    - Төле би қандай адам болған?

    - Қазыбек би қандай кісі болған?

    - Әйтеке би қандай болған?

- Әйтеке би шешен, тапқыр, әділ адам болған.

 Қазақтың бұл үш биі – халық қамын ойлаған адамдар болған.

   

V. Жаңа сабақ.

       Бүгінгі сабағымызда осы үш бидің шешендік сөздер үлгісімен танысамыз.  

   

     Дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.

Желтоқсанның екісі.

Үш арыстың үлгілері.

    Кітаппен жұмыс.

    

    1. Қазақтың майталман үш биі Төле би, Қазыбек, Әйтеке билер көбіне Түркістанда жиі-жиі бас қосып, әңгіме-кеңес өткізіп тұрады екен. Сондай бір кездесудегі   сөз үлгілерінен үзінді оқимыз.

     (Өзім оқып беремін.)

    2. Оқушылар рөлге бөліп оқиды.

 

VІ. Бекіту.

    - Балалар, осы мәтіндегі үш арысымыз кімдер?

   

    - Неге бұл кісілерді «Үш арыс» деп айтып отыр?

   

    - Төле би не туралы айтқан?

    - Пырақ деген сөзді қалай түсінесің?

    - Шырақ дегенді қалай түсінесің?

    - Осы шешендік сөздерді Қазыбек би қалай жалғастырған екен?

    - Бұл шешендік сөздерлі қалай түсінесің?

    - Қазыбек биге  Төле би қандай баға берді?

    - Қазыбек би қалай жалғастырды?

    - Сөздің кезегі енді кімге тиді, балалар?

    - Әйтеке би не айтты?

    - Осы батадан не түсіндік?

    - Балалар, билердің суреттеріне зер салып қарайықшы. Билердің бейнесінен не байқалады?

-         Бүгінгі сабақта «би» деген сөз көбірек айтылды. Осы сөздің мағынасын ашып бере аласыздар ма?

        Би -

       Дәптерге жазу

      

VІІ.  Видео «Үш би»

          Үш би де халық қамын ойлаған, ел бірлігін жақтағын адамдар болған. Үшеуінің жиі-жиі кездесулеріндегі әңгіме арқауы – бүкіл қазақтың басын біріктіру, көп кешікпей жоңғарға қарсы азаттық ұрысқа аттану болатын. Қазір осы кезеңдегі ел өмірінен үзінді көресіздер.Видео көру «Үш би»

 

         Қазақ тілі тарихын зерттеген Қасым Аманжолов: «Қазақ халқы өз дәуірінде үш жүзге бөлінген тайпалардың бірігуінен қалыптасқан» -деген. Үш  би үш елдің, үш жүздің атынан келіп Ұлытау өңірінде үш жүздің басы қосылып, қазақ халқы біріккендігін көрдік. Сол билер бастаған бірліктің, ынтымақтың жалғасы, бейбіт дәуірде өмір сүріп отырмыз.  Шешен-билеріміз – ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіргенін  даналық сөздер иесі екендіктерін байқадық.

VІІІ. Тест

ІХ. Бағалау

Х. Үйге тапсырма

ХІ. Қорытынды.

Қазаққа сөз дарыған,

Бір сөз үшін семіріп,

Бір сөз үшін ауырған.

              Асан қайғы айтқандай күшпен емес, сөзбен де маңызды мәселелер шешіледі екен. Сондықтан сөз мәнін түсініп, сөйлеу мәдениетімізге мән беріп, оған жауапкершілікпен қарап, жөнімен мағыналы сөйлей білуіміз керек.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері
Арналы бұлақ- асыл сөз
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ билері
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Қазақ ұлттық шешендік өнерінің ерекшеліктері
Шешендік өнер
Қазақтың би-шешендері
Шешен билер. Ашық сабақ
Шешендік сөздер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5719 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык