|
|
Жапырақтардан панно дайындау .
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға панно деген сөздің мағынасын түсіндіру , панно жасауды үйрету.
Сабақтың міндеттері :
Білімділік : Оқушыларға табиғи материалдарды пайдалана білуге және олардан әр түрлі қажетті заттар жасаудың әдіс – тәсілдерін үйрете отырып табиғатта пайдасыз заттар жоқ екендігін түсіндіру .
Тәрбиелік : Оқушыларға табиғи материалдармен жұмыс істеу кезінде қолөнерімізді дәріптей келе оларды әдемілікке , әсемдікке , шеберлікке , ұқыптылыққа , үнемділікке , қажет жағдайда өз беттерімен тығырықтан шыға білуге тәрбиелеу .
Дамытушылық : Оқушылардың қоршаған орта туралы түсінігін тереңдету , логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып , қауіпсіздік ережесін есте ұстап , жасаған бұйымның сапалы болуын қадағалау , еңбекке құштарлығын , қызығушылығын дамыту .
Сабақтың түрі : Аралас сабақ
Сабақтың типі : жаңа білім беру
Әдіс – тәсілдері : Ой- толғау , сұрақ – жауап , түсіндіру , сарамандық.
Пәнаралық байланыс : әдеп , дүниетану , бейнелеу .
Көрнекілігі : Сөзжұмбақ , нұсқау карта , венн диаграмма , суреттер , үлгі .
Сабақ барысы .
І Кіріспе
Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылармен сәлемдесіп , сынып оқушыларын түгендеймін . Оқушылардың назарын сабаққа аударамын .
Ә) Венн диаграммасы арқылы өткен сабақты пысықтау .
Оқушылар яғни бөлме өсімдігімен гүлзардағы гүлдің айырмашылығын анықтау
Бөлмедегі гүлді бірқалыпты температурадағы сумен суарады,түбін үшкір ағашпен қопсытады , гүлдің жапырағындағы шаңды сүртеді .
Ал гүлзардағы гүл көп суаруға болады , түбін кетпенмен қопсытады , ұрығын , пиязшығын жинайды, сыйлыққа беруге болады.
Оларға ортақ қасиеттері ауа , су күн керек , көбейеді . хош иісі болады , әдемі гүл ашады , көңіл күййді көтереді .
Б) «Шарада» ойыны
Бұл ойында берілген буындар гүлдердің атын табу .
ІІ Негізгі бөлім .
А) Жаңа сабаққа кіріспе
Сөзжұмбақ арқылы тақырыпты ашып аламыз .
- Иненің серігі
- Жібек , шыт , атлас.
- Тігін құралы
- Кесте тігетін жіп
- Тігінші құралы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
- Екі бөлшекті өзара біріктіретін зат .
- Бөлме өсімдігінің аты
- Кесетін құрал
- Киіз үйдің төбесі
- Киіз үйдің қабырғасы
- Саусақтың басына киілетін темір қалпақ .
- Қолөнердің мата қиындысынан тігілетін түрі.
Панно |
Гербарий |
Икебано |
Табиғи материалдар, гүл шоқтары, жапырақ, мата фурнитуралар |
Кепкен гүлдер, жапырақтар, шөптер, дәнді дақылдар |
Кепкен гүл, жапырақ, шөп тал бұтақтары |
Гербарий – бұл кептірілген өсімдіктер коллекциясы . латын тілінен аударғанда «гербарий »сөзі « шөптер кітабы» деген мағына береді . Алайда гербарийде шөптер ғана емес , сонымен қатар ағаш жапырақтары, гүлдер де болуы мүмкін.
Икебано – Өсімдік түрлерінен құрастырған гүл шоғы өнерін айтамыз.
Панно – қоғамдық мәдени орындарды , үй ішін көркемдеу үшін жасалған өнер туындысы .
Ендеше бүгінгі сабақта біз панно жасап үйренеміз.
ІІІ Сарамандық жұмыс
Жапырақтардан «мерекелік гүл шоғын» құрастырып панно жасаудың нұсқау картасы .
№ |
Жұмыс реті |
Керекті құрал - жабдықтар |
Жасалу әдісі |
1 |
Ақ қатырма қағазды панно жасауға әзірлеу |
Ақ немесе түсті қатырма қағаздар |
|
2 |
Қатырма қағаз жиегіне түсті қағазбен жақтауша жасау |
Қатырма қағаз, қайшы, түсті қағаз, желім, қарындаш |
|
3 |
Дайын фонға үлгі бойынша жапырақтар жапсыру. |
Түрлі жапырақтар, желім |
|
4 |
Дайын бұйымның сапасын тексеріп, көрме ұйымдастыру |
Дайын панно |
|
Нұсқау картаны пайдалана отырып « мерекелік гүл шоғы» панносын жасау.
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
ІY. Қорытынды
Сұрақ-жауап арқылы біз гүл күлтесін жасаймыз .
1 .Панно дегеніміз не?
2. Гербарий дегеніміз не?
3. Икебано дегеніміз не ?
4. Қандай гүл түрлерін білесіңдер ?
5. Алда бізде қандай мереке келе жатыр ?
Сонымен біз гүл күлтесін жасадық . Бұдан 9 мамыр сөзі шықты .
9 мамыр күні қандай мереке болады ?
Неше жылдығы ?
Жеңіс бізге оңай жолмен келді ме ?
Кімдердің арқасында жеттік ?
Y Үйге тапсырма : Панноны аяқтау .
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |