Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақ билері


Қазақ билері

Сабақтың тақырыбы Қазақ билері

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының бұрынғы сот төрелігі, билік айту жүйесімен таныстыру, қазақ билерінің өмірі, олардың тарихта алатын орны, өнегелі істері жайында мәлімет беру.
• Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінін сот жүйесі төрелік ету дәстұрімен таныстыра отырып мемлекет, билік жайында мәліметтерін кеңейту, құқықтық түсініктерін дамыту.
• Тәрбиелік: Қара қылды қақ жарған әділ билік айтқан билер өмірін мысалға келтіре отырып әділдікке, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу, құкықтык тәрбие беру.
 Әдісі: интерактивті
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ. 
Сабақтың көрнекілігі: Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреті. 
Сабақтың барысы:  I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй тапсырмасын сүрау.
Алдымен оқушылардан үйге қандай тапсырма берілгенін сұрайды. Осыдан кейін өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылған карточкалар таратамын. Сұрақтың үлгісі:
 Хан дегеніміз кім? 
 Қандай атақты хандарды білесіңдер?
 Ңазақ хандарының әулеті туралы айт.
   Оқушылар жауап беріп болғаннан кейін өткен сабақты   толықтырып, тақырыпты қорытындылаймын. Сонымен қатар өткен такырыпты жаңа тақырыппен байланыстырамын.
Жаңа сабақ
Жаңа сабақтың тақырыбы айтылады, сонымен қатар тақырып пен жоспар тақтаға жазылып қойылады. Алдымен сабақтың негізгі мақсатын айтып жоспарды түсіндіремін
Сабақтың жоспары:
а) Қазыбек би 
ә) Төле би
б) Әйтеке би
в) Тәуке хан
Жоспардан бұрын оқушылардан билер жайлы не білетінін сұраймын. Содан кейін жалпы билер туралы, қазақ халқының өміріндегі билік айту жүйесі жайында қысқаша түсінік беріп өтемін. Билер қызметін қазіргі кездегі еліміздің сот жүйесімен салыстыра отырып, құқықтық тарихтағы билердің алатын орнын көрсету керек.
Жоспар бойынша сабақты түсіндіремін Ең алдымен қабырғаға Қазыбек, Төле, Әйтеке билердің суреттері ілінеді. Осы үш бидің өмірі туралы қысқаша оқушыларға баяндап беремін. Үш бидің Қазақтың үш жүзінен шыққаны, жастайынан билік айту жүйесіне қатысканы жайында, құқықтык жүйесіне сіңірген еңбегі туралы айтылады. Билердің жастық шағы, өмірлерінің барлығы дерлік соғыс, шапқыншылыққа толы жылдарда өткені, бұл жағдай олардың жас кезінен бастап билікке араласуына ықпал еткені белгілі.
Бұдан кейін оқушыларды үш топқа бөліп, үш бидің шешендік сөздері жазылған қағаздарды таратамын. Оны 5-7 минуттай оқып, ой қорытуға уақыт береміз. Осыдан кейін олардан не түсінгенін сұрау керек. Оқушылардың өз беттерінше талдау жасауына бағыт беріп, ойларын тыңдаймыз. Осы аркылы қара қылды қак жарған билердің шешендік өнеріне оқушылардың көздерін жеткізу.
Билер туралы негізгі мәліметтерді оқыта отырып қысқаша конспект жазғызамын
Сабақтың негізгі жоспарына сәйкес әр Ұлы билерге жеке тоқталамын.
Төле би Әлібекұлы қазақтың Ұлы жүзінің үйсін тайпасынан шыққан ірі мемлекет қайраткері. Жастайынан ел билеу ісіне араласкан Төле жоңғар шапкыншылығы кезінде елшілік қызметті де аткарды. Бұл оның халқын шапқыншылықтан, жаугершіліктен аман сақтап қалуына септігін тигізді.
Төле би қазақтың атақты «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасаушылардың бірі.
Қазыбек би Келдібекұлы Орта жүздің арғын тайпасының Қаракесек руынан шыкқан. Оның шешендігі мен саңқылдаған дауысына қарап халық Қаз дауысты Қазыбек деп атап кеткен. Тәуке хан бір кездері Орта жүздің билігін осы Қазыбекке сеніп тапсырған. Қаз дауысты Қазыбек би Тәуке ханның басшылығымен жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағының авторларының бірі.
Әйтеке би Байбекұлы Кіші жүздің биі және белгілі мемлекет қайраткері. Әйтеке жастайынан мемлекеттік істерге араласып, ел арасында билік айта бастайды. Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батыс өлкесінде Әйтекенің аты ертеден белгілі болады. Төле, Қазыбек билермен қатар Әйтеке де Тәуке ханның бастауымен құрастырылған XVIII ғасырдағы Қазақ халқының әдет-ғұрыптық жинағы болып табылатын «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.
Бұдан кейін жоғарыда сөз болған «Жеті жарғы» заңдар жинағы туралы оқушыларға түсіндіремін. Мұнда мұғалімде аталған заңдар жинағының қағазға жазылған нұсқасы болуы керек.
«Жеті жарғы» ХҮІІ-ХVIII ғасырдағы Қазақ халқының тұрмыстық әдет-ғұрыптық ережелерінің негізгі жиынтығы болып табылады.
«Жеті жарғы» заңдар жинағы Тәуке ханның кезінде өмірге келген. Әуелден бастап ханның жанындағы Ұлы билердің кеңесі «Жеті жарғы» атанған. Оның құрамында жоғарыда аталған Ұлы билерден басқа да беделді адамдар болған. Бұл қазіргі парламент деңгейіндегі билік жүйесі. Аталған заңдар жинағьш құрастыруға Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты казақтың белгілі билері қатысқан.  
Қорытынды кезең.
Сабақтың қорытынды кезеңінде   тақырыпты қысқаша қорытындылап, оқушылар бекітуге арналған 3-4 сұрақтар беремін.
Бағалау:
Үй тапсырмасына тақырыптың соңындағы сұрақтарға жауап жазып келу жүктеледі.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Үш арыстың үлгілері
Қазақ билері.
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығы
Қазақ билері
Қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы
Қазақ билері
XVIII ғасырдағы қазақ батырлары
Қазақ халқының шешендік сөз өнері
Тәуке ханның билігі және “Жеті жарғы”
Шешен билер. Ашық сабақ
Бөлім: Уроки / Тарих | Көрсетілім: 6838 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык